Бақытжан Сағынтаевтың бүгінгі Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аяқталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.
Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер «Сырдария өзені арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.
