Мазмұнға өту

Жаңа

«Off Road Қазақстан» клубына – 10 жыл

Қазақстанда автомотоспорт федерациясы сонау 1992 жылы құрылғанымен, елімізде спорттың бұл түрі тек кейінгі кезде ғана қарқынды дами бастады. Бәрі де мұны Марат Әбіқаев бастаған «Off Road Kazakhstan» клубымен байланыстырады.

Бұл бекер емес. Құрамында Марат Нұртайұлын айтпағанда, Қанат Шағыров, Артур Ардавичус, Александр Линник сынды саңлақтары бар аталмыш команда «Дакардың» да дәмін татып, Африка жерін де таптап өткен. Биыл бұл ұжымөздерінің онжылдықтарын атап өтті.

Түсінген жанға бұл да бір кішігірім мерей­той. Кеше ғана сияқты болып көрін­гені­мен, содан бері талай нәрсе өзгер­ді. Отандық спортсүйер қауымның авто­жарыс­тарға деген түсінігі түбегейлі өзгерді.

Бұрын тек өзге командалардың қаты­суы­мен өтетін ралли жарыстарына қазақтың«сәйгүліктері» де қатыса бастады. Ел ішіндегі авто­до­да­лардың да ұйымдастыру деңгейі көтерілді. Мұның барлығына да Марат Әбіқаев баста­ған топ мұрындықболып отыр десек, артық айтпағанымыз.

Тіпті, «Off Road Kazakhstan» клубының Ар­тур Ардавичус бастаған жігіт­тері «Астана» атымен «Дакар» жарысына қатысып, 2011 жылы үздік үштіктен көрінді. Жалпы, ішкі доданы айтпағанда, халық­аралық аренада да беделдері зор. Команданың қалай құрылғанын бүгінде Марат Әбіқаев былай деп еске алады:

– Бұрыннан автоспортқа әуеспіз ғой. Әртүрлі кішігірім жарыстарды тамашалап жүретінбіз. Есімде, 1995 жыл болуы керек, елімізде «Джип» көліктері арасында «Үлкен-Бұғыты» жарысы ұйым­дас­ты­ры­лайын деп жатқанын естіп, Николай Мас­лов, Виталий Тарасенко үшеуміз көлік тауып, соған қатыстық. Ешқандай нақты талаптар болған жоқ. Тек «Джип» көлігіңболса, жарысқа қатыса береді екенсің. Бірін­ші кезеңде 2-орыннан көріндік. Екін­шісінде төрешілерді басып озып, жолдан адасып қалғанымыз есімде. Сөйтіп, жалпы есепте үздік ондыққа іліккенбіз. Кейін басқа да автожарыстарға қатысып жүрдік. Кейін Ресейдегі турнирлердің ұйым­дас­ты­ры­луын байқадық. Ол жақта барлығы бас­қаша екен. Кәсіби деңгейде.Қызықтық. Содан не керек, Қазақстанда да осындай автожарыстарұйымдастырып көрейік деген ниетпен «Off Road Kazakhstan» клубынқұрғанбыз.

Бұл 2003 жылдың ақпан айы болатын. Содан бастап «Off Road Kazakhstan» клубы­ның кубогы үшін турнирлер ұйым­дас­ты­рыла бастады. Автосүйерқауымның жарыс­тарға деген көзқарасы өзгеріп, енді ашық Қазақстан біріншілігіқолға алынды.

Ше­телдік саңлақтардың қатысуымен «Жеті­су-трофи», «Қара-Арша трофи», «Көш­пенді­лер-трофи», «Қапшағайлық Баха», «Тасты драйв» сияқты жоғары дең­гей­лі авто­жарыстар ұйымдастырылды.

Халық­аралық аренада 2008 жылы Денис Березовский мен Артур Ардавичус ралли жарыстарынан әлем кубогының иегері атанса, 2011 жылы Ардавичус, Бере­зов­ский және Денис Кузьмич басқарған жүк көлігі «Дакар» марафонындаүздік үштіктен орын алды.

