Мазмұнға өту

Жаңа

Қорғаныс министрлігінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов депутаттарға әскери білім мен әскери ғылымды дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери кадрларды дайындаудың тұрақты жүйесі қалыптасты. Әскери білім жүйесі әскери ғылымның даму тәжірибесіне негізделген. Әскери өнердің теориясы мен тәжірибесін игерудің нақты әдістемесі жүйеленді.

Отырыс барысында депутаттар әскери кадрларды және жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау, олардың оқу-материалдық базасын нығайту, әскери-техникалық әзірлемелерге мемлекеттік тапсырысты жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде әскери білім жүйесін мектептердегі бастапқы әскери даярлықтан бастап жоғары білімге дейін жетілдіру, ғылыми мекемелердің қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасын құру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ еліміздің қолданыстағы заңнамасын одан әрі жетілдіру арқылы Қазақстан Республикасындағы әскери білім мен ғылым процесін бұдан әрі дамыту қажеттігін атап көрсетті.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, ҚР Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының, ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің өкілдері қатысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
534

Астанада үздік Ақмола өңірлік гарнизонының әскери жүргізушісін таңдайды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үздік жүргізуші байқауын алғаш рет өткізуде. Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелерінен келген өкілдер үш күн бойы өз шеберліктерін көрсететін болады. Олар автокөліктердің барлық түрлерін жүргізуден, бұзылған деталін жөндеуден, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуден сайысқа түседі. Үздік жүргізушіні таңдау кезінде кәсіби әскери қызметшіге тән барлық қасиеттер назарға алынады.

Байқауға тәртібі жақсы, денсаулығы мықты әскери қызмет бойынша тек ең үздік жүргізушілер қатыстырылуда.

Бүгін Астана қаласындағы 83205 әскери бөлімінде «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атты алғашқы байқаудың (теория бойынша) бірінші кезеңі өткізілді. Қатысушылар жауынгерлік әзірлік, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Сап жарғысы, жолда жүру ережесі, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша тексеруден өтті. Сонымен бірге, әскери жүргізушілер АК-74 автоматын шашып қайта жинаудан сайысқа түсті.

- Біздің армия жаңа кәсіби деңгейге көшуде. Барлық сайысқа қатысушылар - өз істерінің шеберлері. Ертең біздің алдымызда жауынгерлік сайыстың жеңімпазын анықтау жөнінде күрделі міндет тұр, - деді 83205 әскери бөлімінің командирі полковник  Айдар Абдрахман.

Ертең байқауға қатысушылар тәжірибе жүзінде автокөлікті басқарудың қыр сырларын көпшілікке танытады. Астана десантшы-шабуылдаушылар бригадасының автосынақ жолында әскери жүргізушілер КамАЗ-43114, ГАЗ-3302, ВАЗ-21214 автокөліктерін жүргізудің әртүрлі күрделі элементтерін орындайтын болады. БАҚ өкілдерін «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атты бірінші байқаудың қорытынды кезеңін насихаттау үшін шақырамыз.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
387

« Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу» I халықаралық конференциясы

" Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу" I халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

Асылдың тұяғы - Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов филологтар қауымдастығын құру жайында

Татарстан ғылым академиясының вице - президенті Джавдет Сүлейманов конференцияның маңызын айтуда

Қытайда да түркі тілдерін зерттеу институты бар екен. Сыйлық ретінде көптілді электронды сөздік әкеліпті.

Әл фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Уалшер Түкеев машиналық аударма туралы айтып жатыр

Түркиялық ғалым Эсреф Адали латындандыру туралы баяндама жасауда

Конференцияның ғалым хатшысы hәм координаторы - Әйгерім Кеулімжай

Ұйымдастырушы қыздар

0
0
877

Қаллеки — қазақ театрының 23 маусымы ашылды

Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының 23 маусымы Абай қойылымымен ашылды.

Абайдың рөлін Нүркен Өтеулов сомдады.

