Мазмұнға өту

Жаңа

Жасөсіпірімдер арасында ІІІ Еуразия ойындарында Қазақстан құрамасы көш бастап келе жатыр

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларусь елдері жасөспірімдерінің ІІІ Еуразия ойындары өтіп жатыр. 17 қыркүйек күнгі есеп бойынша қазақстандықтардың қоржынында 14 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль бар. Ресейліктер 14 алтын, 9 күміс, 6 күміспен екінші орында келе жатыр. Беларусь құрамасында 1 алтын, 2 күміс, 4 қола, ал Тәжікстан құрамасында 2 күміс, 3 қола бар. Қазақстан құрамасы командалық сында велоспорт бойынша шосседегі жарыс пен спорттық гимнастикада үздік шықты. Ал жекелей сында көпсайыстан Аким Мұсаев, ауыр атлетикадан Альберт Линдер (69 кг), грек-рим күресінен Алихан Ашмахан (35 кг), Ернұр Фидахметов (50 кг), Райымбек Құрманали (58 кг), таэквондодан Артур Ким (48 кг), Аяулым Сұлтанбаева (52 кг), Сұлтан Қалибекұлы (73 кг), Еркебұлан Абылхас (78 кг), дзюдодан Адия…

0
0
368

Дэвис Кубогы бойынша Қазақстанның қарсыласы анықталды


Голубев

Қазақстан Дэвис Кубогының әлемдік тобының алғашқы раундында Бельгиямен ойнайды, деп хабарлады Vesti.kz. Турнирдің жеребе салуы бүгін Лондонда болып өтті.

Қазақстандық команда үшін алдағы кездесу Астана қаласында қаңтардың аяғында өтеді. Турнир кестесінде құрама сегізінші орында екендігін атап өтейік.

Былтырғы жылы Қазақстан турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, онда трофейдің қазіргі иегері Чехияға есе жібергендігін естеріңізге саламыз.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
319

Алматыда гольфтен дәстүрлі «Kazakhstan Open» турнирі басталды

Бүгін Алматыдағы «Нұртау» гольф-клубында кәсіпқой гольфшілер арасында ІХ «Kazakhstan Open» турнирі басталды. «European Challenge Tour» аясында өтіп жатқан бұл жарысқа биыл 132 спортшы қатысуда. Оның 100-і — Челлендж-тур рейтингінде үздіктер қатарында тұрғандар. Онда ел намысын кәсіпқойлар арасында Константин Лифанов, Марк Николс, Андрей Павлов, Александр Вонгай, Куртис Клемент, Александр Майоров, Сим Джей Донг, әуесқойлар арасында Канг Буюнг Ку пен Дәулет Төлеубаев қорғамақ. Жүлде қоры 400 мың еуроны құрайтын бұл турнир European Challenge Tour додасындағы ең ірі жарыстардың бірінен саналады. Елбасының бастамасымен 2005 жылдан бері ҚР Гольф федерациясы тұрақты ұйымдастырып келе жатқан бұл бәсекенің негізгі сайысының алдында өтетін Pro-Am (мастер-класс) матчы қазақстандық әуесқой гольфшілер…

0
0
251

Жоғары хокей лигасында «Қазцинк — Торпедо» көш бастап тұр

Кеше Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» сырт алаңда «ВМФ-Карелия» (Карелия Республикасы, Ресей) командасын жеңіп, ұпай саны жағынан Жоғары хоккей лигасында бірінші орынға көтерілді. Кешегі ойын — «Қазцинк-Торпедо» хоккейшілерінің сырт алаңдағы алғашқы матчы. Бұған дейін олар өз алаңында үш ойын өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен. Осы жолы да «Қазцинк-Торпедоның» мерейі үстем болды. Ойынның бірінші кезеңінде-ақ Өскемен хоккей клубының жігіттері қарсыластардың қақпасына үш бірдей шайбаны кіргізді. Константин Савенков дубльдың авторы атанса, Евгений Рымарев үшінші шайбаны шебер сала білді. Одан кейін Юрий Сергиенко «ВМФ-Карелияның» қақпашысын төртінші рет қапы қалдырды. Қарсыластар болса, ойынның әрбір кезеңінде бір-бір шайбамен жауап берумен болып, есеп айырмасын 4:3-ке дейін қысқартты.…

