Мазмұнға өту

Жаңа

Қарулы Күштер мемлекеттік тілді қолдайды

2013 жылғы 7 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігіндегі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының құрылғанына 10 жыл толды.

Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің директивасымен мемлекеттік тілді оқыту және талдау, редакциялау бөлімдерінен тұратын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды.
Қазіргі уақытта әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда мемлекеттік тілді дамыту бөлімдері, қызметтер, топтар, мамандар қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамыту мамандарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық негіздері: заңдар, оқыту бағдарламалары, төл әскерімізде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, жеке тапсырмалар жоспарлары жасалды. Осы құжаттардың негізінде Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар атқарылды.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді үйренуші әскери қызметшілер мен қызметкерлерге үш деңгей бойынша (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетіп оқыту) мемлекеттік тілді оқыту процесі ұйымдастырылған.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде қажетті деңгейде жабдықталған 143 мемлекеттік тілді оқыту сыныбы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тіл үйренушілердің жалпы құрамын 50-ден артық ұлттың өкілдері құрайды.
2004 жылдан бері оқыту процесі арқылы мемлекеттік тілді меңгергендер саны жылдан жылға артып келеді. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 19 мыңға жуық тіл үйренуші мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, оның ішінде3 мыңға жуығы оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты.
Қорғаныс министрлігінде барлық ресми іс-шаралар, алқа отырыстары, жиналыстар мемлекеттік тілде жүргізіледі.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
409

С.Нұрғалиев Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын жеңіп алды


С.Нургалиев

Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев ел қоржынына қос алтын салды, деп хабарлайды BNews.kz команданың баспасөз қызметкері Ринат Тасболатовқа сілтеме жасап.

«С.Нұрғалиев Бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, екі рет алтын тұғырға көтерілді», — делінген Тасболатовтың хабарламасында.

Айта кетейік, спортшы таяуда жаттығу барысында ауыр жарақат алған болған, соған қарамастан ол үмітті ақтап отыр.

 

www.bnews.kz».

 
0
0
404

Қазақстан Баскетболдан Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды

Қазақстанның ерлер құрамасы Баскетболдан Азия чемпионатында Оңтүстік Кореяға есе жіберді— 47:71 (14:16, 13:22, 9:19, 11:14), деп хабарлайды Sports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар топтық кезеңнің үш ойынында жеңіске жеткен болатын, Қытай командасымен өте тартысты өткен кешегі ойында 67:73 есебі тіркелді.

Ертең ел спортшылары Иран құрамасымен кездеседі.

 

«www.bnews.kz».

0
0
285

Таланттарды түлеткен көпкүндік


«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода

«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған.

Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан «Қазақстан оқушысы» деп аталатын дәстүрлі көпкүндік веложарысы басталды. Осымен 44-ші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға еліміздің бірнеше аймағы мен Өзбекстаннан жалпы саны 121 велошабандоз қатысуда.

«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған.

Атап айтқанда, Андрей Кивилев, Александр Шефер, Сергей Третьяков, Александр Винокуров, Андрей Мизуров, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Асан Базаев, Роман Киреев сынды әйгілі кәсіби велоспортшыларымыз осы көпкүндіктің әр жылдардағы жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болған.

Бұл көпкүндік алғашқы 30 жылда тек Алматыда өткізілсе, кейінгі 14 жылда Шығыс Қазақстан облысының тас жолдарында ұйымдастырылып келеді.

Биыл 44-ші рет жалауын көтерген бұл көпкүндік 3 тамыз күні басталған. 10 тамызға дейін жалғасады. Бір апта бойы 15-18 жас аралығындағы жас велошабандоздар күніне 80-100 шақырымдық кезеңдік жарыстарда бәйгеге түседі. Критериум бәйгесі мен жарыс жолына спортшыларды жеке-жеке жіберетін жекелей сын да бар.

ҚР велоспорт федерациясының Техникалық директоры Александр Антышев осы көпкүндік жайлы біраз құнды деректерді тілге тиек еткен еді. Енді соған құлақтүрейік:

– Биыл дәстүрлі көпкүндік веложарыс өте жоғары деңгейдеұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арқасында жарысөткізілетін тас жолдар жөндеуден өтіп, ой-шұңқырлары тегістелді. Спорттық тұрғыдан алғанда, бұл – көпкүндіктің маңызы өте зор, деңгейі аса жоғары.

Көпкүндік додаға қатысып жатқан велоспортшылардың дені – спорт шеберлері немесе спорт шеберлігіне үміткерлер. Сондай-ақ олардыңарасында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының мүшелері бар. Олар осы  көпкүндік аяқталған соң жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына аттанады.

