Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семейге аттанды

Хорст Хрубеш

Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семей қаласына ұшып шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Хорст Хрубеш — танымал неміс футболшысы және жаттықтырушысы. 62 жасқа келген аяқдоп шебері Германия құрамасы үшін 21 матчта ойын көрсеткен.

Месут Озиль, Сами Хедира, Томас Мюллер, Андре Шюррле, Марио Гётце сынты атақты футболшылар Хрубештің шәкірттері.

Хорст Хрубеш Германияның жалпы футбол тарихындағы үздік шабуылдаушылардың ондығына кіреді. Оған қоса, неміс футболының үздік 33 ойыншысының бірі.

Хорст Хрубеш — УЕФА Еуропа жаттықтырушыларының үйлестіру кеңесінің мүшесі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
277

Осы тақырып бойынша

Әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семейге аттанды - Yvision.kz