Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бьорндален Допингке қарсы қызметтен ескерту алды

Уле Эйнар Бьорндален

Биатлоннан алты дүркін Олимпиада чемпионы Уле Эйнар Бьорндален өзінің қайда жүргені туралы хабарламағаны үшін Норвегияның Допингке қарсы қызметінен ескерту алды.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Бьорндаленнің айтуынша, ол өзінің Ослоға жаттығу жиынына аттанып бара жатқанын ескертуге ұмытып кеткен. Спортшыны тексеруге Австриядағы үйіне келген инспекторлар Бьорндаленді таба алмай әлек болған көрінеді.

39 жастағы Бьорндален Олимпиада ойындарында алты алтын, төрт күміс және бір қола жүлде жеңіп алған. Әлем біріншіліктерінде норвегиялық 19 мәрте жеңіс шыңын бағындырған.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
219

Осы тақырып бойынша

Бьорндален Допингке қарсы қызметтен ескерту алды - Yvision.kz