Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2013 жылғы 2 қазанда ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2013 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ғимараттарында Мәдениет және ақпарат министрі М. А. Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен (үкіметтік емес ұйымдар) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның ірі ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік және әлуметтік тапсырыстарды орталық және жергілікті деңгейлерде орналастыру, VI-шы Азаматтық форумды өткізудің барысы, сондай-ақ «Укіметтік емес мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республиксының Заң жобасы туралы мәселелер қаралды.

Үйлестіру кеңес мүшелері  2013-2015 жылдар аралығындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу бойынша жұмысты талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша  мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

   
0
0
268

Осы тақырып бойынша

2013 жылғы 2 қазанда ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - Yvision.kz