Мазмұнға өту

Жаңа

Инстаграмдағы қазақстандық модельдер

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық модельдер инстаграмын шолып өтейік. Илья Аникеев @mad_ilyuhan ANDRES агенттігінің моделі Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде "Менеджмент" мамандығын меңгеруде. Инстаграмында модельдік өмірдің көріністерін, Kazakhstan Fashion Week-тегі өзі қатысқан Камила Курбанидің көрсетілімі, Boulevard журналы үшін фотосессиясын, әр түрлі сауық кештері мен дос-жарандарын көруге болады. Ақбота Нұрмұхан @botashka_nur 2010 жылдан бастап ANDRES агенттігінің моделі, Pronovias, E…

8
3
3115

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің Франция аумағында М.Қ.Әбіләзовтың ұсталу фактісі бойынша брифингте сөйлеген сөзі

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturanyn-resmi-okili-nurdulet-suyindikovtin-franciya-aumagynda

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен БТА Банктің 5 миллиардтан астам АҚШ доллары сомасындағы қаражатын  ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу жалғастырылуда.

0
0
377

Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінде ұшқыштар күнгізгі және түнгі ұшулармен шеберліктерін шыңдады

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған бас қолбасшы басқармасының бір топ офицерлері Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде болды. Күндізгі және түнгі ұшуларды орындау авиациялық бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет. Бұнсыз авиаторлардың қызметтік іс-әрекетін елестету мүмкін емес. Топтың жұмысы барысында МиГ-29 және Су-25 ұшақтарымен ұшу және қону міндеттерін орындауға арналған мақсатты ұшулар өткізілді. Ұшудан кейінгі жиналыста Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы көптеген ұшқыштардың ұшу сағаттары бойынша көрсеткіштерінің жоғары екенін атап көрсетті. Бұл көкке көтерілуге бет алған жас буынға берілуі тиіс бай тәжірибенің өлшемі. – Жалпы алғанда Әскери әуе күштері…

0
0
231

Ксения Первак Ресей атынан өнер көрсететін болды


Ксения Первак

Бұрын Қазақстанның намысын қорғаған теннисші Ксения Первак Ресей атынан өнер көрсететін болды, делінген Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында, деп ақпарат таратты Sports.kz.

Бастапқыда 22 жастағы Челябинск тумасы Ресей Федерациясының намысын қорғаған еді. Дегенмен, 2011 жылдың қыркүйек айында спортшы Қазақстан азаматтығын алып, еліміз үшін өнер көрсете бастады.

Қазіргі таңда Первак дүниежүзілік рейтингте 140-шы орында тұр.

 

«www.bnews.kz».

0
0
257

Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатында Қытайдан жеңіліп қалды


Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы

Азия чемпионатының екінші топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Қытайдан жеңіліп қалды – 67:73 (12:24, 18:18, 16:8, 21:23), деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақстандықтарда Джерри Джонсон – 13 ұпай, Михаил Евстигнеев – 11, Рустам Яргалиев пен Виталий Лапченко – 9 ұпай алып, жақсы ойнады», – делінген хабарламада.

Жарыс Филиппиндегі Манила қаласында өтіп жатыр. Ертең қазақстандықтарға қарсы Корея командасы ойнайтын болады.

 

«www.bnews.kz».

0
0
714

Албандықтарға қарсы ойында «Шахтер» өз басымдылығын қорғайтын болады

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайдыSports.kz. – Бізге қарсылас командамен ғана емес, ылғал және ыстықпен де күресуімізге тура келеді. Мұндағы ауа райын өздеріңіз көріп тұрсыздар, мұның барлығы ойынға өз әсерін тигізеді. Ауыр болатыны анық. Бірақ бастысы – өз басымдылығымызды қорғау керек, – деп атап өтті Виктор Кумыков. – Ертең ойын көбіне психологиялық сипатта болмақ. 3:0 есебі мазасызданбауға себепші болуы мүмкін. Футболда мысал көп. Осы орайда қандай жұмыстар жүргізілді? – Біз бірінші ойыннан кейін-ақ бірден осы бағытта жұмыс істей бастадық. «Бобруйск» пен «Тирандар» клубтарын, өзіміздің «Ақтөбе» 3:0 бола тұра, кейін 3:4 есебімен жеңіліп қалғанын және біздің к…

0
0
408

С. Емельянов Канадада өткен ескек есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі. «1-4 тамыз аралығында канадалық Вейланд қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өткен. Бұл аталмыш жас санатындағы тұңғыш рет өткізіліп отырған әлем чемпионаты. Каноэ-бірлікте Сергей Емельянов 1000 метрге есуден венгерлік спортшы Кристоф Каут пен украиндық ескекші Павло Алтуховты басып озып, 3:55 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. 200 метрге есуде қазақстандық каноэші венгерлік спортшы Джонатан Хайдтен бірнеше милисекунд артта қалып қойды (00:00:00:120)»,- деп жазылған хабарламада. Барлығы Қазақстанның атынан 12 спортшы қатысты. Сонымен қатар, жарыс нәтижесі бойынша Сергей Емельянов пен Екатерина…

0
0
398