2013 жылы Қанат Шағыров пен Александр Мороз «Африка эко рейс» супер­ма­ра­фонында жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысынан көрінді. Тізе берсең, бүгінде команданың мұндай жетістіктері өте көп.

Жалпы, «Off Road Kazakhstan» клу­бы­ның алдағы жоспарлары жетіп-артылады. Бәрін айтып қайтеміз, Марат Әбіқаев бас­таған жігіт­тер алдағы уақытта қазақжерінде әлем­дік деңгейдегі жарыстарды ұйым­дас­тыр­ғы­сы келетінін жасырмады. Егер осы қар­қын­дарынан таймаса, бұл мақ­саттарына да жетері анық.

Ал алдағы жұ­мада клуб өзде­рі­нің онжылдықтарына орай шығарған «Бә­рі қалай басталғаны есің­де ме?» деген кіші­гірім кинотуындысын көпшілікке ұсын­бақ.

«Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшылары:

Марат Әбіқаев, Сергей Нұртаев, Сергей Пономарев, Александр Линник, Андрей Чередников, Дмитрий Москалев, Игорь Ма­жинов, Қанат Шағыров, Ержан Тұң­ғыш­баев, Сергей Ерехин, Артур Ардавичус.

Марат Әбіқаев, «Off Road Kazakhstan» клубының негізгіқұрылтайшысы:

– Менің ең бірінші көлігім – «Жигули». Ақшаның басын құрап, сатып алғанмын. Өте көне болатын. Ұмытпасам, 1971 жылғы көлік қой деймін.Өзіммен жасты. Ал ең алғашқы жарысыма кәдімгі қарапайым «Мицубиси Паджеро» мінгенмін. Жалпы, «Off Road Kazakhstan» клубына кез келген автосүйер қауым келіп тіркелсе болады. Тек өз көлігі болса, жеткілікті.

Игорь Мажинов, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшысы:

– Негізі, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылуы туралы құжатқа меніңкабинетімде қол қойылған. Өзім де бұрыннан көлікке әуеспін. Бірақ кейінгі кезде спорттың бұл түрінен аздап алшақтап кеттім. Қазір «Қайрат» шағын футбол клубына демеушілік көрсету жағына көңіл бөліп жүрмін. Бірақжақын болашақта автожарысқа қайта оралу ойымда бар.

Қанат Шағыров, «Off Road Kazakhstan» клубының құрылтайшысы:

– Ең алғашқы жарысым әлі есімде. «Тойота Лэнд Крузер» көлігінде жарыстық. Ешқандай тәжірибеміз жоқ, сол жолы барлығы сегіз дөңгелекті жарамсыз етіп жарыппыз. Өзіміздікін бітірдік, біреуден қарызға сұрадық,әйтеуір әупірімдеп жарысты аяқтадық. Сол жолы бізге «Ең көп дөңгелек жарғаны үшін» деген ерекше грамота берген болатын.

Александр Линник, «Off Road Kazakhstan» клубыныңқұрылтайшысы:

– Көбісі «ең қауіпті қай жарыс, мотоцикл ме, квадроцикл ме, әлде автожарыс па?» деп сұрап жатады. Оларға «бұлардың ешқайсысы қауіпті емес, жарыс барысында ақылыңнан адасу қауіпті» деп жауап беріп жатамын. Өзім соңғы кездері квадроциклге әуес болып жүрмін. «Африка эко рейс» тарихында квадроцикл мінген бірде-бір шабандоз жарысты соңына дейін жеткізе алмапты. Менің алдағы арманым – осы жарыста соңына дейін жету.

 
0
0
357

Серік Сәпиев «футбол патшасы» Пелемен бір қатарда

Қазақстандық боксшы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев спорт саласындағы ерекше жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО Чемпионы» дегенқұрметті атаққа қол жеткізді. Бұл туралы «Астана Спорт» басылымы хабарлап отыр.

 

«Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» (UNESCO Champion for Sport) — жас ұрпақтың болашағы үшін дене шынықтыру мен спортты насихаттап, барша әлемде ЮНЕСКО идеясын таратуға ықпал еткенәлемдік дәрежедегі танымал спортшыларға берілетін атақ.

