Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша семинарға шақырамыз!

Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Осыған орай, Алматы қалалық Кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мамандары «Жанашыр» оралмандарды қолдау орталығында осы тақырыптар бойынша семинар өткізеді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, 17 қазан күні сағат 14-00 Алматы технология және флористика колледжінің акт залында (Сейфуллин даңғылы 487 А) өтетін семинарға келіңіздер!

Хабарласу телефондары: 3944123, 3036809

Семинарды өткізетіндер:

Алматы қаласы Әкімдігі Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының

Бөлім бастығы Бижанова Шолпан Серікқызы;

Алматы қаласы Әкімдігі Кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бас маманы Дүйсебаева Динара Азаматқызы;

Ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы;

Алматы қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқарамасы;

Халықаралық «Жанашыр» қоры.

0
0
459

Осы тақырып бойынша

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша семинарға шақырамыз! - Yvision.kz