Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қорғаныс министрлігі күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Қазақстанда қазан айының 1-інен бастап жастарды күзгі мерзімді әскерге шақыру басталады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 10 мыңнан астам адамды шақыру жоспарлануда.

Әскерге шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылады.

Науқан қарсаңында шілде мен қыркүйек айлары кезеңінде мерзімді әскерге шақырылушыларды алдын-ала іріктеуге байланысты әскери басқару органдарының мамандары әскерге шақырылатын контингентке тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен жеке дара сондай-ақ әскерге шақырылушының жұмыс істейтін немесе оқу оқитын орны өкілдерімен әңгімелесу арқылы жүргізілді.

Жеке дара әңгімелесудің барысында жас азаматтың адамгершілік және іскерлік қасиеттері, денсаулық жайы, дене тәрбиесінің дамуы, жалпы білім деңгейі, арнайы дайындығы мен отбасылық жағдайының жалпы картинасы анықталды.

Әскерге шақырылушылардың жеке істерін сапалы тексеру жұмыстарына Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, ЗАГС, денсаулық сақтау ұйымдары мен облыс жұртшылығын әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері тартылды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заң бойынша мерзімді әскери қызметке он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы кейінге қалдыруға жатпайтын әскерге шақырылудан босатылмаған Қарулы Күштерді жасақтауға қажетті азаматтар шақырылады. Әскери бөлімдерге іріктеу және тарату кезінде әскерге шақырылушының әскерге дейінгі мамандығы есепке алынады.

Әскери бөлімдерге жасақтау экстерриториялық принцип бойынша жүзеге асырылады. Мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру уақыты он екі ай.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
471

Мұхтар Құл-Мұхаммед атақты актер Жерар Депардьемен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының  мәдениет және ақпарат министрлігінде М.Құл-Мұхаммед пен атақты француз актері Жерар Депардье мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар кинематография саласында серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Депардье мырза министрге "Қазақфильм" АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан қазақстандық жобалар мен болашақтағы кино саласындағы жұмыстардың жоспарлары туралы баян етті.

 

 
0
0
458

Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді

Академиялық есу
Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарыста ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 күміс, 3 қола медальмен 5-орын алды. Атап айтқанда Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, Мария Василева мен Мария Поида жұптық жарыста және командалық жарыста ел қоржынына 3 күміс медаль салды. Жекелей сында Александра Опачанова 2 бірдей қола жүлдені иеленді. Ал ерлер арасында ел қоржына түскен жалғыз қоланы жұптық жарыста Григорий Феклистов пен Дмитрий Филимонов қосты.

Енді 13-18 қазан айында Самарқандта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты болады. Жалпы Азиялық есу федерациясы 1982 жылы құрылған болатын. Ол қазіргі таңда 32 елдің ұлттық федерацияларының басын қосып отыр.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
434

Әйелдер боксынан жасөпірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль олжалады

Әйелдер боксынан жасөпірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан 21-28 қыркүйек күндері жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті.

Онда жастар арасында 28 елдің және Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА атынан қатысқан) 149 боксшының арасынан қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль олжалап командалық есепте үшіші орын алды. Атап айтқанда Гаухар Ермекбай (69 кг) әлем чемпионы, Айдана Арапбаева күміс және Алуа Барлықбекова (48 кг), Валентина Халзова (75 кг), Анастасия Рилина (81 кг) қола жүлдегер атанды. Ал жастар арасында 29 елдің және АIВА атынан қатысқан 150 боксшының арасынан қазақстандықтар 10-орын алды. Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен Назерке Жұрғараева (46 кг), Әсел Асқарова (48 кг), Балауса Мұздыман (54 кг), Любовь Хассиева (66 кг), Ақмарал Шамшиденова (80 кг) әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Жартылай финалда жеңіліс тапқан Әйгерім Ошақбай (52 кг), Назым Ишжанова (57 кг), Екатерина Анисимова (630 кг), Аида Абықаева (63 кг), Баян Ақбаева (70 кг), Алтын Мұқышбекова (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат -Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
486

Алматыдағы дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі — ҚР Дзюдо федерациясы

дзюдо академиясы
Алматы қаласында бой көтеретін дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі.