Өз кезегімде, Астана және Шымкент қалалары мен Қызылорда облысыныңжан-жақты дайындықпен келгендерін айрықша атап өткім келеді. Аталғанүш аймақ биылғы көпкүндікке екі командадан қосып отыр.

Ал Қызылордадан келген жас спортшыларға облыс әкімдігі баға жетпес сыйлық тарту етіпті. Атап айтқанда, осы өңірдің спорт мектебіне 150 велосипед және 8 автокөлік алып берген! Басқа өңірлердің де басшылары велоспортқа осындай қамқорлық жасаса ғой, шіркін!

 

Александр Леонидович дәл қазіргі сәттегі жағымды жаңалықтарды қысқаша айтып өтті ғой. Ал біз келеңсіз тұстарына тоқталар болсақ, биыл аталмыш көпкүндікке кезінде әлем чемпионатының жүлдегерлері түлеп ұшқан Саранскқаласының велоспортшылары келе алмаған. Тіпті Қарағанды қаласы да өз командасын қоспаған. Сондай-ақ Оралдағы спорт мектептің жас велошабандоздары шығыстағы аламан бәйгеге келмепті.

Шешек-Тарғын-Шешек бағытындағы 82 шақырымға созылған бірінші кезеңдік бәйгеде «Астана-1» командасының велоспортшысы Григорий Штейн топ жарды. Оның командаласы Владислав Филипович мәре сызығын екінші болып қиса,Өзбекстаннан келген қонағымыз Владислав Гальянов үшінші орынға ие болды.

Ал Шешек-Базанбай-Шешек бағытындағы 89 шақырымдық екінші кезеңдік бәйгеде «Астана-1» командасының велошабандозы Григорий Боцан жеңімпаз атанды. Талғардың таланты Нияз Шустов екінші орынды, солтүстікқазақстандықАлександр Овсянников үшінші орынды иеленді.

Екі кезеңдік жарыстан соң кейінгі жалпы есепте «Астана-1» серкелері алдарына да, араларына да жан салар емес. Үздік үштікте – Г.Боцан, В.Филипович және Г.Штейн.

ХХХХІV «Қазақстан оқушысы» көпкүндігінде әрбір кезеңдік бәйгеден соң жалпы есептегі жағдай ғана жаңғыртылып отырмайды. «Үздік таулы-қыратты жолдар шабандозы» және «Белсенді велошабандоз» номинациялары бойынша ұпайүлестіріліп, «Жалпыкомандалық есеп» түзіліп отырады.

Олардың қорытындысына дәстүрлі көпкүндік аяқталған соң тоқталармыз. Әзірше 17 команданың тізіміммен және олардың құрамында қанша спортшы бар екендігімен таныс болыңыздар:

Астана-І – 9 велоспортшы,

Астана-ІІ – 10

Қызылорда облысы-І – 6

Қызылорда облысы-ІІ – 7

Шымкент – 14

Талғар – 12

Жамбыл облысы – 9

Өскемен – 9

СҚО – 9

Алматы – 7

ШҚО – 6

Талдықорған – 5

ОҚО – 4

Қостанай облысы – 3

Қарағанды облысы – 3

Павлодар – 3

Ақмола облысы – 1

Өзбекстан – 4


Нұрғазы САСАЕВ

 
0
0
444

Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойын тойлайтын күн бекітілді


Қазақ футболының 100 жылдық

Қазақ футболының 100 жылдық торқалы тойы аталып өтетін нақты күн бекітілді. Шығыс Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мерейтой 21-22 қыркүйекте Семей қаласында өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бүгінде еліміздегі ең үлкен спорттық мерекеге кешегі кеңестік дәуірдегі аты аңызға айналған «Спартак» (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), «Динамо» (Тбилиси), «Қайрат» (Алматы), «Восток» (Өскемен), «Спартак» (Семей) футбол клубтарының ардагерлері қатысуға келісімдерін беріп қойыпты. Олардың қатысуымен Семейдегі күрделі жөндеу жүргізілген «Спартак» стадионында жолдастық кездесулер өтеді. Бұл – футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін әйгілі аяқдопшыларды көз-бен көріп, қолтаңбаларын алуға тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар бұл күндері қаланың орталық көшелерімен мерекелік шеру өткізіліп, «Миллиондар кубогы»

деп аталатын республикалық турнир ұйымдастырылады. Ал әлемдік деңгейде ән салып жүрген жұлдыздардың келуі тойдың көрігін одан ары қыздыра түспек.

Жобаның шығармашылық тобы қазіргі күні әзірлеп жатқан қазақ футболының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін мазмұнды фильмнің тұсаукесері айтулы мереке қарсаңында Өскемен мен Семей қалаларының кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланған.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
292

Қалың қалай, «Барыс»?

Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалық ұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма?

Астананың «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалуда.

Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин ортада

Финляндиялық бапкер Ари-Пекка Селин келгелі бері бірнеше жолдастық кездесу өткізген елордалық ұжымның дайындық деңгейін дәл анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені «Барыс» бірде сәтті, бірде сәтсіз өнер көрсетуде.

Швейцария жерінде дайындығын пысықтап жатқан командамыз жергілікті «Давос» ұжымымен екі бірдей жолдастық кездесу өткізді.Алғашқы бәсекеде елордалықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті. Сөз ретінеқарай айта кеткеніміз жөн шығар, «Давос» Швейцария елінің бетке ұстар командаларының бірі саналады. Бұл клуб ішкі біріншілікті 30 рет ұтып алған және Швейцария жерінде ұйымдастырылатын әйгілі дода – Шпенглер кубогында 15 рет үздік атанған екен.

Барыспен» алғашқы кездесуде айдын иелері есеп ашты. Дегенмен көп ұзамай таразы басын теңестірген астаналықтар бірінші кезеңаяқталмай жатып, екінші шайбаны енгізді.Алдымен Алексей Воронцов гол соқса, артынша Константин Пушкарев мергендігімен көзге түсті.

 

Үзілістен кейін елордалық хоккейшілер ойын барысын толықбақылауға алды және жауапсыз екі гол соқты. Бұл жолы Дастин Бойд пен Федор Полищуктің қанжығасы майланды. Соңғы кезеңде екі жақ бір бір реттен гол енгізді. Біздің команда сапында құрамды жаңадан толықтырған ойыншы Майк Ландин гол авторы атанды.

Араға күн салып, «Барыс» пен «Давос» қайта кездесті. Ари-Пекка Селин шәкірттері қарымта ойында жарқырай өнер көрсете алмады. кездесудің алғашқы бөлігінде екі ұжым хоккейшілері нәтижелі соққы тіркемеді. Үзілістен кейін екі шайба соғылды. Оның бірін «Барыс» сапындағы Константин Руденко енгізген болатын. Пас бергендер – Роман Старченко мен Дмитрий Уппер. Өкінішке қарай, соңғы кезеңде біздіңжігіттер бірде бір гол соға алмады. Есесіне айдын қожайындары екі шайба енгізіп, матч тағдырын өз пайдаларына шешті.

Бұған дейін «Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде Санкт-Петербургтің «СКА» командасымен тең ойнаған болатын. Биыл клуб басшылығы бапкерлік құрам мен хоккейшілерімізге плей-офф кезеңінің екінші айналымына өтуді жүктеп отыр. Ол үшін барлық жағдайқарастырылмақ. Финляндия құрамасы бас бапкерінің көмекшісі боп танылған маман Ари-Пекка Селиннің жаттықтырушы ретіндегі шынайы бет бейнесін Құрлықтық хоккей лигасындағы бәсекелер барысында көретініміз анық. Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» командасы Ресейдіңашық біріншілігі саналатын додаға қатысқалы бері плей-оффтыңалғашқы айналымынан аса алмай жүр. Өзіміздің маман Андрей Шаянов та, ресейліктер – Андрей Хомутов пен Владимир Крикунов та елордалықұжымды биікке жетелеуге қауқарсыз болды. Ендігі кезек – Селинге келді. Фин маманы ауыр жүкті арқалай ала ма?

 

Шалқар ЕСТЕН,

«Айқын» газет

 
0
0
528

Дәстүрлі киім хиджаб тиымдарына жауап...

Бірнеше жыл ішінде біздің еліміздің аумағында халықтың арасында, оның ішінде көбінесе жастардың арасында дінге қызығушылық артып келеді. Үңіліп қарайтын болсақ біздің қазақ жастарымыз ислам дініне көңілдерін бөліп, араларыңа сіңіп кетті.

Жастарымыз шылым-ішімдікті, ессіз қыдыруды, жаман әдеттерді қойып, жаман жолдан аулақтағанына қарамастан үлкендердің арасынан және үкіметтен бұндай жағдайға біршама қарсылықтар туғаны білінді. Көбінесе қарсылықтар осы жолды қуған бойжеткендеріміздің киім-тұрысына қарай бағыталған болатын. Ол яғни ұлдарымыздың сақал өсіруіне байланысты, ал қыздардың жабық киім мен басына орамал (хиджаб) киюіне байланысты ашық түрде сын айтылып, осындай киімге әлеуметтік маңызды орындарда киюіне тіпті тиым салуына әкелді. Сондықтан мен бүгін осы мәселеге байланысты сөз қозғап, өз ойымен бөліскім келеді.

