Мазмұнға өту

Жаңа

Азия чемпионатын жеңіспен бастадық


Азия чемпионаты баскетболдан логосы

Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті.

Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті.

Бұл ойында Антон Пономарев құрама қоржынына 21 ұпай, ал «жаңа қазақ»Джерри Джонсон 15 ұпай салды. Қалған ойыншыларымыздың техникалықкөрсеткіштері:

Рустам Мырзағалиев – 13 ұпай, Дмитрий Климов – 12 ұпай, Рустам Ерғалиев – 7ұпай, Виталий Лапченко – 6 ұпай, Константин Двирный – 4 ұпай, Александр Жигулин – 3 ұпай.

*  *  *

11 тамызға дейін созылатын ХХVІІ Азия чемпионатына «Сарықұрлықтың» 16үздік құрамасы қатысуда. Олар төрт топқа тең бөлінген. Қазақстан құрамасыҮндістан, Бахрейн және Таиланд баскетболшыларымен «D» тобына түсті.

Қазақстан құрамасы ертең Бахрейн, ал cенбі күні Үндістан баскетболшыларымен кездеседі. Бұл – Азия чемпионатының бірінші кезеңі ғана. Содан соң төрт топта 1-3-орындарға ие болған 12 құрама екі топқа жіктеледі.

Нақтырақ айтқанда, «А» және «В» топтарында алғашқы үш орынға ие болған алты құрама «Е» тобын құрайды. Ал «С» және «D» топтарында 1-3-орын алғандар «F» тобында додаға  түседі.

Бұл Азия чемпионатының екінші кезеңі болып табылады. Мұнда бірінші кезеңде бір топта ойнаған құрамалар бір-бірімен кездеспейді. Яғни алғашқы топтықкезеңдегі ойындарының нәтижелері екінші кезеңде де есепке алынады. Тек басқа топтан келген үш командамен кездесіп шығады.

Содан соң бес ойынның қорытындысы бойынша ширек финалға шығатын сегіз команда анықталады. Яғни екінші кезеңдегі «Е» және «F» топтарында 1-4- орындарды еншілеген азулы құрамалар ширек финалға шығады.

Ширек финалда додаға түсетін жұптар үлгісі алдын-ала бекітіліп қойған: Е1 – F4, Е2 – F3, Е3 – F2, Е4 – F1.

Осы төрт жұпта жеңіске жеткендер жартылай финалға шығып, әрі қарайүйреншікті жүйемен Азия чемпионатының жүлдегерлері анықталады.

Бірден айтайық, биылғы Азия чемпионатының жүлдегерлері 2014 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын болады. Сондықтан жүледі орындарға ие болудың бағасы да, маңызы да зор болмақ.

Қазақстан құрамасы биыл алдына үлкен мақсат қойып, үздік үштікке ілігуді көздеп отыр. Яғни келесі жылы әлем чемпионатына қатысу мақсат тұтылуда.

Осы орайда айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы кезеңіндегіқарсыластарымызды ұтуға болатын сияқты.

Ал екінші кезеңде өте қиын болады. Себебі «С» тобына Азия баскетболыныңөңшең ығай мен сығайлары түскен. Атап айтқанда, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары екінші кезеңде біздің жігіттермен «F» тобында бірге ойнауы тиіс.

Қазақстан құрамасы биылғы Азия чемпионатына егжей-тегжей дайындалды. Бірінші кезекте, құрама тізгіні «Астана» клубының бас бапкері, Италия маманы Италия маманы Маттео Боничиоллиге ұстатылды.

Содан соң құрама сапы «Астана» клубы сапындағы америкалық ойынүйлестіруші Джерри Джонсонмен күшейтілді. Ұстараның жүзіндей лыпылдаған Джерри Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің намысын қорғауға келісімін берді.

Үшіншіден, осыдан бірер жыл бұрын «Барселона» (Испания) клубына ауысып кеткен Александр Жигулин шақыртылды. Бұған дейін оны ұлттық құрама сапына шақырту қиындықтар туғызып келген.

Ал биыл ел баскетболының қамын ойлаған іскер азаматтар «Барселона» клубымен де, Жигулинің өзімен де тіл табысып, күрмеуі күрделі түйінді түпкілікті шешкендей.

Сонымен қатар осы Азия чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы манилада жаттығу жиынын өткізіп, екі жолдастық кездесу өткізді. Әуелі Филиппинқұрамасынан 89:92 есебімен ұтылып қалса, одан соң жергілікті «Сан Мигель Кофе Миксерс» клубынан 87:82 есебімен басым түсті.

