Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкентте өткен ел чемпионатында батысқазақстандық жеңіл атлеттер үш медальді иеленді

Шымкент қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде батысқазақстандықтар үш медальді иеленді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 31 команда қатысты. Батыс Қазақстаннан 9 спортшы барып, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова алтыннан алқа тақса, Александра Павлышина қола жүлдені иеленді. Ал Марина Солодовникова найза лақтырудан екінші орынға көтерілді.

БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
268

Кенжесариев ауруханадан шықты

Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Эмиль Кенжесариев ауруханадан шықты., деп хабарлайды alaman.kz сайтынан. Эмиль бір айдан кейін Германияға барып, кезекті операциясын жасатады. Оған дейін туысқандарымен Алматыда болады. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Алматыда Эмильді соққыға жыққан болатын. Кейін осы іске қатысты күдікті де ұсталған еді. Алматы қалалық ішкі істер басқармасы футболшы Эмиль Кенжесариевті соққыға жыққан күдіктінің ұсталғанын, бірақ ол өз кінәсін мойындамай отырғанын мәлімдеген. Күдіктінің айтуынша, Кенжесариев сол күні Алматыдағы караоке барлардың бірінде болып, кейін кетерде ақшасын төлеуден бас тартқан. Және бардың күзетшісімен (күдікті де осы жігіт) байланысып қалған. Кейін күзетші (күдікті) оны бардан итеріп шығарып жіберген. Кейін Эмиль такси ұстап кетіп…

0
0
306

Әділ Бөрлібаев Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Әділ Бөрлібаев

28-30 тамыз күндері Теһранда Азия теннис федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Алқалы жиынның күн тәртібіне АТФ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қойылып, Қазақстан тарабынан аталған кеңес мүшелігіне ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев кезекті мәрте кіріп отыр. Сонымен қатар ол Азия теннис федерациясының даму және жасөпірімдер теннисі жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетерлігі, аталған лауазымға Қазақстан өкілі алғаш рет тағайындалып отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
346

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

Біріккен Араб Әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасында ХVII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін топтық сындағы ақырғы ойында Кувейт құрамасын 3:0 (25:23 25:15 25:17) есебімен ұтқан қазақстандықтар «С» тобында 2-орын алып, 1/8 финалға шықты. Сенбі күні олар 2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанған ирандықтарға 0:3 есебмен жеңілген болатын. Дәл осындай есеппен кеше кувейттіктерді қапы қалдырған ирандықтар мүмкін болған 6 ұпаймен топ жеңімпазы атанды. Енді 1-2 қазан күндері өтетін 1/8 финалық сында қазақстандықтар «F» тобында жоғары нәтиже көрсеткен Оңтүстік Корея мен Ирак волейболшыларымен күш сынасады. Жалпы Азия чемпионатында оңтүстіккореялықтар 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары 4 рет жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандықтар олармен 1993 жылы ақты…

0
0
449

Қазақстандық спортшылар Бельгияда өтетін спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионатына қатысады


Белгиялық Антверпен қаласында спорттық гимнастика бойынша әлем чимпионаты басталды, оған қазақстандық спортшылар да қатысуда.

Бір апта ішінде 71 елден келген спортшылар 12 медаль жиынтығын сарапқа салмақшы. 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында біліктілік жаттығулары өтеді. Ерлер көпсайыс финалына 3 қазан күні қатысады, ал әйелдер спорттың осы түрі бойынша келесі күні бағын сынамақшы. Ал қалған 4, 5 және 6 қазан күндері спорттың жеке түрлері бойынша ақтық сындар өтеді.

Қазақстанның әйелдер құрамасында Жанерке Дүйсек, Инна Васильева, Анна Гейдт өнер көрсетеді. Ерлер құрамасында Степан Горбачев, Максим Петришко, Станислав Валиев, Виктор Кочерин, Әзізбек Құдратуллаев бар.

