Мазмұнға өту

Жаңа

Букмекерлер Головкиннің Стивенсті жеңетініне шүбә келтірмейді

Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Кертис Стивенсті айқын басымдықпен ұтады.

Букмекерлердің көбі осындай пікірде, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мәліметтері бойынша кездесудің есебі төмендегідей болады деп болжануда: Голвкиннің жеңісі — 1,13, Стивенстің жеңісі — 7,19.

Еске сала кетейік, кездесу 2 қараша күні Нью-Йорктегі әлемдегі ең танымал ареналардың бірі — «Медисон Сквер Гарденде» өтеді.

0
0
307

Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді. Онда күндізгі сессияда Біржан Жақыпов (49 кг) кубалық Иосбани Вейтиа Сотомен, Қайрат Ералиев (56 кг) әзірбайжандық Жавид Шалабиевпен, Мерей Ақшалов (64 кг) бразилиялық Евестон Лопеспен, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) итальяндық Клементе Руссомен күш сынасады. Кешке Берік Әбдірахманов (60 кг) кубалық Лазаро Естрадамен, Данияр Елеусінов (69 кг) германиялық Аражик Марутжанмен, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, Иван Дычко (+91 кг) германиялық Ерик Пфеифермен ақтық сынның жолдамасына таласпақ. Егер қазақстандықтар бұл сында басым түссе, Біржан ертең Давид Родригуез бен Мохамед Флисси жұбының, Қайрат Микола Бутсенко мен Владимир Никитин жұбының, Мерей Васниер Лопез бен Мунх-Ердене Ур…

0
0
409

Польшадағы Әлем чемпионатында азиялық ауыр атлеттер көш бастауда

Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында азиялықтар алда келеді. Атап айтқанда 3 алтын, 1 күміспен Қытай бірінші, 1 алтын, 2 күміспен Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы екінші, 1 алтынмен Тайвань үшінші орында келе жатыр. Бір-бір күміс бар Әзірбайжан мен Эквадор төртініш орынды, ал бір-бір қоласы бар Вьетнам, Колумбия, Мексика, Ресей жәнен Тайланд құрамалары 6-орынды өзара бөлісуде. Атап айтқанда, ерлер арасында корейлік Ом Юн Чхоль (56 кг) мен қытайлық Ли Юн Чен (62 кг), әйелдер арасында қытайлық Тянь Юань (48 кг) мен Ли Яцзюнь (53 кг), тайваньдық Куо Син Чунь (58 кг) өз елінің әнұранын шырқатты. Бүгін енді әйелдер арасында 63 келідегі, ерлер арасында 69 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел намысын Сәуле Сәдуақасова (63 кг) мен Альберт…

0
0
399

105 гол соққан қақпашы-сұрмерген

Спортта қаншама қызықтар бар, әсіресе футбол тарихында қандай қызықты жағдайлар болды десеңізші. Мынандай атауды естіп көріп пе едіңіз? Қақпашы-сұрмерген. Біреуіңіз біліп, біреуің білмейтінде шығарсыздар. Футбол тарихында ең көп гол салған қақпашы — Рожерио Сени. «Аламанның» жазуынша, Сенидің еншісінде шамамен 105 гол бар. Бразилиялық «Сан-Паулудың» қақпашысы көбінесе айып добы мен пенальти тебу арқылы еншісіне осыншама голды жазған. Рожерио ардагер ойыншы болғанмен қатар рекордшы қақпашы ретінде тарихта қалмақшы. Рожерио Сени 1973 жылы 22 қаңтар күні Бразилияның Парана штатында дүниеге келген. Жастайынан футболға қызыққан жас өрен 14 жасында Пату-Бранку ауданындағы «Синоп» клубының жастар құрамына енеді. Кейін 1992 жылы «Сан-Паулудың» құрамына енгеннен кейін қосалқы құрамда жүре тұрды. Қ…

0
0
325

Австралиялық спортшы жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті

Австралиялық спортшы Том Деннисс

Австралиялық спортшы Том Деннисс жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті. Спортшы күніне 42 шақырымнан астам қашықтықты бағындырып отырған.