Осы ретте айта кетуге тиіспіз, Филиппин құрамасы – өте азулы команда. Бес дүркін Азия чемпионы. Бұл жетістік жағынан олардан тек Қытай құрамасы ғана озық. Қытай баскетблшылары – Азияның 15 дүркін чемпиондары. Қалған алты Азия чемпионатында екі реттен Иран, Оңтүстік Корея және Жапония жігіттері жеңімпаз атанған.

Жалпы, қазір баскетбол Азияда қарқынды түрде дамып келеді. Көптеген елдердің құрамаларының сапында Америка баскетболшылары ойнайды. Солардың бірі – Қазақстан құрамасының «D» тобындағы қарсыласы Бахрейн елі.

Бас бапкерді де АҚШ-та шақыртқан Азия мемлекеттері көп-ақ. Мысалы, «D» тобындағы біздің жігіттердің басты қарсыластары Үндістан құрамасын Скот Флеминг деген маман жаттықтырады. Яғни Қазақстан құрамасына жүлделі орындардың біріне ие болу мүлде оңай болмайды.

Десек те, үмітімізді үзбейміз. Біздің баскетболшылардың көбісі – екі жыл «ВТБ бірегей лигасында» шыңдалып, тәжірибе жинаған жігіттер. Енді солардыңтомағасын сыпырып, бұғаналары әлдеқашан бекіді ғой деп, дүлей додаға қосып отырмыз.

Ал Қазақстан құрамасының толық құрамы төмендегідей:

№Аты-жөніҚай клубтан
4Тимур Сұлтанов«Астана»
5Джерри Джонсон«Астана»
6Рустам Мырзағалиев«Астана»
7Михаил Евстигнеев«Астана»
8Виталий Лапченко«Каспий», Ақтау
9Николай Бажин«Тигры-ЕНУ», Астана
10Константин Двирный«Тобыл», Қостанай
11Антон Пономарев«Астана»
12Дмитрий Климов«Астана»
13Рустам Ерғалиев«Астана»
14Леонид Бондарович«Барсы», Атырау
15Александр Жигулин«Барселона», Испания

Нұрғазы САСАЕВ

 
0
0
623

«Ақтөбе» «cиқырлы қақпаның» құлпын бұзды


футболисты клуба Актобе

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдаблик» командасын жеңді. Марат Хайруллиннің соңғы минуттағы  пенальтиден соққан голы ойын тағдырын шешті.

«Ақтөбе» — «Брейдаблик» (Коупавогюр, Исландия) 1:0

 

Гол: Хайруллин, 90-пен.

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Арзуманян (Кенжесариев 61), Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук (Гейнрих 73), Кападзе, Давыдов (Гридин 79)

«Брейдаблик»: Гуннлейфссон, Троост, Ингасон, Йонссон К., Маргейрссон, Хрейдарссон, Лидссон (Элисабетарсон 79), Гардарссон (Сигурдссон Э. 64), Йеоман, Рохде, Хрейнссон (Вильяльмссон 87)

Бас төреші: Либор Коваржик (Чехия)

Ақтөбе. «Орталық». 13500 көрермен.

 

Алғашқы тайм басталысымен «Ақтөбе» қарсыластарын қысымға ала бастады. 5 минутта Сергей Давыдов қақпашымен бірге-бір шыққан-ды, алайда футболшы допты қолына тигізіп алды. Кездесудің 15 минутында Петр Бадло қонақтардың қауіпті шабуылының бетін қайтарды. Бірсыдырғы өрбіген ойын қос ұжымның бір-бірінің осал тұстарын аңдумен жалғасын тапты. Доп ұстау басымдығын өз пайдасында ұстаған «Ақтөбе» командасының шабуылшылары әлсін-әлсін қарсылас қақпасын мазасын алумен болды. Алайда исландиялық клуб ойыншылары да қорғаныс шебінде сауатты ойнай білді десек болады. Бірақ алғашқы таймда асақауіпті сәттер аз кездесті.