Бұл туралы «KAZsport» телеарнасына сұхбат берген ҚР Дзюдо федерациясының вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлім етті.

Айта кетейік, Алматыда алғаш рет өткен дзюдодан әлемдік Гран-би бәсекелері аясында қала әкімі Ахметжан Есімов пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Дзюдо академиясының капсуласын салтанатты түрде қалаған болатын. Жаңа ғимарат Байзақов пен Шевченко көшелері қиылысында орналасқан спортта дарынды балалардың республикалық мектеп-интернаты аумағында бой көтереді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
474

Олимпияда Сочи олимпиадасының алауы жағылды


Олимпияда Сочи олимпиадасының алауы жағылды

Ерте дәуірде Олимпиадалық ойындар өткен грек  жеріндегі Олимпияда 2014 жылы Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиаданың алауы жағылды.

Салтанатты рәсім ежелгі стадион орнында өтті, деп хабарлады РБК.

Салтанат олимпиада жалауын көтерумен басталды, хор РФ мен Грекияның мемлекеттік әнұрандарын орындады. Мінберден ресми адамдар — Олимпия мэрі Ефтимиос Котзас, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах (Олимпияға келу  оның ХОК президенті ретіндегі шетелге алғашқы сапары болды), «Сочи-2014″ ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко және Грекия Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Сприос Капралос сөз сөйледі.

Олимпиада алауын абыз рөлін орындаған актриса жақты, білте параболалық айнаның ішіне орналастырылған болатын және күн сәулесімен тұтанды (бұл олимпиадалық отты гректің күн құдайы Аполлоннан алғанын білдіреді).

Алау жағылғаннан кейін алты атлет қарусыз би биледі, бұл Олимпиада кезінде соғыстардан бас тартуды білдіреді.

Ресейлік алғашқы алаугер хоккейші Александр Овечкин болды, ол қысқы костюм киіп, ежелгі стадионмен жүгіріп өтуі тиіс болатын. Ол алауды грек шаңғышысы Яннис Антониудан алды. Эстафета 2014 жылы 7 ақпанда Сочиде аяқталады,  оған дейін Грекия аумағы арқылы алып өтіп, 5 қазанда Ресей делегациясына салтанатты түрде тапсырылады.

Алғашқы олипиадалық алау эстафетасы 1936 жылы өткізілді (қысқа Олимпиадалар үшін 1952 жылдан бастап өткізіле бастады).

   
0
0
520

«Астана» баскетбол командасының таныстырылымы өтті


Бүгін елордада «Астана» баскетбол клубының жаңа маусымының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Sports.kz.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырылған, биыл «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрылымына кірген команда өзінің тарихындағы үшінші баскетбол жылына кірісуге әзірленуде.

Кездесуге көптеген жанкүйерлер, спортшылар, журналистер қатысты. Баспасөз мәслихатында елордалық клуб өкілдері жаңа маусымда ВТБ Бірыңғай Лигасында және басқа турнирлерде астаналық командадан жанкүйерлер не күте алатыны туралы әңгімеледі.

«Самұрық-Қазына» қоры табысты спорттық жобаларды әрдайым да қолдап отыратын болады. Биылғы жылы «Астана» баскетбол командасы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірді, енде таяудағы болашақта бұл жоба да біздің велокоманда сияқты Қазақстанның бренді болады деп сенемін», — деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры Дархан Кәлетаев.

«Біз 14 қазанда жаңа маусымды ашамыз. Алдағы маусым туралы айтар болсам, біздің команда үшін жеребе тарту жақсы өтті. Биылғы жылы біздің қарсыластарымыз алты жаңа команда болады, олар Қазақстанда әлі болған жоқ. Олардың арасында мәселен, ЦСКА, ВЭФ, «Летувос Ритас», «Волоград» командалары бар». Биылғы жылы біз «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірдік, өткен маусымда ВТБ Бірыңғай Лигасының плей-офф қатарына өттік, енді біз бұдан да жоғары межені көздейміз», - деді «Астана» баскетбол клубының бас директоры Валерий Тихоненко.

