С.Нұрғалиев Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын жеңіп алды
Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев ел қоржынына қос алтын салды, деп хабарлайды BNews.kz команданың баспасөз қызметкері Ринат Тасболатовқа сілтеме жасап.
«С.Нұрғалиев Бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, екі рет алтын тұғырға көтерілді», — делінген Тасболатовтың хабарламасында.
Айта кетейік, спортшы таяуда жаттығу барысында ауыр жарақат алған болған, соған қарамастан ол үмітті ақтап отыр.
www.bnews.kz».