Чех төрешісінің ысқырығы шалынысымен «Брейдаблик»ойыншылары доп ұстау басымдығын арттыра түсуді мақсат еткендей. 50 минутта Марат Хайруллиннің бағыттаған соққысы әлсіз шықты. Жергілікті жанкүйерлер жерлестерін барынша қолдаумен болды. Кездесудің 60 минутында Эмиль Кенжисариевтың алаңға шығуымен жергілікті команданың шабуылы жандана түсті. 65 минутта қонақтарқақпашысы аса қауіпті соққыны қайтара білді. Қонақтар да шабуылда жиі бой көрсетумен болды. 77 минутта Сергей Давыдовтың баспен бағыттаған соққысы қақпашы қолынан табылды. Кездесудің соңғы минутында Марат Хайрулиннің жойқын соққысы тағы да қақпаға дарымады. 89 минутта «Брейдаблик» қақпасына пенальти белгіленді. Марат Хайруллин 11 метрлік айып добын сәтті орындап есепті ашты. Соңғы минут «кеншілер»ұжымына гол сыйлады. Алайда «Ақтөбенің» есепті еселеуге керемет мүмкіндіктері болған. Бірақ сәттілік жолдас бола бермеді. Осылайша Владимир Никитенко баптайтын жерлестеріміз бір доп айырмасымен жеңіске жетті.

«Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы қарымта кездесу 8 тамызкүні Исландияда өтеді.

 

Өмірбек Сансызбай,

«Массагет.кз» сайты

 
0
0
469

Гарет Бэйлдің құнына жаңа команда құру

футболисты

«Реал» командасының Гарет Бэйл үшін ұсынып отырған сомасына жазғы маусымда жаңа команда құруға болатын еді.

Испан журналистерінің сөзіне сенсек, «корольдік клуб» валиялық ойыншы үшін 100 миллион еуроны қолма-қол төлеп бермек. Және аталған сома футбол тарихында бұрын-соңды болып көрген емес. Мұнша қаржыға өзге де жақсы ойыншыларды сатып алып, толық бір бүтін команда түзуге болар еді. Ендеше, сол құрамнан табылуы мүмкін болған жаздық ауысымдар.

Алдымен, қақпаға «Фулхэм» 5,6 миллион еуроға сатып алған Мартен Стекеленбургті қоямыз. Ал қорғаныс шебінде «Боруссияны» «Шалькеге» ауыстырған (1 миллион) Фелипе Сантана, «Ливерпульге» тегін барған Коло Туре, «Фенербахчеге» ауысып барған  (5,5 миллион) Бруну Алвеш тұрады. Оларға талас ретінде Эрик Абидаль, Мартин Демичелис пен Фернандо Аморебьеттелердің кандидатурасы ұсынылады.

Орталық қорғаныс шебін соңғы жылдары Ла Лигада өнер көрсетіп келген ойыншылар түзеді. «Севильядан» «Манчестер Ситиге» өткен (20 миллион) Хесус Навас, «Бавария» сапына ауысқан (25 миллион)  экс-каталондық Тьяго Алькантара, «Атлетикаға» қосылған  Беньят Эчеберрия (8 миллион) және «Монако» үшін (5 миллион) «Малаганы» тастап кете барған Жереми Тулалан айтылады.

Соңында, жазғы ауысымда команда ауыстырған шабуылшылар: Давид Вилья «Атлетиконың» жейдесін киді (5,1 миллион), «Фиорентинаның» жанкүйерлерін қуанту үшін барған Марио Гомес  (15,5 миллион), «Ювентуске» бұйырған (9 миллион) Карлос Тевес. Бұл тұста «Ювентуске» тегін барған Фернандо Льорентені де айта кетуге негіз бар.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбе

 
0
0
391

Ұлы ақынның өкініші мен қуанышы 3-ші тамыз күні сағат 21:00 «Астана» телеарнасында!

Астана телеарнасында тұсаукесер!

Жақын арада жаңа жоба тұсауын кеспек. Бұл жоба халықтың ықыласына бөленіп жүрген бүгінгінің батырлары жайлы деректі теленовелла.

Алғашқы бағдарламада ақын Фариза Оңғарсынова өміріндегі бізге беймәлім оқиғаларды баяндап береді.

Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақын сезім күйлерін шертетін лирикаға бай шығармаларымен белгілі.

Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз! Осынша жыл бізден не жасырдыңыз?

Ұлы ақынның өкініші мен қуанышы 3-ші тамыз күні сағат 21:00 «Астана» телеарнасында!