Абайдың халқы үшін шеккен уайымы, халқы үшін кешкен мұңы бұл қойылымда керемет жеткізіледі.

Астана қаласының тұрғындары, қонақтары, театрға барыңыздар, керемет қойылымдарды көріңіздер.

0
0
651

Біз «АТФБанк»-пен арадағы ынтымақтастықты кеңейтудеміз

Достар! Біз өзіміздің дата-орталықтарымызда банктіңжабдықтарын орналастыру туралы «АТФБанк»-пен келісімшартқа отырдық.

Бұл жерде бизнес-жобаларды іске асыруда қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ететін, оның ішінде қорғаныстың жоғары деңгейі менресурсты еселеудің шексіз мүмкіндігін ұсынатын Tier-II санатындағы дата-орталық туралы сөз болып отыр!

«Айтпақшы, әріптестермен жасалған SLA-келісімшарты (ServiceLevelAgreement) ТОП-менеджерлердіңназарын аударатыны анық! Бұл келісім клиенттіңқызмет көрсетуші тарапынан күтетінқызметтің сапа деңгейін бекітуменқоса, қызмет көрсетуші тараптың жауапкершілігін де бекітеді.

Бұған дейін «АТФБанк» АҚдеректерді сақтау үшін Алматыда орналасқандата-орталықтың IT-ресурсынпайдаланып келді. Бірақ біздің жаңа ұсынысымыз – Деректерді өңдеу орталығы -банктіңықыласын аударып, ынтымақтастық мүмкіндігіқарастырылды. «АТФБанк» клиенттер мен операциялар туралы деректер мен банк мәліметтерінсақтаудың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бізбен келісімге отырды.

IT жөніндегі біздің бас директорымыз Марат Әбділдәбеков, бұл келісімкомпанияның корпоративтік сегментіндегі ең ірі жетістігі екенін айтты.


«Әріптестік – республикалық көлемде жұмыс істегісі келетін кез-келген компанияның бизнесті дамытуда стратегиясының үйлесімді элементі. Бұл хостингілікалаң қызметін ұсыну саласындағы ірі мәміле екенін және корпоративтік бизнес сегментіндегі үлкен жетістік екенін жасырмаймын», деді ол.

Оған қоса, қазірден бастап банктің Астана немесе Алматыдағы Деректерді өңдеу орталықтарынан резервтік алаң алу мүмкіндігі талқылануда, бұл шара нысанның жұмысын тоқтатпастан жөндеу-профилактикалық жзұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.Әдбілдәбеков мырзаның атап көрсетуінше, Павлодардағы Дата-орталықОрталық Азиядағы Tier III санатындағыалғашқыОрталық болып табылады.

«Ол нысанға екі қосалқы стансадантәуелсіз қосылуға мүмкіндік беретін екі электр-қоректендіруші арна тартылған. Бұл арналар нысанды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге кепілдік береді. Бұл дата-орталықтың қуаты 5,4 МВт, алрезерв деңгейі - N+1 тең», деді Марат Әбділдәбеков өз сөзінде.

 
0
0
374

НАТО сарапшылары: қазақстандық бітімгершілер жедел үйлесімді және БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын деп танылды

Алматы қаласында Құрлық әскерлері әскери институтындағы «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығында «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша НАТО-ның Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған жыл сайынғы конференциясы болып өтті.

Бағдарлама әріптес елдер бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО елдерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылға әзірлігін бағалау механизмі болып табылады.

Конференцияға Австрия, Әзірбайжан, Армения, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Иордания, бұрынғы Югослав республикасынан Македония, Молдова, Мавритания, Норвегия, Сербия, Түркия, Украина, Финляндия, Щвеция және Черногория өкілдері қатысты.

Қатысушылар бітімгершілік бөлімшелерді бағалау жүргізу саласында тәжірибе алмасты, бітімгершілік саласындағы әскери ынтымақтастық, «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасын дамыту мәселелерін талқылады.