2011 жылдың 31 желтоқсанында Австралияның астанасы Сидней қаласынан жүгіріп шыққан спортшы алдымен Жаңа Зеландияға жетті. Одан соң Солтүстік пен Оңтүстік Американы, сондай-ақ Еуропа мен Азияның батысынан шығысына дейін жүгіріп өтіп, Австралияның батысына келеді. Сөйтіп елдің оңтүстік жағалауымен жүгіріп үйіне оралды. Том Деннисс бағындырған қашықтықтың жалпы ұзындығы — 26232 шақырым.

Том Деннисс әлемдік рекорд бойынша жер шарын ең тез айналып шыққан адам ретінде тарихта қалды. Ал спортшы жұртшылықпен жүздесуінде, әлемнің оған бұрынғыдай үлкен көрінбейтінін айтқан. Бұл туралы Segodnya.ua сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.

0
0
366

БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.

Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
307

Хоккей: «Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

Николай Антропов

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Амур» (Ресей, Хабаровск) командасынан басым түсті.

Бұл матчта «Барыс» есепті бірінші болып ашты. Николай Антропов биылғы чемпионатта өзінің алғашқы шайбасын салып, команданы алға шығарды. Есеп — 1:0. Осыдан кейін «Амур» таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші кезеңде есеп айырмасын 1:3-ке дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде «Барыс» өз шабуылдарын үдетіп, шайбаларды қарша боратты. Брэндон Боченски таразы басын бір шайбаға қысқартса, Талғат Жайлауов есепті теңестірді. Ал үш минут өтпей, Николай Антропов екінші шайбасын салып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп — 4:3.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 46 ұпаймен жалпытурнирлік кестенің бірінші орнына шықты.

     
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
272

«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

«Астана Опера» МОБТ 22 қазанда «Опера Европа» (Ұлыбритания)халықаралық опералық қауымдастығы – директорыНиколас Пэйнмен және сегіз әлемдік театрлар: Опера (ОАР)–басқарушы директорыРоберт Уильямс, ШанхайдыңҮлкен Театры (Қытай) – арт директорыШиджинКсиан,Лирикалық Опера (Сингапур)–төрағасы Вэн Чон То, Қоғамдық Театр (Италия) - президенті Барбара Мингетти, Де ля Рошакадемиясы(Франция) –бас директоры Жанетт Астер, Операжәне Балет Ұлттық Театры(Болгария) - бас директорыПламенКарталов, ATER (Италия)- директоры Эмилия Романья, Палиашвилиат. Грузияның операжәне балет театры (Грузия) – әртістер жөніндегі директорыДжорджио Джорданимен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, бұған дейін Рим операсымен де меморандумға қол қойылған. Әлемнің жетекші опералық театры «Ковент-Гарденмен» алдын ала келі…

0
0
597

Жетімдер

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Шын болса Ата-ана панасы

Адаспас, еді ғой баласы

Ұстамас еді ғой жағасын

Тастамас еді ғой баласын

 

Іңгәләп жылаған баласын

Қыспады, кеудеге анасы

Өмірде болатын, панасын

Болатын, өзіне жалғасын

 

Сол беттен, жетімдер үйіне

Баласын апарып тастады

Жылаған күмәнді, сезімде

Кетті де, мында аяқ баспады

 

Қызметте биікке самғады

Байлықта жинады, бағаны

Сорлы Ана, бір тыным таппады

Бәрібір, бақытты болмады

 

Сәбисіз өмірдің, жоқ сәні

Болмады байлықтың бір мәні

Тастады бір күнде, бәрінде

Ойланғың, жасыңда, кәріңде

 

Бәріміз жалғанда, пендеміз

Бір жалғыз, Аллаға сенеміз

Күнәнің, ауырын білеміз

Сонда да, адасып жүреміз

 

Болмаушы еды ғой Қазақта

Бұл сұмдық, Ата-ана, Бабада

Қалдық қой, біз онда мазақта

Көбейді, тастамды балада

0
1
662