Мазмұнға өту

Жаңа

М. Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

2013 жылғы 19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед Жапониянының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юдзо Харада мырзамен кездесті.

Толық ақпарат: http://mki.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=1855

0
0
421

БАҚ үшін ақпарат

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ Бас басқармасының бұрынғы бастығы генерал-майор А.Әсеновке және Украина азаматтары – «Укрспецэкспорт» МК қызметкерлері О.Школяренко және О.Хрульовқа қатысты бірінші сатылы соттың үкімі сотталғандардың шағымы бойынша апелляциялық тәртіпте қайта қаралды, соның нәтижесінде сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандардың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bak-ushin-akparat-astana-k-2013-zhyldyn-19-kyrkuyegi

0
0
223

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары баға берді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі және «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының» ережелеріне сәйкес ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің өкілдері үшін әскери нысандарына кезекті рет көрсету жүргізді. Комиссияға Қарағандыдағы авиациялық база мен Астанадағы десантты-шабуылдаушы бригаданың қару-жарақ пен жауынгерлік техника үлгілері ұсынылды. Инспекторлар авиабаза мен бригаданың инфрақұрылымын (әскери қалашық, казармалар, автопарк, асхана) қарап, жеке құрамның күнделікті қызметі мен оқу процесін бақылады. - Өткен жылдармен салыстырғанда, Қазақстан армиясында барлық бағыттар бойынша атап өтерлік ілгерлеушіліктер бар. Тексеру қорытындысы бойынша мен Қазақстан Қарулы Күштер…

0
0
327

Қазақстан әскери қызметшілері Беларусте «Өзара іс-қимыл» жаттығуына қатысуда

Бүгін Беларусь Қарулы Күштерінің Осиповичский полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің бірлескен «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының ашылу рәсімі өтті. Беларусь, Армения, Қырғызстан Ресей, Тәжікстан қарулы күштерінің контингенттерімен бірге салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Қарулы Күштерінің десантшылары қатысты. Бұдан екі күн бұрын қазақстандық Аэроұтқыр әскерлерінің 130 әскери қызметшісі екі С-295 ұшағымен Алматы облысының «Жетіген» әуе айлағынан Беларусь Республикасының Минскі түбіндегі Мачулищи әуеайлағына келіп жеткен болатын. – Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейде екендігін біле тұра, мен сіздердің жаттығу шеңберінде алған тапсырмаларыңызды табысты орындап, Қазақстан Қарулы Күштерінің туын биік…

0
0
363

Шенеунік болғыңыз келсе...

Жас кәсіпкерлер клубының мәліметінше, студенттер арасында жүргізілген сауалнама бойынша, сұралғандардың 80 пайызы оқуын тәмамдағаннан кейін мемлекеттік қызметкер атанғысы келеді екен. Жеке ісін дөңгелетем деушілер «бизнес ашу қиын»; «көп қаражат керек» немесе «ашсаңыз, тексеріс қаптайды» деген тәрізді қоғамда қалыптасып қалған түрлі қағидалардан бойын аулақ ұстауға тырысады. «Ақ жағалы» болуға ұмтылыстың астарын ашып көрейік. Біріншіден, мұны мемлекеттік қызметтің ерекше абыройлылығымен түсіндіруге болатын шығар. Белді бір министрліктің қабырғасында жасалатын саяси шешімдер мен жүргізілетін реформалардың басы-қасынан табылу әркімнің басына бұйыра бермейтін бақ. Сіз барлық жаңалықтар мен ел экономикасынан әрдайым хабардар жүресіз. Екіншіден, бұл қызметтің тұрақтылығы. Жеке сектормен салыст…

0
0
751

Шетелде білім алу: Oklahoma State University

Бүгін шетелдегі жоғары білім жайындағы тұрақты айдарымыздың кейіпкері Нұрбек Еңсебаев. Нұрбек Америкадағы Oklahoma State University жоғары оқу орнын энергетика мамандығы бойынша тәмамдап, өзінің көрген-білгенімен, алған әсерімен бөлісуге дайын. - Оклахома Университетіне оқуға қалай түстің? - Мен ең алдымен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне оқуға түстім, жарты жылдан кейін Болашақ бағдарламасымен төрт жылға Америкаға кеттім. - Қай мамандықты таңдадың? - Менің мамандығым - энергетика. Electrical Engineering факультетінде Power Electrical Engineering мамандығын таңдадым. - Америкадағы оқу жүйесінің қандай ерекшеліктері бар? - АҚШ-та оқытатын энергетиканың ТМД елдерінде оқытатын энергетикадан біраз айырмашылығы бар. Батыста бағдарламалау мен микроэлектроникаға аса зор мән беріле…