—      Бұл аса құрметті атақ, ЮНЕСКО-ның бұл атағына лайықты болып танылғаныма қуаныштымын, — деді Серік Сәпиев. — Бұл туралы маған Иманғали Нұрғалиұлы хабарлады, ол әлемде «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» атағы 12 рет қана берілгенін айтып,құттықтады. Бұл мен үшін асқан құрмет. Спортты бұдан әрі дамытуүшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін» - деді.

Бұл құрметті атаққа ең алғаш неміс шабандозы, «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахер, 1994 жылдан бергі ізгі ниет елшісі Эдсон Арантис ду Насименту — атақты Пеле, әлемдік додалардың және Олимпиадалардың чемпионы француз дзюдошысы Давид Дуйе, қадамен секіруден әлемдік рекорд орнатқан Украина спортшысы Сергий Бубка, аты аңызға айналған хоккейші, екі дүркін олимпиада чемпионы Вячеслав Фетисов, ауыр салмақтағы әлем чемпиондары, ағалы-інілі боксшылар Виталий және Владимир Кличко, WTA теннисшісі, «Үлкен Дулығаның» жеті рет жеңімпазы, олимпиада чемпионы Жюстин Энен, екі дүркін олимпиада чемпионы, литвалық жеңіл атлет Виргилиус Алекна, белгілі ямайкалық жеңіл атлет, олимпиаданың үш дүркін чемпионы Вероника Кэмпбелл-Браун, монғол сумо балуаны Хакухо Сё, жағажай волейболынан олимпиада чемпионы бразилиялық Жаклин Силва, белгілі уругвайлықфутболшы және жаттықтырушы Оскар Табарес сынды спортшылар қол жеткізген. Енді бұл қатарды жерлесіміз Серік Сәпиев толықтырып отыр.

Құрметті атақты табыстаудың салтанатты рәсімі Парижде БҰҰ-ныңштаб пәтерінде өтеді. Бірақ диплом қазақстандық боксшыға 22-23 тамызда Астанада өтетін 2013-2022 жылдар кезеңінде мәдениеттердіңжақындасуы халықаралық онжылдығын ұлықтау жөніндегі халықаралықфорум шеңберінде табыс етілуі мүмкін.

 
0
0
477

Осы жарыста жүлде бұйырмай жүр

Испанияның Барселона қаласында су спорты түрлері бойынша 15- ші әлем чемпионаты өтуде. Екі жылда бір ретұйымдастырылып тұратын бұл жарыстан қазақстандықтар да тыс қалмады.

 

Жекелей сында өнер көрсететін отандастарымыздан бөлек, су добынан қос құрамамыз (ерлер және әйелдер) да додаға араласты. Жалпы су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында біздің елдің өкілдері бірде бір рет жүлдегерлер қатарына іліге алмаған. Биыл суға секіру, жүзу, ашық суда жүзу, синхронды жүзу және ватерпол сияқты дәстүрлі спорт түрлеріне құздан секіру жаттығуы қосылып, чемпионат бағдарламасы толыға түсті. Жарысқа қатысушылар барлығы 68 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады. Олардың дені жүзу спортына тиесілі екенін де айта кетейік.

Жарысқа алғашқылардың бірі болып су добынан ерлер мен әйелдерқұрамамыз араласты. Алдымен қыздарымыздың өнеріне назар аудардық. Кезінде даңқты ұжым – Алматының «Динамосын» алға сүйреген білікті бапкер Станислав Пивоваров жаттықтыратын Қазақстан әйелдерқұрамасы алғашқы күні Италия елінен клеген шеберлерге 7:9 есебімен жол берді. Аса тартысты өткен бәсекеде отандастарымыздың жеңіске жетер тамаша мүмкіндігі болды. Осы күні біздің командамен бір топтағы венгрлер Бразилия құрамасын 20:6 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

 

