ҚР Дін істері агенттіктің Төрағасы Қ. Лама Шариф ЕЫҚҰ өкілдерімен кездесті
Ү.ж. 26 қыркүйекте ҚР Дін істері агенттіктің Төрағасы Қайрат Лама Шариф ЕЫҚҰ Іс басындағы Төрағасының христиандар және басқа да дінтұтушыларға қатысты нәсілшілдік, ксенофобия және кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі Тетяна Ижевска және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Заруднамен кездесті.
Кездесу кезінде а.ж. 25 қыркүйегінде өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығына орайластырылған «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның нәтижелері, сонымен бірге ҚР Дін істері Агенттіктің ЕҚЫҰ-мен кейінгі ыңтымактастыққа қатысты мәселелер қарастырылды.
