Қытайда жасөспірімдер арасында таэквондодан Ерасыл Қайырбек қола медаль ұтып алды
Қытайда жасөспірімдер арасында таэквондадан Азиадада жерлесіміз Ерасыл Қайырбек қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстанның таэквондо федерациясына сілтеме жасай отырып.
Қытайдың Нанкин қаласындағы ІІ Жасөсіпірімдердің Азиа ойындарында таеквондошы Ерасыл Қайырбек 53 келі салмақта қол медальға қол жеткізді. Ширек финалда жерлесіміз вьетнамдық Нджок Туан Транды 17:13, 0:2 есебімен ұтты. Бұджан кейін жартылай финалда филиппиндік Франциссарон Агоджо 7:9, 1:0 есебімен жол берді.
Ертең алаңда Фариза Алдоңғарова 55 келі салмақта шығады. Екі таэквондошы да Азия біріншілігінде Азия ойындарына жолдама ұтып алған болатын.
«www.bnews.kz».

