Мазмұнға өту

Жаңа

Апта ішінде 3 761 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 987 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 738 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 30 қылмыс ашылды.

Іздеу жарияланған 145 қылмыскер ұсталып, 8 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 28 қылмыс анықталды, оның ішінде 11 сату фактісі. 110 келіге жуық есірткі заты, соның ішінде 20 келіге жуық героин мен 130 граммға жуық амфитамин заты заты тәркіленіп алынды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%8151

0
0
387

Кличко Поветкинмен болатын кездесуде 17 млн доллар сыйақы алатын болды

Кличко Поветкин

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко ресейлік Александр Поветкинмен болатын кездесудің қалай аяқталғанына қарамастан 17 миллион доллар қаржыны қанжығасына байлайтын болды. Ал оның қарсыласы чемпиондық белбеуге үміткер Поветкин де құр алақан қалмақ емес. Ол рингтен шыға салысымен қалтасын 5 миллион долларға қалыңдатпақ.

Владимир Кличко да осы аптада өтетін кездесуге тағайындалған сыйақы сомасына таңданысын жасырмапты. Алайда оның айтуынша, ол рингке ақша үшін емес, бастысы чемпиондық атағын сенімді түрде қорғап шығу үшін көтерілмек.

Естеріңізге сала кетсек, аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко (60-3-0, 52 нокаут) мен WBA ұйымының тұрақты чемпионы Александр Поветкин (26-0-0, 18 нокаут) арасындағы жылдың басты кездесуі саналған жекпе-жек 5 қазан, сенбі күні Мәскеудің Олимпийский спорткешенінде өтеді.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, кездесуге шығарылған билеттер өткен аптада бірі қалмай сатылып кеткен екен. Ал олардың бағасы орындарына қарай рубльден аударғанда 32 500 бен 3 250 000 теңге аралығында болған.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 
0
0
280

Остапенко негізгі құрамға ілікпеді

Сергей Остапенко ортада

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Фарер аралдары мен Ирландияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады.

Мирослав Беранектің бұл жолғы жасақтаған тізімінің негізгі құрамына «Астана» командасының шабуылшысы Сергей Остапенко енбеген. Ал есесіне оның командаласы Елдос Ахметов негізгі құрамда алаңға шықпақ. Сонымен қатар Германияда доп теуіп жүрген Энгель мен Шмитдгаль да негізгі құрамда өнер көрсетеді деп күтілуде.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Самат Отарбаев («Ордабасы» Шымкент);
Қорғаушылар: Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Елдос Ахметов («Астана»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Александр Кислицын («Қайрат» Алматы), Константин Энгель («Энерги» Коттбус, Германия);
Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Костанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» ), Генрих Шмидтгаль («Фортуна» Дюссельдорф, Германия), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Павел Шабалин («Ертіс»), Игорь Юрин («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы» Шымкент), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай);
Шабуылшылар: Андрей Финонченко («Шахтер»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Алексей Щеткин («Атырау»).

Қосалқы құрам:
Қақпада: Антон Цирин («Жетісу»); Қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы» Шымкент), Захар Коробов («Жетісу»); Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»); Азат Нұрғалиев («Ордабасы»); Шабуылшылар: Танат Нөсербаев («Астана»), Сергей Остапенко («Астана»).

Естеріңізге сала кететін болсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 11 қазан күні Фарер аралдарында, 15 қазанда Ирландияда қонақта кездесулер өткізеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
0
475

Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Қорамсақ» турнирі өтеді

Алматыда стенд атудан бұқаралық ақпарат құралдары арасында 5қазан күні «Қорамсақ» турнирі өтеді. Оны «Қорамсақ» Қазақстан қару-жарақ қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Ол ату спортын насихаттау және азаматтық қаруға деген қызығушылықты көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1900 жылы кірген стенд атудан алғашқы Әлем чемпионаты 1935 жылы өткен болатын. Қазақстанда кенже дамыған спорт түрі болып саналатын стенд атудан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына қатысқанымен әлі күнге дейін жеңімпаз атанған ешкім болған жоқ.

Жалпы ату спортының бұл түрінде арнайы алаңдарда лақтыратын құрылғылар мен лақтырылатын нысана-тарелкелер тегіс ұңғылы мылтықтан атылады. Қазақстанда ол ату спортының түрі ретінде 1934 жылдан бастап тарала бастады. Қазақстанда кеңестік дәуірде Еуропа чемпионы, Еуропа кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, командалық есептегі Әлем чемпионы болған спортшылар шыққанымен, қазір бұл үрдіс лайықты деңгейде өз жалғасын таппай отыр.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
596

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Гран-При жарысынан күміс жүлдемен оралды

Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева
Қызылордалық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Гран-При жарысынан күміс медальмен оралды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Беларусь астанасы Минск қаласында 20 елдің спортшыларының қатысуымен мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста жерлесіміз қоссайыс қорытындысында екінші орынға табан тіреді. 13 жасар Элизабет мұндай дүбірлі додаға бірінші рет қатысып отыр. Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орында тұрған Элизабет еркін бағдарламада америкалық спортшыға жол беріп алды. Жарыс қорытындысы бойынша I орын Полина Эдмундске бұйырса (АҚШ), III орын Рика Хонгоның (Жапония) қанжығасында кетті.

Енді Элизабет Болгарияда болатын жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.

Элизабет Тұрсынбаева — 2012 жылғы Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер Мәскеу біріншілігінің (2013 ж.) және Төменгі Новгород облысы ашық біріншілігінің (2012 ж.) чемпионы, 2012 жылғы Ресей кубогының күміс жүлдегері.

   
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Жаңагүл Сердалы
 
0
0
316

Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды


2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде волейболшы қыздарымыз төрт кездесудің үшеуінде жеңіп, тек Қытай құрамасына есе жіберді, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандықтарды жолдамадан қағуы мүмкін жалғыз команда Оңтүстік Корея құрамасы Қытай спортшыларына қарсы тұра алмай 0:3 (18:25, 18:25, 17:25) есебімен тізе бүкті.

Әлем чемпионатының 2014 жылы Италияда өтетіндігін естеріңізге саламыз.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
484

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған ән кеші

Бүгін Конгресс-Холлда Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған концерт өтті.

Әншілерге берілетін әсем гүлдер дайын.

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған ән кешінде өнер көрсететін әншілер тізімі.

Жас әншілер дайындық үстінде.

Алтынбек Қоразбаев бізге сұхбат беруде. Біздің порталдан күтіңіздер!

0
0
3467

Шымкентте өткен ел чемпионатында батысқазақстандық жеңіл атлеттер үш медальді иеленді

Шымкент қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде батысқазақстандықтар үш медальді иеленді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 31 команда қатысты. Батыс Қазақстаннан 9 спортшы барып, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова алтыннан алқа тақса, Александра Павлышина қола жүлдені иеленді. Ал Марина Солодовникова найза лақтырудан екінші орынға көтерілді.

БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
287