Мазмұнға өту

Жаңа

Касса алдында болған нағыз ажиотаж!

Кеше әріптесімнің туған күнін атап, достардың үйіне қонып, бүгін таңертең жұмысқа шығып бара жатқанда, Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадион кассасы алдында мынадай картинаны көрдім. Жергілікті Ақтөбе мен Норвегияның Хедд футбол клубтары арасында Еуропа лигасы шеңберінде өтетін матчқа билет сатылып жатыр екен. Бармайм ба, жақындап, кезекке тұрып. Сағат таңғы тоғыз. 5 касса ашылды, кезек жаймен бұзыла бастады, тіпті бір касса алдында екі кезек тізбегі пайда болды. Билет сатып алғандар, адам көптігі кесірінен кейін шыға алмай кассаның төбесімен және оның жанындағы ағашқа секіріп шығып жатты. Одан кейін бұны көрген билет сатушылар кассаларды жапты, одан кейін полиция қызметкерлері келді, қайта ашты, қайтадан кептеліс басталды, қайта жапты кассаны. Солай 3-4 рет қайталанды. Сода…

-4
0
770

Елбасы жолдауы –жарқын болашаққа бағдар

Елбасының бүгінгі Халыққа жолдауы біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Мұның өзі бұрыннан бері дәстүрге айналып келе жатқан игі жақсылық. Сондықтан да оны біз бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қызу қолдап отырмыз. Ел келешегінің айқын айнасы ретінде қабылдап отырмыз. Сонымен қатар осы жолдау алғашқылардан ерекше. Өйткені Елбасымыз «Қазақстан 2050» атты жаңа стратегия жариялаған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы осы жолдауында дін мәселесіне айрықша тоқталған болатын. Өйткені соңғы кездері теріс бағыттағы діни ағымдар мәселесі қоғамда көптеген сұрақтар тудыруда. Осындай әр түрлі сұрақтарға жауапты Елбасы тапқан болатын. «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни кө…

0
5
5734

Мақсатыңды анықта

Нәтиже болу үшін, мақсат болуы шарт екендігі белігілі. Соған қатысты жасалынатын әрекеттерді анықтауға арналған жеті сұраққа жауап бер. Бірінші сұрақ. Қандай бес құндылық сенің өміріңе шын маңызды? Бұл сұрақ саған, шындығында маңызды, аса маңызды емес, тіпті маңызды емес саған қатысты бағытты айқындауға көмектеседі. Өзіңе маңызды бес бағытты жазғаннан кейін, соның ішіндегі орындалыс тапсын деген қатарда, приоритетіне қарай орналастыр.Сенің құндылықтарыңды анықтау мен таңдау жасай білетіндік қабілетің мақсаттарыңды ашық ұстауға, оның орындалуына септігін тигізетіндігін ұмытпа. Сонымен қатар, сенің жеке құндылықтарың тұлғалығыңның бет пердесі, анықталған бағыттар алдыңды ашық көрсетіп, таңдау – өмір салтыңды өзгертуге әсер ететіндігін байқайсың. Екінші сұрақ.Дәл қазырғы таңда ең басты үш ма…

0
0
1403

Жайдарман. Жасыбай толқыны.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Жайдарман ойындарының "Жасыбай толқыны" жазғы кубогы болды.

Ойынға жоғарғы лиганың да, премьер лиганың да командалары арасынан 13 команда қатысты.

Он үш команданың ішінде барлығы даәзілімен халықты қыран-топан күлкіге қалдырды. Жасыбай көлінің жағасында демалып жатқандарға керемет сыйлық болды бұл ойын :)

Командалардың ойынынан аз-маз суреттер:

"Жасыбай толқыны" жазғы кубогы Күлтегін командасы жеңіп алды.

Әрі керемет демалыс, әрі керемет ойынды ұйымдастырып қайтқан Жайдарманшылар Жасыбай көлінің жағасына жыл сайын келуді әдетке айналдырған.

Баянауылдың табиғаты да керемет. Көзді арбайды.

0
0
1936

Семейде Әскери әуе күштерінің жаңа авиациялық базасы ашылды

Семей қаласында жаңа әскери авиациялық база ашылды. Осы оқиғаның құрметіне орай әскери аэродромда авиабаза жеке құрамының қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Семей қаласы әкімдігінің өкілдері және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. «Жаңа Семей» аэродромында құрылған әскери бөлімді жасақтау үшін «Үшарал» аэродромындағы авиациялық база көшірілді. Көші-қон үдерісі ағымдағы жылғы маусым айында басталған болатын. Әскери бөлімнің материалдық, авиациялық-техникалық мүліктері теміржол және әуе эшелондарымен тасымалданды. Әуе эшелонымен әскери техника мен мүліктерді тасымалдау үшін Ан-12 ұшағы мен Ми-26 тікұшағы пайдаланылды. «Бескөл» теміржол бекетінен «Жаңа Семейге» 40-тан астам теміржол платформасынан тұратын эшелон Үшарал авиабазасының авто және арна…

0
0
561

Қаржы полициясы Павлодар облысында су құбырының құрылысына бөлінген 153 млн.теңгенің ұрлануын анықтады

2013 жылғы 16 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы А. Күлжановқа және «КазСтройСервис-7» ЖШС жетекшісі Б. Сыдықовқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Олар 2012 жылғы желтоқсанда Павлодар облысының Заринский ауылдық округының аумағында суару үшін су құбырының құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 153 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған деп күдіктенуде.

22 шілдеде Күлжанов ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
269

«Шексіз әлем». Тарихи драма (Канада, Германия, Ұлыбритания, 2012 ж.). Режиссері: Майкл Кейтон-Джонс

Фильмдегі оқиға желісі 1300 жылы ағылшыннның Кингсбридж қаласында өрбиді. Бұл Франциямен соғыс өрті тұтанғалы тұрған, әрі Европаны оба ауруы жайлап бара жатқан, ел үшін өте қиын кезең еді. Осы кезде Кингсбридж тұрғындарының арасында Англия королі беймәлім жағдайларда қаза болды, деген сөз тарайды...

0
0
302