0
0
494

Творческий конкурс «Тәуелсіздік толғауы»

Официальный сайт Министерства культуры и информации Республики Казахстан опубликовал Правила проведения ежегодного IV республиканского конкурса «Тәуелсіздік толғауы». Основная цель проведение конкурса - стимулирование профессиональных и начинающих авторов на создание новых произведений
формирующих любовь к созидательно труду, честному профессиональному успеху, служению и преданности Родине, здоровому патриотизму, раскрывающих историческое значение Независимости и строительство нового Казахстана.

Для участия в конкурсе принимаются работы по следующим номинациям:
- музыкальное произведение крупной и малой формы (опера, оперетта, балет, мюзикл, оратория, кантата, произведения для симфонического, камерного, народного оркестров, произведение для хораатория, кантата, , произведения для камерного, вокального и инструментального жанроватория, кантата, , для голоса, классических и народных музыкальных инструментов и т.д.);
- песня для детей;
- лучшее драматическое произведение для детей и юношества;
- лучшее произведение живописи, графики и скульптуры.

Все представленные произведения не должны быть ранее исполненными и опубликованными, участвовавшими в конкурсах.

Драматические произведения победившие в конкурсе будут бесплатно поставлены на сценах государственных театров. Оперные и музыкальные произведения будут рекомендованы для включения в репертуар, работы художников (скульпторов) пополнят фонды государственных организаций культуры.
Все творческие работы претендующие на участие в конкусре должны быть отправлены не позднее 15 октября текущего года, итоги конкурса будут объявлены в четвертом квартале 2013 года.

Для желающих принять участие в конкурсе, более подробная информация изложена в “Правилах проведения конкурса” опубликованных ниже.
Всем бушующим участникам конкурса желаю победы и творческих успехов!

Правила проведения IV республиканского конкурса
«Тәуелсіздік толғауы»

1. Общие положения

1. Правила проведения республиканского конкурса «Тәуелсіздік толғауы» (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года «О культуре» и определяют порядок и условия проведения республиканского конкурса «Тәуелсіздік толғауы» (далее - Конкурс).
2. Конкурс призван стимулировать создание новых произведений, раскрывающих историческое значение Независимости и строительство нового Казахстана.
3. По итогам Конкурса буден издан сборник лучших произведений.

2. Цели и задачи Конкурса

4. Цели и задачи Конкурса:
1) содействие написанию новых общественно-значимых драматических, музыкальных и изобразительных произведений, отвечающих современным требованиям;
2) поддержка отечественных авторов;
3) пополнение репертуаров республиканских театров и концертных организаций, фондов музеев новыми высокохудожественными произведениями;
4) формирование казахстанского патриотизма и любви к национальной культуре через произведения искусства;
5) создание культурной продукции, формирующей позитивное отношение к труду, честному профессиональному успеху, служению Родине, высоким патриотическим помыслам.

