Мазмұнға өту

Жаңа

«Қауын». Комедия («Қазақфильм», 1982 ж.)


Фильмнің басты кейіпкері - Болат кеңпейілдігімен, адалдығымен айналасына сыйлы жан. Қандай жағдай болмасын, біреуге көмектесуге әзір. Бір күні сол әдетімен сүйкімді қызға көмектесемін деп, ол пойыздан қалып қояды.

0
0
407

Якоб Фульсан – «Тур де Франс» қорытындысы бойынша жалпы есепте жетінші орында

АСТАНА. 22 шiлде 2013, 09:10. BNews.kz Неміс Марсель Киттель«Team Argos-Shimano» «Тур де Франс» француздық жарысының қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Екінші орында Германияның тағы бір өкілі «Lotto Belisol» Андрэ Грайпель болса, үшінші орынға британдық Марк Кэвендиш «Omega Pharma-Quick Step» жайғасты. Ал бат Якоб Фульсан «Астана» 27-ші орында. Жалпы есепте британдық Кристофер Фрум «Sky» жеңіске жетті. Одан соң колумбиялық Найро Кинтана «Lotto Belisol» және испандық Хоаким Родригес тұр. Фульсан 7-ші орынға орналасты. «Тур де Франс» 21-ші кезең 1. Марсель Киттель (Германия, «Team Argos-Shimano») – 3:06:14 2. Андрэ Грайпель (Германия, «Lotto Belisol») 3. Марк Кэвендиш (Ұлыбритания, «Omega Pharma-Quick Step») 27. Якоб Фульсан (Дания, «Астана») – +0,10 36. Энрико…

0
0
335

Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері болуы мүмкін

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 15:00. BNews.kz Испандық маман Луис Энрике «Барселонаның» бас бапкері қызметіне басты кандидат атанып отыр, деп хабарлайды Sport.es. 2013 жылдың маусымында испандық «Сельтаға» басшылық етуге келген 43-жастағы Энрике клубпен екі жылға келісімшарт жасасқан еді. Енді каталондықтар Энрикені шақырту үшін «Сельтаға» үш миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Атап өту керек, 2008-2011 жылдары Энрике «Барселона» жастар командасына, кейіннен италияндық «Ромаға» басшылық жасады. Сонымен қатар, бұл орынға үміткерлер қатарында Андре Виллаш-Боаш («Тоттенхэм»), Микаэль Лаудруп («Суонси»), Роналд Куман («Фейеноорд») және Эрнесто Вальверде («Атлетик») бар. Естеріңізге салайық, «Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы 44-жастағы Тито Виланова денсаулығының нашарлауына байланыст…

0
0
386

Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті

Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарағандыда өткен ауқымды республикалық турнирлердің біріне 2000-2001 жылы туған 288 спортшы қатысты.

Ойындар бір мезетте Қарағанды облысының екі стадионында: Сарандағы «Сұңқар» және Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтті.

Үшін орын үшін Жамбыл және Шығыс Қазақстан командалары кездесіп, 3:0 есебімен Жамбыл облысы жеңіске жетті. Финалда Алматы мен Павлодар облысының командалары бақ сынап, 4:0 есебімен алматылықтар басым түсті.

Ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

 

«www.bnews.kz».

0
0
384

«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

АСТАНА. 21 шiлде 2013, 09:18. BNews.kz

Белгілі болғанындай, румын Йоан Андоне «Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Андоне бапкерлік жұмысында 2004, 2008, 2012 жылдары Румынияның чемпионы және 2003, 2004, 2005, 2008 жылдары кубок иегері болған», — делінген хабарламада.

«Астананың» жаттықтырушылар штабына сондай-ақ Адриан Богдан мен дене шынықтыру бойынша маман италияндық Паоло Поточник кірді.

Келісімшартқа биылғы жылдың желтоқсанына дейін қол қойылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы басшылығының келісімімен «Астана» футбол клубы бас бапкер Мирослав Беранектің 12 шілде күні қызметтен кету туралы өтінішін қанағаттандырды.

 

«www.bnews.kz».

0
0
509

Бразилиядағы 2014 жылғы ӘЧ матчтары билеттерінің құны жарияланды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. 20 шiлде 2013, 17:44. BNews.kz Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионаты матчтары билеттерінің құнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. Айта кетерлігі, билет турнир қожайындарына қарағанда қонақтарға қымбатырақ сатылмақ. «ӘЧ-2014 қонақтарына арналған ең арзан билет 90 доллар тұрады. Ол шетелден Бразилияға келген жанкүйерлерге жарыстың топтық кезеңі матчтарының біріне кіруге мүмкіндік береді. Финалдық ойындар кезінде шетелдіктер трибунадағы бір орын үшін 440-тан 990 долларға дейін төлейді», — делінген хабарламада. Бразилия тұрғындары үшін ең арзан билет 15 доллар тұрады. Бұл бағаға студенттер, елдің 60 жастан асқан тұрғындары мен бірқатар әлеуметтік бағдарламаға қатысушылар топтық кезең матчтарына…

0
0
294