Антигептилшілер баспасөз конференциясын өткізеді
ПРЕСС-АНОНС
3 қазан күні сағат 11.00-де «Халықтық альянс» қозғалысы және «Антигептил» тобы өз белсенділерінің заңсыз ұсталуына байланысты баспасөз конференциясын өткізеді.

30 қыркүйек күні 10 белсенді Парламент депутаттарына гептил отынымен ұшатын зымырындардың ұшырылуын тоқтату, АЭС және Ядерлік отын банкін салдырмау, барлық шетелдік әскери полигондарды жабу туралы талаптары бар хат тапсыруға барды.
Алайда оларды полиция ұстап, 200-ден астам адамның қолы қойылған хатты депутаттарға жеткізілмеді.
Белсенділер өздерінің ұсталғанын және сотталғанын заңсыз әрекет деп санайды.
Осы және басқа тақырыптарға байланысты ақпарат баспасөз конференцияда жарияланады.
Сонымен бірге алдағы митингке дайындық туралы да ақпарат беріледі.
Баспасөз конференция ұйымдастырушылары:
1. Рахимжанов Асхат – ЖСДП Астана қалалық филиалаының төрағасы
2. Блялов Болатбек – «Адам құқықтары және демократия институт» ҚБ президенті
3. Еділ Макенов – «Парламентаризмді дамыту қоры»
4. Икебаев Рахат – «Халықтық альянстың» Астана қаласы бойынша үйлестірушісі
Байланыс үшін:
Жабаев Нұрлан – 8 701 888 47 05
Өткізу орны: Желтоқсан көшесі, 32/2 үй, кіру ар жағынан
