Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияға ресми сапары барысында осы елдің Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті.

ҚР Қорғаныс министрі түрік үкіметінің басшысымен кездесу кезінде Анкарада Түркияның жоғары әскери басшылығымен болған кездесулер мен түрік әскерінің жауынгерлік дайындығы және қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен танысу шаралары екіжақты әскери ынтымақтастықты жандандыруға айтарлықтай қарқын беретінін атап өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі:
– Түркия әскері Солтүстікатлантика альянсы елдері арасындағы ең жетілдірілген және тиімді армия. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс ведомствосы және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықты табысты дамытуға үлкен маңыз береді, – деп атап өтті.
Әділбек Жақсыбеков пен Реджеп Ердоған әскери саладағы қазақ-түрік өзара іс-қимылдары Қазақстан мен Түркия мемлекет басшылары қол жеткізген өзара ынтымақтастық шеңберінде одан әрі де жемісті дами беретініне сенім білдірді.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
318

Осы тақырып бойынша