3. Порядок и условия проведения Конкурса

5. Конкурс проходит по следующим номинациям:
1) лучшее музыкальное произведение крупной и малой формы (опера, оперетта, балет, мюзикл, оратория, кантата, произведения для симфонического, камерного, народного оркестров, произведение для хораатория, кантата, , произведения для камерного, вокального и инструментального жанроватория, кантата, , для голоса, классических и народных музыкальных инструментов и т.д.);
2) лучшая песня для детей;
3) лучшее драматическое произведение для детей и юношества;
4) лучшее произведение живописи, графики и скульптуры.
6. По номинациям предъявляются следующие требования:
1) по номинации «лучшее музыкальное произведение крупной и малой формы»: опера, оперетта, балет, мюзикл, оратория, кантата, произведения для симфонического, камерного, народного оркестров, произведение для хораатория, кантата, , произведения для камерного, вокального и инструментального жанроватория, кантата, , для голоса, классических и народных музыкальных инструментов и т.д.;
2) по номинации «лучшая песня для детей» - произведение для отдельных солистов;
3) по номинации «лучшее драматическое произведение для детей и юношества» - драматическое произведение, состоящее из двух актов, продолжительность не менее 60 - 90 минут, объем содержания не более 30 листов, если в форме поэзии, то не более 40 листов;
4) по номинации «живопись, графика и скульптура» - приблизительный размер не более 150 х 150 см (живопись и графика) и не более 70 см высоты (скульптура).
7. На Конкурс принимаются сочинения отдельных авторов или авторских коллективов в рамках установленных номинаций.
8. Представленные произведения не должны быть ранее исполненными и опубликованными, участвовавшими в конкурсах.
9. Авторы могут участвовать как в одной, так и в нескольких номинациях. По каждому жанру в рамках одной номинаций автором представляется не более одного сочинения.
10. Все участники Конкурса представляют свои сочинения анонимно (под девизом). Сочинения, представленные на Конкурс, кроме номинации «живопись, графика и скульптура», не рецензируются и не возвращаются.
11. В Конкурсе участвую профессиональные творческие работники. Возраст участников Конкурса не ограничен.
12. Все расходы по участию в Конкурсе участники несут самостоятельно.
13. Членам жюри представляются Конкурсные сочинения без указания имени автора (под девизом).
14. Каждое сочинение оценивается путем голосования членов жюри.
15. Произведения, набравшие наибольшее количество голосов, считаются победителями Конкурса.
16. Итоги Конкурса подводятся в IV квартале 2013 года.
17. Если драматическое произведение, написанное в соавторстве, становится победителем Конкурса, денежное вознаграждение делится между соавторами в равных долях.
18. Если музыкальное произведение, написанное в соавторстве, становится победителем Конкурса, композитору выплачивается
70 (семьдесят) процентов, автору слов (либреттисту) 30 (тридцать) процентов денежного вознаграждения. В случае, если композиторами или авторами слов являются два и более человека, то 70 (семьдесят) процентов денежного вознаграждения делятся в равных долях между композиторами и 30 (тридцать) процентов денежного вознаграждения делятся в равных долях между авторами слов.
19. Постановка драматических произведений, победивших в Конкурсе, будут осуществляться на бесплатной основе в государственных театрах не более двух раз, последующая постановка осуществляется в соответствии
с действующим законодательством в области авторского права и смежных прав.
20. Победившие в Конкурсе оперные и музыкальные произведения будут рекомендованы для включения в репертуар, а работы художников (скульпторов) для пополнения фондов государственных организаций культуры.
21. Документы необходимые для участия в Конкурсе:
1) по номинации «лучшее музыкальное произведение крупной и малой формы» - партитура, клавир - два экземпляра, либретто - три экземпляра. Также электронный вариант произведения представляется в формате нотных редакторов «Finale» или «Sibelius» с дублированием в формате PDF или TIFF, записанный на СD или «USB Flash Drive» («флэшка»);
2) по номинации «лучшая песня для детей» - два экземпляра нот и слов песни на бумажном носителе. Электронный вариант произведения представляется в формате нотных редакторов «Finale» или «Sibelius» с дублированием в формате PDF или TIFF, записанный на СD или «USB Flash Drive» («флэшка»);
3) по номинации «лучшее драматическое произведение для детей и юношества» - два экземпляра произведения на бумажном носителе и электронный вариант, записанный на CD (шрифт - Times New Roman, размер № 14, межстрочный интервал - одинарный);
4) по номинации «живопись, графика и скульптура» - аннотация и фото произведения в бумажном и электронном вариантах в принятом полиграфическом стандарте.
5) заявка по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, копии паспорта или удостоверения личности автора и свидетельства
о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности, выданное Комитетом по интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан.
22. Каждый участник направляет документы, относительно выбранной номинации, в запечатанном виде в двух конвертах.
Конверт № 1 содержит документы, указанные в подпунктах 1) - 4) пункта 21 настоящих Правил. На лицевой стороне конверта должны быть указаны: текст следующего содержания: «КОНВЕРТ № 1» и «КОНКУРС «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ»», девиз, наименование номинации
и произведения.
Конверт № 2 содержит документы, указанные в подпункте 5) пункта
21 настоящих Правил. На лицевой стороне конверта должны быть указаны: текст следующего содержания: «КОНВЕРТ № 2» и «КОНКУРС «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ»», девиз произведения, наименование номинации и почтовый адрес заявителя (с целью возврата заявки на участие в Конкурсе невскрытой, если она будет объявлена «опоздавшей»).
23. Документы должны быть направлены в срок до 15 октября
2013 года по следующему адресу: 010000, Республика Казахстан, г. Астана, ул. Орынбор 8, «Дом Министерств», 15 подъезд, Министерство культуры и информации, тел: 8 (7172) 740-517, 740-340.
24. Документы, направленные с нарушением указанного срока к рассмотрению не принимаются.

