Конференция күнделігі
Конференцияның 1-нші күні Біз Гонк Конгқа 9 тамыз күні таңғы сағат 8:15 те қондық. Жалдамалы автобуспен Гонк Конгтағы "Holiday Inn" қонақ үйіне келдік, орналастық. Гонк Конгты бірінші рет өз көзіммен көргенде оны қала екен деп айтуға тілім бармады. Бұл жақтағы үйлердің қабаттары шамамен 40-50, ең кіші үйлердің қаббатары 10-15. Өзі кішкентай қала болғанымен өте дамыған. Сонымен Викимания 2013 конференциясына келдік. Біз конференцияға келгенімізде адамдар түскі астарын ішіп жатты. Барлығымыз ішке кіріп конференцияның жоспар қағазын алдық. Сосын бізге Вмкимания жазуы бар футболка және бейдж берді. Ары қарай біз де түскі асымызды ішіп алып, сағат 16:00 де сессияға кірдік. Сессияны менеджер Crisco жүргізді. Ол өз сессиясынды мынадай тақырып қозғады: Неге біз википедияда жазылған адамдар туралы…