Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатында Қытайдан жеңіліп қалды


Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы

Азия чемпионатының екінші топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Қытайдан жеңіліп қалды – 67:73 (12:24, 18:18, 16:8, 21:23), деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақстандықтарда Джерри Джонсон – 13 ұпай, Михаил Евстигнеев – 11, Рустам Яргалиев пен Виталий Лапченко – 9 ұпай алып, жақсы ойнады», – делінген хабарламада.

Жарыс Филиппиндегі Манила қаласында өтіп жатыр. Ертең қазақстандықтарға қарсы Корея командасы ойнайтын болады.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
697

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатында Қытайдан жеңіліп қалды - Yvision.kz