Екінші ойын күні қыздарымыз бразилиялықтармен шеберлік байқасты. Футболды қарыштатып дамытқан елдің өкілдері су добын жетік меңгерген деп айта алмаймыз. Олар әлемдік додаларға тұрақтықатысып жүрсе де мықтылар санатына еніп көрмеген. Дегенмен бразилиялықтар кездесудің алғашқы бөлігінде қолдан келгеншеқарсыласып бақты. Ойынның бұл ширегінде 2:2 есебі тіркелді. Үзілістен кейін-ақ қазақстандықтар қарқынды күшейтіп, қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол енгізді. Үшінші кезең де осыған ұқсас сценарий бойыншаөрбіді. Бұл жолы бразилиялықтар екі рет қақпаларынан доп алып шықты. Шешуші кезеңде аздап босаңсыған отандастарымыз 2:3 есебімен жеңіліпқалды, дегенмен қорытынды нәтиже 9:5 Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы екі ұпайды олжалады. Осы күні «D» тобындағы өзге кездесуде венгр қыздары Италия құрамасын 10:4 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша 2 кездесуде 2 ұпай жинаған Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобында 2- орынға жайғасты. Бұнда ұпайдан шашау шығармаған Венгрияқұрамасы алда тұр. Италия қыздарының еншісінде де 2 ұпай бар, бірақолар голдық көрсеткіштері төмен болғандықтан отандастарымызға жол берді. Әзірге ұпай олжалай алмаған Бразилия спортшылары соңғы орында қалып келеді. Олар соңғы кездесуде Италия құрамасын ұтады дегенге сену қиын.

Пивоваров шәкірттері топтық кезеңдегі үшінші кездесуін венгрқыздарымен өткізеді. 2011 жылы өткен әлем чемпионатында АҚШ, Нидерланды және Венгрия командаларымен бір топқа түсіп, барлықкездесуінде ұтылған Қазақстан әйелдер құрамасы биыл аздап болсын көрсеткішін түзетті. Су добынан ерлер құрамамыз да жарысты жеңіліп бастады. Бірнеше жылдан бері Сергей Дроздов жаттықтырып келе жатқан командамыз Германия құрамасына қарсы тұрған болатын. ойын шиеленісті жағдайда өтті. Алғашқы кезеңде қос қарсылас үш үштен гол соғып, тең тарқасты. Үзілістен кейін біздің спортшылар қарсыластың үш бірдей нәтижелі шабуылына тосқауыл қоя алмады. Үшінші кезеңде де неміс ватерполшылары еш мүмкіндік бермей, 3:1 есебімен алға шықты. Тек кездесудің шешуші бөлігінде дүр сілкінген отандастарымыз төрт бірдей жауапсыз гол соқты, бірақ қорытынды нәтижеде 9:8 есебімен жеңіске жеткен немістер алғашқы ұпайларына ие болды. Осы күні бізбен бір топтағы Италия мен Румыния құрамалары өзара шеберлік жарыстырып, онда Аппенин түбегінің өкілдері 10:4 есебімен басымдықтанытты.

 

Сәрсенбі күні отандастарымыз румын спортшыларымен сынға түсті. Ойынның алғашқы бөлігінде бір ғана гол тіркеліп, жерлестеріміз алға шықты. Үзілістен кейін екі жақ қос қостан доп енгізді. Ал ойынныңүшінші ширегінде отандастарымыз 4:1 есебімен озық шықты. Шешуші кезеңде намысқа тырысқан румындар бір гол соқты, бірақ 7:4 нәтижесімен қорытындыланған бәсеке біздің құрамаға екі ұпай сыйлады. Топтық кезеңнің 2- турынан кейін Қазақстан ерлер құрамасы өз тобында 2- орынға көтерілді. Біздің команда мен Италия құрамасының ұпай саны бірдей, алайда гол айырмасы жөнінен басымдыққа иеміз. Мүмкін болған төрт ұпайды еншілеген Италия құрамасы көш басында келеді. Бүгін отандастарымыз дәл осы ұжыммен бәсекеге түсетін болады. Италиялықтар осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Шанхай қаласындаөткен әлемдік додада жеңімпаз атанғанын естеріңізге сала кетейік.