Осы діни жолды қуған қыз бойжеткендеріміздің орамал мен жабық киім киюіне байланысты тиым салуына көңілдеріңізді аударғым келіп тұр. Әрине, үкіметтің бұндай шешіміне бір себеп болу керектігі сөзсіз ойымызға келеді. Бұған біздің Елбасымыз былай деп жауап берген: «Аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер». Мүмкін сіздер бұл жағдайда, Елбасымыздың сөздеріне қосылатын боласыздар. Бірақ менің бұл жағдайға өзімнің ойым бар.

Әрине, біз бәріміз қазақ болғандықтан өз дәстүрімізді ұмытпай, сақтап ұстауымыз жөн, келісемін. Бірақ, хиджабты біздің дәстүрлі киімізден алшақ деп айта алмаймын, тіпті бір нәрсе деп айта аламын, атауларында өзгешелік болмаса. Оны сіздерге тіпті дәлелдеп те аламын.

Қазақтың дәстүрлі киімдері дегенде ойымызға бірден сәукеле мен ою-өрнекпен әшекеленген көйлек киген, ұзын шаштары екі жаққа өрілген жас қыздарымыз келеді.

Хиджабтан алшақ және шашты жаппайтыны дұрыс, ол солай, бірақ бұл киім үлгісін тек жас тұрмыс құрмаған қыздар ғана киген. Ал бүкілімізге белгілі болғандай бұрынғы замандарда қыздарымыз 13-15 жастардан аспай тұрмыс құратын болған, яғни ислам бойынша мүшел жасты аттап.

Бірақ орамал мен хиджаб дегенде неге ойымызға дәстүрлі киіміздің тағы бір түрі «кимешек» неге келмеске?

«Кимешек– қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің Кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің Кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұратын жері ойық болады.»

Кимешекті тек қана тұрмыс құрған әйелдер киген.

Хиджабтан тым алшақ емес, солай емес па? Өздеріңіз салыстырып көріңіздер

Сондықтан менің ойымша бұндай үкіметтін айтылған себептерін қайта қарастыру қажет. Егерде солай болатын болса орамалды кимешек деп, ал хиджабты дәстүрлі көлек деп киюге болады. Сондықтан тиым салғаны тым қате деп есептеймін.

0
2
5950

Қаржы полициясы қылмыстық активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізуде

Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде.

Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді.

Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін тыйым салды. Танысу және қылмыстық іс фигуранттарының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін банкілік, қаржылық және өзге де құжаттары алынды.

Сонымен бірге, Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде.

Тергеу аясында Рысқалиевтер мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн.евродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған 3 банкілік есеп-шот анықталды.

Федералдық прокуратура аталған шоттарға тыйым салды.

Қаржы полициясы агентігі өз қызметкерлерінің Швейцар конфедерациясы аумағында тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат беру туралы халықаралық тапсырма жолдады.

   
0
0
292

Мұнда — ойсыраттық, ал онда — 23:45-те

Көрерменнің жанкүйер бөлігі бүгінгі Скендербеу-Шахтер ойынын демін ішіне тартып күтіп отыр. Астанада жауапсыз 3 голмен жеңген соң, Тиранада өтетін ойынға о басында уайымдай қойған жоқпыз. Бірақ айы-күні толғанда бәрі бекер екен.

Қазір жанкүйерлердің скептик бөлігі "былай боп қалуы мүмкін, олай боп қалуы мүмкін" деп, қара аспанды түнертіп жатса, оптимист бөлігі - албаниялықтарды тек ғайып-ерен қырық шілтен құтқарады деп, тоқмейілсіп отыр. Қай кездегідей, күдік пен үміт аралас болжамдар.

Ақпарат айдынына онша таныс емес Скендербеудің ойын алаңы жұтаң деп жатыр әлеуметтік желідегілер. Базбіреулер тіпті қаржылық әлеуетін біліп алғанға ұқсайды. Бірақ "жеңіс" деген бақытқа соқыр сенім - жеңілістің алғышарты екенін естен шығармайық. "Шахтерға" тілекші болып, добына жанкүйерлік "дем салу" міндетінен бізді әлі ешкім босатқан жоқ.

Астанада өткен матч кезінде шығыс трибунада аз болса да көптей көрінген албаниялық азаматтардың болғанын білеміз. Ендеше Тирана төрінде де қазақтың бір байрағы табылар деген үміттеміз. Көк жәшіктің бер жағындағыларға жалаудың қандай серпін беретінін біздер бұрыннан білеміз :)

Трансляция: бүгін, 06.08.2013, "Қазақстан" арнасы, сағат 23:45

2
0
419