Бұл іс-шара биыл жүргізілген «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының бітімгершілік бөлімшелеріне қойылатын халықаралық стандарттарға сәйкестігін, жедел үйлесімділігін бағалау аясында Қазақстан Қарулы Күштері үшін ерекше маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы тамызда НАТО сарапшылары «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізу барысында «Қазбатты» бағалау жүргізген болатын. Батальон жедел үйлесімді және шетелдік бөлімшелермен бірлесіп БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын деп танылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
398

2013 жылғы 2 қазанда ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2013 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ғимараттарында Мәдениет және ақпарат министрі М. А. Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен (үкіметтік емес ұйымдар) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның ірі ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік және әлуметтік тапсырыстарды орталық және жергілікті деңгейлерде орналастыру, VI-шы Азаматтық форумды өткізудің барысы, сондай-ақ «Укіметтік емес мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республиксының Заң жобасы туралы мәселелер қаралды.

Үйлестіру кеңес мүшелері  2013-2015 жылдар аралығындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу бойынша жұмысты талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша  мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

   
0
0
302

Қазақстандық бітімгершілер ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады

Бүгін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің бітімгершілік контингенттері «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуына қатысу үшін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонына келді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысады.

ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері 7-12 қазан аралығында бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтайды. Бітімгершілер жаттығу барысында қақтығысқан тараптарға арағайындық жасау, гуманитарлық жүктерге қолдау көрсету және бітімгершілік лектеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтайтын болады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамына жергілікті жерлерді минадан тазартуға арналған бірлескен іс-қимылдарға қатысу, өмірлік маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау, кепілге алынғандарды босату, жаппай тәртіпсіздікке қарсы тұру және адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тура келеді.

Оқу-жаттығуға жедел басқарма офицерлері, десантты-шабуылдаушы батальон, инженерлік-саперлік және медициналық взводтардың әскери қызметшілері қатысады. Жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 2800 адамнан асады.

Оқу-жаттығудың негізгі шешуші кезеңін Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, сондай-ақ көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері бақылайтын болады.

Аталған оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы бітімгершілік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты бекітуге, бейбітшілікті қолдау бойынша жүргізілетін операцияларға дайындық пен оны жүргізуде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтауға мүмкіндік береді. Бітімгершілік бөлімшелерінің жеке құрамы бірлескен іс-қимылдар барысында далалық біліктері мен оқу-жауынгерлік үйлесімділіктерін жетілдіруге барынша мүмкіндік алады.

Алғашқы «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығулары былтыр Қазақстанда өткен болатын. Оған ҰҚШҰ-ға мүше мелекеттердің әскери бөлімшелері қатысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
382

СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына байланысты ат спортынан жарыс өтті

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында Абылай ханның 300 жылдығына орай ат спортынан жарыстар өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан, Астана мен Ақмола облысының Макинск қаласынан елуге жуық сәйгүлік қатысты.

Қызықты әрі тартысты өткен 1600 және 2400 метр қашықтықтағы бәйгеде Макинск қаласынан шабандоз Николай Бабич пен СҚО Қызылжар ауданының «Зенченко и К» КС жұмысшысы Әбдуәли Нұрметовтің Пит фейл және Преферанс желісті аттары жеңімпаз атанды.

5 шақырымдық құнан бәйгеде Астана қаласынан келген шабандоз Берік Айтбаев Лама тұлпарымен бірінші болып келді. Ал жеті шақырымдық жорға жарысында Чарли  сәйгүлігімен СҚО Есіл ауданының шабандозы Вячеслав Таровников мәреге бірінші жетті.

Ал 15 шақырымдық аламан бәйгеде Астана қаласынан келген Нұрғазы Еркебұланұлының мерейі үстем болды.

Жарыс жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды

 
0
0
375

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
420