2011 жылы біздің су добы шеберлеріміз топтық кезеңде бірде бірұпай олжалай алмай, жарысты абыройсыз аяқтаған. Ол кезде командамыз Венгрия, Черногория және Испания құрамаларынан кезек кезегімен ірі есеппен ұтылып, жанкүйерін жерге қаратқан еді. Су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында АҚШ, Қытай, Ресей, Австралия елдерінің өкілдері сәтті өнер көрсетеді. Мәселен екі жыл бұрын Шанхайдаөткен жарыста командалық жалпы есепте Қытай мен АҚШ текетіреске түсті. 17 алтын, 6 күміс және 9 қола жүлдені иеленген америкалықтар Майкл Фелпс және райан Лохте сынды саңлақтарының арқасында жалпы есепте топ жарды. 15 алтын, 13 күміс және 8 қола медальді еншілеген жарыс қожайындары 2- сатыға жайғасты. Үздік үштікті түйіндеген ресейліктер 8 алтын, 6 күміс пен 4 қола жүлдені иеленген болатын.

 
0
0
632

«Астана» «Тур де Франс» жарысында 26 540 мың еуро табыс тапты

АСТАНА. 25 шiлде 2013, 15:54. BNews.kz

«Тур де Франс» велокөпкүндігінің нәтижесі бойынша қазақстандық «Астана» командасы 26 540 мың еуроға ие болды, деп хабарлады Sports.kz.

Ең көп сыйақы — 525 690 мың еуроға британдық «Sky Procycling» командасы ие болды. Екінші орында «Movistar» — 344 980 мың еуро және үшінші орында «Saxo-Tinkoff» — 205 780 мың еуро. Қазақстандық команда тапқан табыс сомасы бойынша 16-шы орынға тұрақтады.

 
0
0
302

«Ақтөбе» жарады

Өз алаңында Норвегияның «Хедд» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген «Ақтөбе» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Енді жерлестеріміз Исландия чемпионатыныңкүміс жүлдегері «Брейдаблик» командасымен кездеседі.

«Ақтөбе» (Қазақстан) — «Хедд» (Норвегия) – 2:0

Голдар: Давыдов, 6. Давыдов, 61.

Ескерту: Эурснес, 77.

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Кенжесариев, Логвиненко, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе (Харабара, 77), Давыдов (Тағыберген, 85), Гейнрих (Гридин, 90).

«Хедд»: Лие, Мольту, Брандаль, Тернквист, Вибе (Торсет 64), Сандаль, Хелланн, Магнуссен (Йельмесет 85), Рекдаль, Эурснес, Стандаль (Эртсос 63)

Бас төреші: Мете Калкаван (Түркия)

Бірінші ойын – 0:1.

 

Шыны керек, жеңіске қанша күш қажет болса, жерлестеріміз сонша күш жұмсады. Артық тыраштанған жоқ. Өздеріне өте сенімді болды. Салған беттен шабуылға көшіп, жылдам гол соғып алды да, екіншісін екінші таймның орта тұсына таман соқты. Сөйтіп, 2:0 есебінеқол жеткізген «Ақтөбе» ойынның қалған бөлігінде тек допты негізінен өз бақылауларында ұстап, викингтердің ұрпақтарына еш мүмкіндік берген жоқ.

Енді Владимир Никитенко шәкірттері Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Исландияның «Брейдаблик» командасымен текетіреседі. Бірінші ойын тамыздың 1-інде Ақтөбеде өтсе, жауапты кездесу 8 тамызда Коупавогюр қаласында ұйымдастырылады.

Владимир Никитенко, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері:

—       Түзде жеңіліп қалғаннан кейін өз алаңымызда міндетті түрде есеқайтаруымыз қажет болды. «Хедд» өте сауатты ойнайтын команда. Бізді біраз шаршатты. Дегенмен, өз қақпамызды голдан аман сақтап,қажетті голдарды соға білгеніміз үшін қуаныштымын. Жігіттер шаршап қалды. Ертең «тірілерді» санап, ел біріншілігінің алдағы турына қай футболшыларды шығаратынымызды шешеміз. Келесіқарсыласымыз да өте азулы. Сондықтан, бізге оңай болмайды.

