Біз «АТФБанк»-пен арадағы ынтымақтастықты кеңейтудеміз
Достар! Біз өзіміздің дата-орталықтарымызда банктіңжабдықтарын орналастыру туралы «АТФБанк»-пен келісімшартқа отырдық.
Бұл жерде бизнес-жобаларды іске асыруда қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ететін, оның ішінде қорғаныстың жоғары деңгейі менресурсты еселеудің шексіз мүмкіндігін ұсынатын Tier-II санатындағы дата-орталық туралы сөз болып отыр!

«Айтпақшы, әріптестермен жасалған SLA-келісімшарты (ServiceLevelAgreement) ТОП-менеджерлердіңназарын аударатыны анық! Бұл келісім клиенттіңқызмет көрсетуші тарапынан күтетінқызметтің сапа деңгейін бекітуменқоса, қызмет көрсетуші тараптың жауапкершілігін де бекітеді.
Бұған дейін «АТФБанк» АҚдеректерді сақтау үшін Алматыда орналасқандата-орталықтың IT-ресурсынпайдаланып келді. Бірақ біздің жаңа ұсынысымыз – Деректерді өңдеу орталығы -банктіңықыласын аударып, ынтымақтастық мүмкіндігіқарастырылды. «АТФБанк» клиенттер мен операциялар туралы деректер мен банк мәліметтерінсақтаудың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бізбен келісімге отырды.
IT жөніндегі біздің бас директорымыз Марат Әбділдәбеков, бұл келісімкомпанияның корпоративтік сегментіндегі ең ірі жетістігі екенін айтты.

«Әріптестік – республикалық көлемде жұмыс істегісі келетін кез-келген компанияның бизнесті дамытуда стратегиясының үйлесімді элементі. Бұл хостингілікалаң қызметін ұсыну саласындағы ірі мәміле екенін және корпоративтік бизнес сегментіндегі үлкен жетістік екенін жасырмаймын», деді ол.
Оған қоса, қазірден бастап банктің Астана немесе Алматыдағы Деректерді өңдеу орталықтарынан резервтік алаң алу мүмкіндігі талқылануда, бұл шара нысанның жұмысын тоқтатпастан жөндеу-профилактикалық жзұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.Әдбілдәбеков мырзаның атап көрсетуінше, Павлодардағы Дата-орталықОрталық Азиядағы Tier III санатындағыалғашқыОрталық болып табылады.
«Ол нысанға екі қосалқы стансадантәуелсіз қосылуға мүмкіндік беретін екі электр-қоректендіруші арна тартылған. Бұл арналар нысанды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге кепілдік береді. Бұл дата-орталықтың қуаты 5,4 МВт, алрезерв деңгейі - N+1 тең», деді Марат Әбділдәбеков өз сөзінде.