2
0
1685

«Дін және ұлттық мүдде» ҚР Дін істері агенттігі

Діннің қоғамдағы орны, оның сана-сезімге әсері күрделі, көп аспектілі мәселе. Соның бірі - дін мен ұлттық мүдденің арақатынасы деуге керек. Біріміз халқымыздың басын біріктіретін ең негізгі күш дін десек, енді біріміз ұлттық мүддені алдыға қоямыз. Сондықтан да «діннің орны жоғары ма, әлде төр ұлттық мүддеге тиесілі ме?» - дегенді талқыға салу маңызды сияқты. Тіл, дін, тарих, фольклор, көркем әдебиет, музыкалық мұра, отбасы тәрбиесі, әдет-ғұрып т.б. халықтың сан ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани-мәдени қазынасы жиынын «ұлттық құндылықтар» атаймыз. Ал, ұлттық құндылықтарды қайткен күнде де жоғалтпай сақтап қалу және әрі қарай дамыту шаралары мен іс-әрекеттерін жинақтап айтқанда «ұлттық мүдде» дейміз. Жаратушы-құдірет барына шын сенім барлық ұлт, ұлыстардың жүрегін баулап, оларды таза н…

0
0
690

Ғажайып аралға саяхат

Таңғы 5:30-да ұялы телефонның қоңырау сағаты жұбайыларды ұйқыларынан оятты. "Тағы 5 минут..." деген ой біріші келгенімен, күйеуінің: "Аэропортқа жетуіміз керек!!!" деген сөзі бұлардың бүгін сапарға ұшатынын есіне түсірді. Екеуі атып тұрып, ваннаға қарай жүгірді. Ол таңда шапшаң болмайтын. Мең-зең, шалаұйқы, күйеуіне таңғы асты да әзірлеуге шамасы жоқ еді. Қайта таңғы асты (сүтпен араластырылған жүгері қауыздарын) күйеуінен күтетін. Шайдан соң ұйқыларынан мүлдем оянған екеуі чемодандарын алып, тысқа шықты. Олар автобус аялдамасына қарай тартты. Бүгін аэропортқа автобуспен баруы бірінші рет еді. Осы автобустар таңғы 6-да жүре ме деген күмәндары да жоқ емес. Әйтеуір, Гуглдың айтуынша, 10 минутта келуі тиіс. Автобус та келді. Автобуста адамдар да бар екен, көбісі мексикандықтар. Олар мейрамха…

1
0
1218

Танкистер жазғы оқу-жаттығу кезеңін аяқтады

Алматы облысындағы «Көктал» полигонында батальондық-тактикалық жаттығу өтті. Оған Құрлық әскерлері танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Жаттығу барысында бөлімше шабуылға дайындық шараларын орындады, Т-72 танкісінің штаттық снарядтарымен жауынгерлік атыстардың, сондай-ақ артиллериялық қарудан тактикалық іс-қимылдарын пысықтады. Атыс жүргізу, маневр жасау тактикалық іс-қимылдары кезінде бөлімшенің жеке құрамы ұйымшылдық таныта білді. Батальондық-тактикалық жаттығудың жалғасы әскери қызметшілердің тұрғылықты орнына 200 шақырымдық марш жасауымен аяқталды. Өткізілген жаттығу бригаданың жазғы оқу кезеңінің аяқталғандығынан хабардар етті. Далалық жаттығуларды өткізу кезінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыратын, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайтын маңызды тап…

0
0
547

Жасөсіпірімдер арасында ІІІ Еуразия ойындарында Қазақстан құрамасы көш бастап келе жатыр

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдері жасөспірімдерінің ІІІ Еуразия ойындары өтіп жатыр. 17 қыркүйек күнгі есеп бойынша қазақстандықтардың қоржынында 14 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль бар. Ресейліктер 14 алтын, 9 күміс, 6 күміспен екінші орында келе жатыр. Беларусь құрамасында 1 алтын, 2 күміс, 4 қола, ал Тәжікстан құрамасында 2 күміс, 3 қола бар. Қазақстан құрамасы командалық сында велоспорт бойынша шосседегі жарыс пен спорттық гимнастикада үздік шықты. Ал жекелей сында көпсайыстан Аким Мұсаев, ауыр атлетикадан Альберт Линдер (69 кг), грек-рим күресінен Алихан Ашмахан (35 кг), Ернұр Фидахметов (50 кг), Райымбек Құрманали (58 кг), таэквондодан Артур Ким (48 кг), Аяулым Сұлтанбаева (52 кг), Сұлтан Қалибекұлы (73 кг), Еркебұлан Абылхас (78 кг), дзюдодан Адия…

0
0
368