Ларс Арне Нильсен, «Хедд» футбол клубының бас бапкері:

—       «Ақтөбе» өте алымды команда, ал Қазақстан керемет ел. Бізгеұнады. Стадион да толып отырды. Бірінші рет біздің ойынға 13 мыңжанкүйер жиналып отыр. Бұл біз үшін ұмытылмас күн. «Ақтөбеге» келесі іріктеу кезеңінде тек сәттілік тілеймін.

Алаштың аренасы

 
0
0
363

Трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының отырысы

24-25 шілде аралығында Атырау қаласында трансшекаралық өзендерді қолдану және қорғау мемлекетаралық комиссиясының  III (XXI) отырсы өтті.

Екi ел аралығындағы ынтымақтастық 7 трансшекаралық өзен – Орал, Ертiс, Есiл, Тобыл, Қиғаш, Үлкен және Кіші Өзен арқылы жүзеге асырылады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-112/

0
0
411

Орал өзенінің суы таязданып барады

Орал өзенінің бүгінгі жағдайы табиғат жанашырларының үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр.

Егер бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырмаса, онда Оралдың орнын сипап қалуымыз мүмкін. Осыған орай Атырауда трансшекаралық өзен суының таяздануы мен оны ысырапсыз қолдануға байланысты Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының отырысы өтті. Орал өзенінің күн санап таязданып бара жатқандығы бірінші рет айтылып тұрған жоқ. Бірақ одан нәтиже аз. Осыны  меңзеген бүгінгі комиссия мүшелері өзен суының азаюы  кез келген уақытта қоршаған ортаға залалын тигізетіндігін айтуда.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-110/

0
0
559

Атырау облысы: Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясы су мәселесін талқылауда

Атырауда трансшекаралық өзенді қорғау және бірігіп пайдалану жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының отырысы өтуде. Жиын барысында екі ел үшін маңызды деген – көктемгі су тасқыны, су қоймаларын толтыру және халықты, экономиканың әр саласын сумен қамтамасыз ету секілді мәселелер бар. Сонымен қатар, мемлекетаралық жиында су қорғау шараларын ұйымдастыру мен трансшекаралық өзендердің жағдайын жақсарту да әңгіме өзегіне айналды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-106/

0
0
328

Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге запастағы офицерлер шақырылуда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде офицерлік құрам лауазымдарын келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтаудың жаңа жүйесі бойынша запастағы офицерлермен жасақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Еліміздің барлық өңірлерінде үгіттеу-түсіндіру сипатындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі туралы хабардар ету жүргізіліп келеді.

Халықты қамту ауқымын ұлғайту мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 61 пункті құрылды, олардың ішіндегі 34 стационарлық пункт қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың базасында өрістетілсе, 11 пункт халыққа қызмет көрсету орталықтарында әрекет етуде. Бір пункт Астана қаласының темір жол вокзалында жұмыс істеуде. Бұдан басқа республика бойынша келісім-шарт бойынша әскери қызметке іріктеудің 15 жылжымалы пунктінің жұмысы ұйымдастырылған.

2013 жылдың наурыз айынан бастап әскери қызметке қабылдау пункттері арқылы 2000-ға жуық адам кеңес алып, 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке қабылдау туралы баянат жазды.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы қалаларының және Алматы және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде кандидаттарды іріктеу іс-шаралары жүргізілді. Қарулы Күштерде қызмет етуге ниет білдірген 697 кандидаттың ішінен 300-ге жуық даярлығы жоғары запастағы офицер таңдап алынды.

Жасақтаудың жаңа жүйесі запастағы офицерлерді орталықтандырылған іріктеу жолымен әскери қызметке қабылдауды көздейді. Бұл құжаттарды қарау, шешім қабылдау мерзімдерін қысқартуға, Қарулы Күштерді запастағы әскери қызметшілермен жасақтау тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қазан айында іріктеу іс-шаралары Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізілетін болады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
510