   

БРЮССЕЛЬ-АНТВЕРПЕН. ҚазАқпарат

0
0
362

В Шымкенте пройдут V республиканские сельские спортивные игры «Ақ бидай»

АГЕНТСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ДЕЛАМ СПОРТА И ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ АКИМАТ ЮЖНО – КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕСС – РЕЛИЗ В городе Шымкент (ЮКО), в период с 7 по 15 октября 2013 года пройдут V республиканские сельские спортивные игры «Ақ бидай». Данные соревнования входят в официальный спортивный календарь Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры. В программу игр, которые проходят один раз в четыре года, вошли соревнования по 12-ти видам спорта – волейбол, мини-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гиревой спорт, армрестлингу и национальные виды конного спорта – көкпар, аламан бәйге (21 км.), бәйге (11 км.), теңге ілу, аударыспақ и қыз қуу. Согласно регламента игр, игры проводятся в 4 этапа: 1 этап – массовые соревнования в коллективах физической культуры; 2 этап –…

0
0
422

2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінде Еуропа өңіріндегі Өңірлік оқу орталығының және Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық дамуының Өңірлік офисі басшыларының Кездесу-отырысы өтеді

2013 жылғы 2-4 қазан аралығында Астана қаласындағы Өңірлік оқу орталығының базасында Борабай кентінде Еуропа өңіріндегі Өңірлік оқу орталығының және Дүниежүзілік кеден ұйымының Институционалдық дамуының Өңірлік офисі басшыларының Кездесу-отырысы өтеді. Аталған шара 2013 жылғы 21-22 ақпанда Брюссель қаласында (Бельгия) Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде өткен Институционалдық дамуының Өңірлік офисі, Өңірлік оқу орталығының басшылары мен Офис Вице-Төрағаларының 8-ші бейресми кездесудің жалғасы болып табылады. Отырыста ДКҰ ИДӨО басшылары, Қазақстан, Әзірбайжан, Македония, Венгрия, Ресей Федерациясы, Украинадағы ДКҰ ӨОО басшылары, Грузия және Швеция кеден әкімшілігінің өкілдері, сондай-ақ Еуропа өңіріндегі ДКҰ өңірлік дамуының менеджері қатысады. Күн тәртібінде Оқу қызметі мен Өңірлік…

0
0
373

Камералдық кедендік тексеру- кедендік бақылаудың ерекше түрі

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі- Кодекс) 199 бабында қарастырылған кедендік бақылау нысандарының арасында, әдетте тауарларды шығарғаннан кейінгі жүргізілетін, «кедендік тексеру» түріндегі кедендік бақылау «нысаны» ерекше рөл атқарады. Кодекстің 211-бабына сәйкес, кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді. Кодекстің осы баптың 7-тармағына сәйкес, кедендік тексеру камералдық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады. Кеден органы орналасқан жерде және тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізуіне байланысты, камералды…

0
0
2056

Жедел мәліметі

Өткен аптада 2013 жылғы 23 мен 28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша: - 86 әкімшілік іс қозғалды; - 6 721 473 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды; - 8 қылмыстық іс қозғалды. 26.09.2013 жылы Алматы қ. бойынша КБД қызметкерлерімен жалпы құны 22 732 615 теңгеге халық тұтынатын тауарлардың контрабандасының фактілері анықталып, жолы кесілді. Экономикалық контрабандасының фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде. 26.09.2013 жылы жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар ауылының маңайында «Қордай» кеденінің және Жамбыл облысы бойынша КБД қызметкерлерімен ҚР азаматы ұсталып, одан жалпы салмағы 119 кг марихуана - есірткі заты алынды. Аталған факт бойынша қы…

0
0
275

Жедел мәліметі

Өткен аптада 2013 жылғы 9 мен 15 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша: - 106 әкімшілік іс қозғалды; - 1 570 168 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды; - 7 қылмыстық іс қозғалды. Атырау облысы бойынша КБД қызметкерлерімен ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлімі бойынша Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы 2008 жылы шыққан жалпы құны 4 235 000 теңге «Toyota RAV4» маркалы автокөлігін заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қостанай облысы бойынша КБД қызметкерлерімен Қостанай облысы бойынша ІІД ҰҚҚКБ бірлесе ЖІШ нәтижесінде Беларусь Республикасының жалған құжаттарымен ҚР жол полициясы органдарына тіркеу есебіне қойылған 2007 ж.ш. «VOLKSWAGEN CARAVELLE T5» маркалы автокөлігін ҚР ҚК 209 бабының 1 бөлімі бойынша…

0
0
250