Мазмұнға өту

Жаңа

СҚО спортшысы Франциядағы веложарыста жеңіске жетті

Солтүстікқазақстандық Артем Захаров Франциядағы халықаралық үш күндік трек жарысының бір кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«Солтүстікқазақстандық Артем Захаров Франциядағы халықаралық трек веложарысына қатысты. Артем «Скрэтч» жарысында ең мықты атанды. Ол екі әлем чемпионынан озып кетті», — деп хабарлады тілшіге дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина.

0
0
294

Астанаға Франциядан велосипедпен 7 мың шақырым жүріп өткен спортшы келді

Бүгін «The Sun Trip» веложарысының қатысушысы Раф Ван Холь Астанаға бірінші болып жетіп, жоба жеңімпазы атанды деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра. «The Sun Trip: Астана ЭКСПО-2017 бағытында» атты веложарыс 15 маусымда Францияның Савойя қаласында басталған еді. Савойядан шыққан әрбір жарысқа қатысушы Астанаға дейін жүріп өту жолын өзі таңдаған. Велошабандоздар Венеция, София, Бухарест, Одесса, Ыстамбұл. Сочи, Баку, Атырау және Ақтөбе қалаларында тоқтап өткен. Жарыс мәресіне бірінші болып жеткен «Solar Wind» командасының өкілі Раф Ван Холь 38 күн ішінде 7 мың шақырымнан астам жерді «шайтан көлікпен» жүріп өткен. «Еуропа жұртшылығының көпшілігі Қазақстанның қандай ел екенін және мұнда кең шалқар әсем дала бар екенін білмеген. Сол…

0
0
298

Қарағандының «Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Футболдан Қарағандының »Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Аламан спорт сайты. «Қазақстан чемпионы БАТЭ (Белорусь) клубын ұтты. Борисов қаласында өткен кездесуде қарағандылықтар 1:0 есебімен ұтқан еді. Ал Қарағандыдағы кездесуде есеп ашылған жоқ. Біздің команда жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», деп көрсетілген жазбада. 68 минутта қонақтар сапынан Сергей Кривец пенальти соға алмады. Артынша «Шахтер» сапында ойынға жаңадан шыққан Игорь Зенькович 82 минутта керемет гол салып, үшінші кезеңнің жолдама мәселесін толық шешті. Осылайша екі ойында да жеңіске жеткен біздің чемпиондар еуротурнирдегі жолын ары қарай жалғастырады. «Шахтер» келесі өз алаңындағы ойынын Астана арена стадионында өткізеді. Қарағандыдағы стадион УЕФА стандартына…

0
0
336

Кукушкин келесі кезеңге өтті

Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді. Михаил Кукушкиннің келесі кезеңдегі қарсыласы аустралиялық Дейн Проподжи болады. Дейн алғашқы кезеңде еліміздің атынан сынға түскен Алексей Нестеровты қапы қалдырды. Екі сетке созылған ойындағы есеп 6:3; 6:1 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Ерлер арасында жарыстың басты жүлдесіне үміткер Израильден келгенДуди Села тағы бір жерлесіміз Денис Евсеевты жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:1; 6:2. Әйелдер арасында әлемдік рейтінгідегі көрсеткіші жоғары португалдық Мария Жоао Кохлер де келесі кезеңге сүрінбей өтті. Ол Тайландтан келген Нуднид Луаннды екі сет қорытындысы бойынша 6:1; 6:2 есебімен жеңді. Ес…

0
0
285

Футбол жаңалықтары

Еуропа алаңдарында трансфер маусымы қызып тұр. Футбол базарындағы соңғы ауыс-түйістерден хабардар болыңыздар! Кевин Гамейро «Севильяға» ауысты Францияның және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Кевин Гамейроиспандық «Севильяға» ауысатын болды. Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлап отыр. 26 жастағы футболшы жақын күндері испандық команданың медициналық тексеруінен өтеді. Гамейроның трансферлік ауысым құны 28 миллион еуроға бағаланған. 2012-2013 жылғы маусымда Кевин Гамейро «ПСЖ» сапында 25 кездесуге қатысып, соның 8-де ерекше көзге түскен екен. Нани «Манчестер Юнайтедтен» кететінін мәлімдеді Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсететін португалдық жартылай қорғаушы Луи́ш Нани команда ауыстыратынын мәлімдеді. Португалдық футболшы мен «қызыл сойқандар» арасындағы келісім-шарт 2014 жылға…

0
0
763

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Үндістан Ұлттық қорғаныс университетінде оқуға кандидаттарды іріктеу жариялайды

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне қабылдануға кандидаттарды іріктеу жүргізуде. Пуна қаласында орналасқан әскери академияда білім алуға тілек білдірушілер 15 шілде мен 26 тамыз аралығында жергілікті жердегі әскери комиссиариаттарға баруы тиіс. Білім алуға арналған квоталар саны шектеулі, академия курсанты атануға барлық үміткерлердің ішінен тек бес қазақстандық мүмкіндік алады. Кандидаттарғы мынадай бірқатар талаптар қойылады: - Үндістан Ұлттық қорғаныс универсситетінде оқу ниет білдірушінің қабылдану сәтінде бойдақ, 17-23 жас аралығында болуы тиіс;- орта білім туралы аттестаты болуы тиіс, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат міндетті емес;- ағылшын тілін еркін меңгерген және оны растайтын сертификаттары немесе дипломдары боуы тиіс;-…

0
0
389

Қазақстан Қарулы Күштерінде резервистерді даярлау жалғасуда

Семей қаласындағы оқу-жаттығу орталығының базасында лагерлік жиындардың кезекті кезеңі аяқталып, онда запастағы әскери міндеттілерді даярлау, запастағы сержанттар мен солдаттарды қайта даярлау және олардың әскери білімдерін жетілдіру жүргізілді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде әскери қызметшілермен жиын өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес жазғы оқу кезеңіндегі республикалық жұмылдыру даярлығы іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырылады. Әскери міндеттілер даярлық барысында әскери білімдерін арттырып, қару-жарақ пен әскери техниканы және оларды ұрыста қолдану тәсілдерін зерделеді, сондай-ақ оларды пайдаланудағы практикалық дағдыларын жетілдірді. - Әскери міндеттілерді даярлауда негізінен әскери лауазымдар бойынша міндеттерді табысты орындау үшін қажетті қ…

0
0
285