Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Нұрмұхамед: «Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ...»

Нұрмұхамед Байғара, "Алаң" бағдарламасының продюсері және жүргізушісі

Нұрмұхамед БАЙҒАРА, "Алаң" бағдарламасының продюсері және жүргізушісі


- Бағдарлама үшін екі тарап жинау қиын ба?

- Қиын. Біріншісі - тіл мәселесі. Сапалы да білімді мамандар қазақшаға шорқақ. Екіншісі - білімділік мәселесі.  Қазақшасы ағып тұрғандар кәсіби маман болып шыға бермейді. Үшінші мәселе - екіжүзділік. Студия сыртында "батыр болғандар", "мотор!" деп пәрмен беріліп, жарық қосылған кезде сөзінен тайқып жатады.

Билік өкілдеріне оппонент тарап алғашқы жинала бастады.

Билік өкілдеріне оппонент тарап алғашқы болып жинала бастады


- Ток-шоу жүргізушісі ретінде шыныңызды айтыңызшы: бағдарлама кезінде төбелес, ұрыс сияқты оғаш оқиға болғанын қалайсыз ба? Әрине әдейі емес, бірақ табиғи шығып кетсе де?

- Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ қатты қызу жүргенін, әрине, қалаймын.

"Жауапқа тартылатын" билік өкілдері де жиналып қалды

"Жауапқа тартылатын" билік өкілдері де жиналып қалды


- Бағдарлама барысында пікіраталас біресе қызса, біресе саябырсып жатады. Осындай бәсеңдеп барады-ау деген кездерде әңгімені көсеп-көсеп қоздырып отыратын бір әдістер қалыптасты ма?

- Ондай әдістер тәжірибемен келеді. Әңгіменің шоғын көсеу үшін - қатысушылардың тұжырымдарындағы кемшіліктерді білу керек, ал ол үшін - тақырыпты әбден меңгеріп алу керек. Болмай бара жатса, жеке басына да тиісе сұрақ қоюым мүмкін, ол кезде адамдар бей-жай қала алмайды. Бірақ бұл өте сирек қолданылатын әдіс.

Қатысушы бағдарламаның сәтті өтуін тілеп жатыр. Ондай да болады.

Қатысушы бағдарламаның сәтті өтуін тілеп жатыр. Ондай да болады.

 

- Тақырып бойынша беделі мойындалған маман, немесе үлкен лауазым иесі келіп, қатысушылардың мысын басатын жағдайлар бола ма? Ондайда ток-шоудан мән кетеді емес пе?

- Ондай жағдайлар болып тұрады. Ол кезде оппонент ретіндегі рөлді өзіме аламын.

Халық позициясы Ирак Елекеевпен толықты

Халық позициясы "ауыр артиллерия" - Ирак Елекеевпен толықты

 

- Көрермен үшін реалити-пікірталаста, бәрібір де - біреу жеңіп, біреу жеңіліп кеткендей әсер қалады. Сіз үшін ше?

- Жоқ. Мені мазалайтыны "тақырып ашылды ма?" деген сауал.

"Таяқ тасталды"

Таяқ тасталды

 

- Жалпы, біреу пікірталасқа келіп, мәселеге өз көзқарасын толығымен өзгертіп кетіпті дегенге сенуге бола ма?

- Жоқ. Бағдарламаға қатысушылар үлкен өмір және тәжірибе мектебінен өткен адамдар. Ендеше мәселеге қатысты позициясы да өмір бойы қалыптасады. Пікірсайыста жеңілгеннің өзінде, "жаңылдым" деп мойындауға түптеп келгенде намысы жібермейді ғой.

"Көрінбейтін майдан майталманы"

"Көрінбейтін майдан майталманы"

 

- Монтаж үрдісіне киліккісі келетіндер бола ма? "Артық сөйлеп қойыппын" деп, немесе визуалды түрде жағымды-жағымсыз шыққанын уайымдайтындар?

- Оооо!(күледі) Өтінушілер өте көп. Тіпті кейде ойлап қоямыз, "осылар бізге редактор болғысы келеді-ау" деп.

- Сонда неден қорынады?

- Көбіне өткір сұраққа жауабым солғын, жартылай шықты деп қам жейтіндер.

Бағдарлама тақырыбынан басқа жарық, ракурс, дыбыс дегендер бар. Және олар үшін біреу жауап беруі керек.

"Бағдарлама тақырыбынан басқа жарық, ракурс, дыбыс дегендер бар. Және олар үшін біреу жауап беруі керек.

 

- Қатысушылар арасында даңғаза ұранмен, ақыр аяғы - айқаймен алып кеткісі келетіндер болып жатады. Оған қалайша қарсы тұрамыз?

- Қазіргі қатысушы да, көрермен де жалаң ұран, құр айқайдың уақыты 2 000 жылдардың басында өтіп кеткенін түсінеді. Бірақ ондай-ондай болып жатады. Ол кезде "рахмет!" деп, сыпайы тиып тастаймыз.

Бағдарлама түсіру аяқталып, шымылдық жабылды.

Түсіру аяқталып, шымылдық жабылды.


- Маман тапшы тақырыптар бар ма?

- Қазақтілділер көбіне гуманитарлық ілімдерге жақын. Мысалы ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы "жасыл энергетикадан" маман таба алмадық. Немесе кеше "атом электр стансалары Қазақстанға қажет пе?" деген мәселе көтердік. Сол тақырыпқа қарапайым ядролық физика маманын табу мұң болды. Профильді ұлттық компаниялар мен министрліктерден осы турасында тіс жаратын бір адам болсашы. Ондайда өзіміздің тапқан тәсілдерімізді іске қосамыз.

- Сұқбатыңызға рахмет.

3
1
1104

Осы тақырып бойынша

Нұрмұхамед: «Төбелес демей-ақ қояйын, бірақ...» - Yvision.kz