Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

М. Құл-Мұхаммед Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрімен кездесті

2013 жылғы 20 қыркүйек күні Қырғызстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде М.А. Құл-Мұхаммед Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раевпен кездесті.

Кездесу барысында М. Құл-Мұхаммед екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. С. Раев Қырғыз Республикасының мәдениет күндерін ұйымдастыру жөнінде қолдау үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, М. Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы бауырлық серіктіктестіктің одан әрі дамуына сенім білдірді.

   

0
0
502

Осы тақырып бойынша

М. Құл-Мұхаммед Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрімен кездесті - Yvision.kz