4. Организационный комитет

25. Комитет по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан утверждает состав организационного комитета по проведению Конкурса (далее - Оргкомитет).
26. Оргкомитет формируется из представителей государственных органов и организаций культуры, участвующих в проведении конкурса. Члены Оргкомитета осуществляют свои функции на общественных началах.
27. Оргкомитет осуществляет руководство подготовкой и проведением Конкурса, определяет количество призовых мест и размер денежного вознаграждения.
28. Оргкомитет определяет виды информационно-рекламной поддержки мероприятия.
29. Оргкомитет решает иные организационные вопросы, возникающие в ходе подготовки и проведения Конкурса.

5. Жюри Конкурса

30. Для подведения итогов Конкурса создается жюри. Состав жюри формируется из представителей государственных органов, видных деятелей культуры и искусства и утверждается Комитетом по культуре Министерства культуры и информации Республики Казахстан.
31. Количество членов жюри, включая председателя, должно быть нечётным.
32. Решение жюри является окончательным и пересмотру не подлежит. Решение жюри оформляется протоколом и подписывается всеми его членами.
33. В случае равенства голосов решающим является голос Председателя жюри.
34. Жюри Конкурса имеет право не присуждать или поделить между претендентами (за исключением Гран-при) призовые места, определенные Оргкомитетом.
35. Член жюри не вправе участвовать в Конкурсе.
36. Критерии оценки произведения:
1) высокий художественный уровень;
2) жанровые особенности;
3) оригинальность раскрытия темы;
4) творческая индивидуальность и мастерство автора;
5) художественная трактовка произведения.

6. Финансирование Конкурса

37. Финансирование проведения Конкурса осуществляется в пределах средств, предусмотренных Законом Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2013-2015 годы.

7. Заключительное положение

38. Все вопросы, неурегулированные настоящими Правилами, разрешаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

0
0
1400

Әскери авиаторлар Қазақстан аспанының күзетінде

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов Алматы, Шымкент, Ақтау гарнизондарындағы авиация әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігін жоспарлы тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Жетіген гарнизонында әскери бөлім командирлерімен жойғыш бомбалаушы МиГ-27 және көп мақсатты жойғыш Су-27 сияқты үшінші және төртінші буынның көп функциялы ұшақтарында мақсатты ұшулар орындалды. Осы ұшулар арқылы ұшқыштар жоғары тұрған қолбасшылық алдында ұшу техникасы мен әуе навигациясындағы шеберліктерін көрсетті.

– Біздің ұшқыштар ұшу дағдысын, жауынгерлік әзірлігін арттырып, оларға жүктелген Отанымыздың әуе кеңістігін күзету және қорғау жөніндегі кез келген жауынгерлік міндетті орындауға дайын болуы тиіс, – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы. Авиация – бейбіт күндері жауынгерлік кезекшілік атқаратын өте күрделі әскер тегі. Оның мүмкіндіктері өте ауқымды. Біз Әуе қорғанысы күштері даярлығының бірыңғай әдістемесін басшылыққа алып, қойылған міндетті орындауға саналы түрде қарауды әрбір әскери қызметшіден қатаң талап етуіміз керек. Жауынгерлік машықтану және ұшу даярлығы жүйелерін жетілдіре түсуіміз қажет, – деп авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов атап көрсетті.

Бүгінгі таңда жауынгерлік кезекшілікті сапалы атқаруға, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізуге, авиациялық бөлімдер жеке құрамының тұрмыс-тіршілігі үшін барлық жағдайлар жасалған.

Жас авиаторларды даярлауға үлкен көңіл бөлініп келеді, олар өз кезегінде күрделі заманауи техниканы табысты меңгеруде.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
463

М.А. Құл-Мұхаммед Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғорбан Сейфимен кездесті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғорбан Сейфимен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасында орнатылған достық сипат алатын мәдениет және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынасын жоғары бағалады. Иран тарапы екі ел арасында өзара Мәдениет күндерін өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде М.А. Құл-Мұхаммед мұрағат ісі саласында ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Қорытынды бойынша тараптар бұдан әрі мәдениет, ақпарат және мұрағат ісі саласында ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.

 
0
0
402

М. Құл-Мұхаммед Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесті

2013 жылғы 23 шілде күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммедтің Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында М.А. Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қырқынды дамуын жоғары бағалады. Осылайша, 2012 жылы Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жылдық мерекесінің шеңберінде Кореяда Қазақстанның, ал Қазақстанда Кореяның Мәдениет күндері атап өтілді.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айында «I MAESTRI» корей ерлерінің хор концертін өткізу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға келісті.

 
0
0
438

Бақытжан Сағынтаевтың бүгінгі Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-124/

 
0
0
485