Команданың бас жаттықтырушысы Маттео Боничилолли «алдымызда жұмыстар жетерлік, бізді күрделі маусым күтіп тұр. Мен бір нәрсеге сенімдімін — ол: біздің қазіргі құрамымыз соңғы жылдардағы ең күшті деп айта аламын. Біз Қазақстанды жаңа жеңістерімізбен қуантатын боламыз», -деген пікірін білдірді.

 
0
0
754

Письма из Шымкента. Гәп

Айнур Нуртай поучившись в США, поработав в больших городах, вернулась в родной город. Здесь тоже жизнь бьет ключом, иногда по голове. О ней она и будет рассказывать читателям Esquire.kz в своих письмах.

На выходных сходила с мамой на ГӘП – большинству это слово мало о чем скажет, но на Юге все знают, что значит «сыграть в гәп». Шымкентские женщины не сидят по кофейням, не ходят в ночные клубы, зато один раз в месяц собираются вместе – соседи, родственники, коллеги – и весело, с пользой проводят время. Правила игры в гәп и сама игра незамысловатые. Жребий определяет того, кто предоставит дом и накроет на стол. Затем устанавливается сумма сбора с каждой участницы – обычно не меньше 10 тыс. тг. – на часть из них хозяйка накрывает стол, а на оставшееся может купить себе все что захочет.

Гәп очень популярен в Узбекистане, Кыргызстане и в Южно-Казахстанской области, ведь он дает женщине возможность легитимно выйти из дома на три или, если вечеринка задастся, целых пять часов. Это своеобразный нетворкинг ивент: здесь можно найти толкового гинеколога, узнать о последних тенденциях в местной моде, показать себя, посмотреть на других, посплетничать. И все это под народным, традиционалистским соусом.

Сегодня на гәпе самыми обсуждаемыми темами были платья из корейских бутиков, размеров L и XL, и оптимальный возраст для брака. По последнему пункту большинство сошлось во мнении, что чем раньше, тем лучше, каждая тетушка выразилась в том смысле, что надо побыстрее пристроить свою дочь или внучку. Ведь парней мало, а стерв все больше и больше – именно так дословно сказала хозяйка приютившего нас дома, дородная дама лет 45-ти. В итоге мама пришла домой расстроенная, вся в слезах, ей было не очень комфортно из-за все еще незамужней меня. На мой вопрос: «мама, зачем вы ходите туда, откуда приходите в слезах?», она ответила: «мне там интересно, ведь мы же обсуждаем разные темы. Просто в этот раз не повезло». Хотя мама лукавит, все ее подруги давно и сильно переживают по моему поводу. Сопереживать, что иногда означает сплетничать – это важный компонент гәпа.


Читайте также:

Секс по-казахски

Журналист Азел Жанибек вела сексуальную колонку в женском журнале на казахском языке. О том, с какими трудностями она столкнулась, Азел рассказала Esquire.

       
0
0
1648

«Отар» 40-әскери базасында жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас офицерлермен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Офицерлердің бұл санаты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне, сондай-ақ ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысына және ҚР ҚК Қару-жарақ бас басқармасына тікелей бағынысты бөлімдерге таратылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері биыл Қазақстанның, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының жоғары оқу орнын бітірген 70-тен астам түлектермен толықты.

Он күн бойы жиын жетекшілері басшылық құжаттардың негізгі талаптарын жеткізу жөніндегі жұмысты жүргізді. Лейтенанттар негізгі оқу пәндері бойынша сынақтар тапсырды. Олардың атыс, дене даярлығы, арнайы, техникалық, саптық даярлық пәндері және жалпы әскери жарғылар бойынша білімдері бағаланды.

Сондай-ақ жиын барысында мәдени-демалыс жұмыстары белсенді жүргізілді – әскери бөлімдер көркемөнерпаздары концерттер қойып, жас офицерлерге оқу-әдістемелік фильмдер көрсетілді және спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылығы мен жиын әкімшілігі жас офицерлердің назарын олардың әрқайсысының кәсіптік даярлығының негізі өздігінен дарлану болып табылатындығын және әрі қарайғы қызметте ұмтылу қажет мақсаттардың бар екендігіне аударды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
880