Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді

Қарағандылық «Шахтёр» Чемпиондар лигасындағы Шотландия чемпионы «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, еліміз қоржынына елеулі ұпай салды. Енді Қазақстан УЕФА коэффициенттер кестесінде Босния және Герцеговинаны артқа тастап, 34-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгінгі таңда қазақстандық клубтар 10,5 ұпай жинады («Шахтёр» — 4 ұпай, «Ақтөбе» — 4 ұпай, «Ертіс» — 2,5 ұпай), қорытынды балл — 2,625. Бұған дейін қазақстандық командалар бір маусымда 2 ұпайдан артық жинап көрмеген болатын.

УЕФА коэффициенттер кестесінде соңғы бес маусымның қорытындысы есепке алынады. Қазір Қазақстан еншісінде 7,750 ұпай бар.

УЕФА коэффициенттер кестесі:

32. Словения — 9,500

33. Молдова — 8,750

34. Қазақстан — 7,750

35. Босния және Герцеговина — 7,500

36. Финляндия — 7,175

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
232

Осы тақырып бойынша

Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді - Yvision.kz