0
0
383

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Югра»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда алғашқы ойынын өткізеді. Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ол жергілікті «Югра» командасымен кездеспек. Айта кеткен жөн, ҚХЛ-дың жаңа маусымына дейін «Барыс» пен «Югра» бірнеше рет кездесіп, күш сынасып көрген болатын. Тамыз айында олар ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнирде ойнаған. Ол кезде екі рет қатарынан «Барыстың» мерейі үстем болды. Ал соңғы Иван Ромазан атындағы хоккей додасында «Югра» өз есесін қайтара білді. Алайда барлық матчтарда екі команданың да дайындығы бірдей екендігі барынша байқалды. Таразы басы да бірде «Барысқа», бірде «Юграға» ауып тұрды. Ал ЖХЛ-дың жалпы турнирлік кестесіне қарасақ, астаналық клубтың бір қадам алда екендігін көруге болады. Мәселен, «Югра» соңғы бес ойында…

0
0
366

Адамзат өмірінің басты тірегі...

Соңғы кездері өмірімнің кейбір шарттарының қалыптасуына байланысты жаным мен жадымда сақталып жүрген, мені толғандырып жүрген басты мәселемен бөлісу арқылы блогымды жаңа жазулармен толтырғым келіп отыр. Бұл мәселені ойға салып, мүмкін қорытынды бір шешімге келетін болымын. Жазбаларымды периодты түрде шығарып отырамын, менің жоспарым бойынша үлкен және ауқымды мақаланы бөліктерге бөліп шығару ыңгайлы және мәселені талқылау теренірек болады. Сондықтан қызығушылық тудырған жандарға бірге болайық - деп айтқым келеді. Бірінші бөлім: Адамзаттың абстрактылы мәні... Әр адамның өмірінде рухани қалпының көрсеткіші ретінде ең басты рольдердің бірі әрине дін болып келеді. Сана-сезіміміз толық қалыптасқаннан бері жанымызды қадағалайтын серіктеріміздің бастысы да сол. Тұрғылықты жері мен мәдениетіне ба…

0
0
2041

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Осы жарқын дүниеге келе салысымен ата-анамыз бізді қанаттыға қақтыртпай, тұмсықтыға шоқтыртпай, мәпелеп өсіреді. Бақшаға гүл отырғызып, өсіргендей бізді өмірлерінің ең бір маңызды бөлшегіне айналдырып, аялап, мерейіне бөлейді. Біз дүниеге келген сәттен бастап олар өздері үшін емес, біздер үшін өмір сүреді. Не істесе де біздер үшін істейді. Кішкентай кезімізден бастап бізді өмірге үйрететін ол ата-анамыз. Қазір біз неше түрлі тағамның дәмін татып, астан ағзамызға арнайы энергия қорын жинаймыз. Ал тамақтану үшін сол қарапайым қасықты қолымызға ұстатып үйреткен ата-анамыз. Біздің жастар киім талғауда да шебер,сол киімді киюді де үйреткен ата-анамыз. Өз пікірімізді айтып, ойымызды еркін жеткіземіз, қарап тұрсақ сөйлеп те үйреткен ата-анамыз. Бір жағынан осындай түкке тұрғысыз жәйттар, шынында…

0
0
26120

Қаржы полициясы локомотивтерден дизельдік жағар май ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері локомотивтерден аса ірі мөлшерде дизельдік жағар майды ұрлаудың қылмыстық схемасын анықтап, оның жолын кесті. Тергеуге сәйкес Семей қаласының тұрғыны А.Қарабев басқарған және құрамына оның жақын туыстары мен «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының қызметкерлері кірген қылмыстық топ 2012-2013 жылдары 56,7 тонна мөлшерінде дизельдік жағар май ұрлаған. Тергеу анықтағандай, дизельдік жағар майды ұрлау келесі схемамен жасалған: «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының локомотив машинистері құжаттарға жалған мәлімет енгізу арқылы жағар майдың жұмсалуын жоғарылатып көрсеткен, сөйтіп артық мөлшерін қалыптастырған. Одан соң «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің диспет…

0
0
230

Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық волейболшы қыздарды жапондықтар сүріндірді


Қазақстан құрамасы
Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жеңілістің ащы дәмін татты.

Топтық сында қарсыласқа дес бермеген олар 1/8 финалдағы екінші ойында өткен жылғы құрлықтың біріншіліктің күміс жүлдегері саналатын Жапония спортшыларына 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алғашқы ойында қазақстандықтарға 0:3 есебімен ойсырата ұтылған вьетнамдықтар жарыс қожайындарынан да дәл осындай есеппен жеңіліс тапты. 21 қыркүйекке дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде енді ширек финалдық ойындар басталады. Онда қазақстандықтардың қарсыласы Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Тайбэй құрамаларының бірі болмақ.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
406