Букмекерлер «Ақтөбені» «Динамо» жеңеді деген сенімде
Бүгін Еуропа Лигасы плей-офф раундының «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы матчі өтеді, деп жазады Sports.kz.
«Букмекерлер бұл кездесудің қандай нәтижемен аяқталарына өз болжамдарын жасап қойған, ол украиналықтардың үлесіне шешіліп отыр және ол үлестің басымдығы айтарлықтай, енді көпшіліктің болжамын тек ақтөбеліктер ғана сейілте алады», — деп көрсетілген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» мен «Динамо» Киев арасындағы кездесу Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді, басталуы сағат 19.00-де.
«www.bnews.kz».

