Мазмұнға өту

Жаңа

«Дала қыраны-2013»

2013 жылғы 10-23 тамыз аралығында Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығуға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Швейцария, Италия, Қырғызстан және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелері қатысады.
2013 жылғы 10 тамызда «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының оқу-жаттығу орталығының базасында жаттығуға қатысушы елдер қарулы күштері басшылығы өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны» оқу-жаттығуының ашылу салтанаты болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
354

«Асауға тұсау» комедиясы(Италия, 1967 ж.). Режиссері: Франко Дзеффирелли

Италия, XVI ғасыр. Бай саудагердің бойжеткен екі қызы бар. Үлкен қызы кесір мінезді болғандықтан, жігіттер оған бата алмайтын. Ақырында қалаға келген бейтаныс жігіт асау қызды «тұсаулауға» тәуекел етеді.

0
0
2157

«Ағайынды Гриммдердің ертегілері». Отбасылық фильм (Германия, 2009 ж.)


Қиял мен шындықтың, жалған мен ақиқаттың арасы. Аңыз-әфсаналардың патшасы - «Ағайынды Гриммдердің ертегілері» отбасылық фильмін дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:00-де тамашалаңыздар.

0
0
936

Error: «Қазақы келбет not found»...

Алдымен, сонша қағілездікті талап етпейтін ойша тәжірибе. Еуропеид келбетті, айталық орыс баланың - ауылдың ішінде келе жатқан салт аттыға: - Ассалаумағалейкүм, ата! - деп,алдынан жүгіріп шыққанын елестетіңізші. Елестетудің өзі оғаштау көрінді ме? Әрине. Шартты қабылдау аппаратымыз сөзге сәйкесінше келбет талап етеді. Сондықтан ба, Кеннедиді ешқашан қаранәсілді сомдамайды, диюлардың ақырғанын - фальцет дауыс иесіне салғызбайды. Бірақ қазақтілді мультимедиалық материалдар жұтаң болғандықтан, соңғы онжылдықта "икемдегіш" дизайнерлер Интернетте не кездессе - соны ала беретін болғаны рас. Мысалы, мектеп баласының әкесі ретінде, көптеген мектептердің сынып бөлмесіндегі стендтердің көбісінде мына сурет тұрғанына кепілдік беремін: Иә - еліміздің екі түкіпірінде орналасқан, бірі бірімен байланысы…

1
2
1290

Марисса Джэрет Винокур, Марк Консуэлос, Фрэн Дрешер «Керемет бойжеткен» комедиясында (АҚШ, 2003 ж.). Режиссері: Дуглас Барр

Бекка Васерман деген толық қыздың бақыттан басы айналып жүр. Себебі ол тұрмысқа шығатын болды. Күйеу жігіт уақытша қиындықтарға тап болғандықтан, екеуі кішігірім той өткізейік деп келіседі. Бірақ Бекканың үйлену тойынан кейін сапарға аттанғысы келеді. Сұлулық сайысының жеңімпазына Гавай аралында екі адамдық демалу мүмкіндігі берілетінін естіген қыз бірден осы сайысқа қатысады.

0
0
275

Қарулы Күштерде кәсіби шеберлік — басты талап

Қазақстан Қарулы Күштері Талдықорғандағы Әуе қорғанысы күштері авиация кіші мамандарын даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталығында техниктер мен бөлімше старшиналарының кезекті курстық даярлығы аяқталды.Бір ай бойы Әскери әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері арнайы даярлық бойынша курстық даярлықтан өтті. Бөлімше техниктері мен старшиналарына арнайы білім берілді, сондай-ақ олар өз кәсіби дағдылары мен шеберліктерін шыңдап, дене және атыс даярлығын арттырды. Бүгінгі таңда Қарулы Күштерде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің кәсіптік даярлығына, курстық даярлықтан өтуіне және армиямызды одан әрі кәсібилендіруге ықпал ететін басқа да аспектілерге үлкен көңіл бөлініп отыр. Курстық даярлықтан өту барысында арнайы жабдықтарды жө…

0
0
577

Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы болып өтеді.

қу-жаттығуға Құрлық әскерлерінен бөлек Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тартылады.

Әскери басқару органдарының ықпалдастығын жетілдіру, әскерлердің далалық дағдысын арттыру және командирлер мен штабтардың әскерлерді басқарудағы тұрақты іс-тәжірибесін қалыптастыру өткізілгелі отырған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы әскерлердің далалық дағдысының деңгейін арттыруға жасалған кезекті қадам болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
274