Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батысқазақстандық самбошылар Салоникиде өткен әлем чемпионатында жүлделі орындарды еншіледі


Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш чемпионатқа әлемнің 24 елінен 484 спортшы қатысқан.

БҚО-дан сегіз балуан ел намысын қорғап, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, Гауһар Сағадат 75 келі салмақта күміс медальді жеңіп алса, Айбек Аймағамбетов (60 кг) пен Раушан Қадырғалиева (40 кг) қола жүлдені еншіледі.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
258

Осы тақырып бойынша

Батысқазақстандық самбошылар Салоникиде өткен әлем чемпионатында жүлделі орындарды еншіледі - Yvision.kz