Солтүстікқазақстандық акробаттар «Ертіс таңы» жарысында алтын медаль иеленді
Солтүстікқазақстандық акробаттар «Ертіс таңы» халықаралық турнирінде 2 алтын және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.
«Павлодарда «Ертіс таңы» атты спорттық акробатика, акробатикалық кілемшеде және батутта секіруден халықаралық жарыс өтті. Турнирге Ресей, Солтүстік Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстаннан келген 320 спортшы қатысты», – деді BNews.kz тілшісіне дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина.
«Ертіс таңы» – Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесінде бекітілген Қазақстандағы жалғыз жарыс.
Солтүстікқазақстандық Виталий Делль мен Яна Никитина акробаттық кілемшеде секіруден екі алтын медальді иеленді.
Әйелдер жұбыныда Алина Абуталипова мен Алина Гасимова, аралас жұпта Александр Затов пен Анастасия Бейсембаева, ерлер жұбында Бауыржан Мағжан мен Денис Никитин қола жүлдені иеленді.
«www.bnews.kz».

