Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Жаужүрек бала» тағы бір фильмге түсті

4-қарашадан бастап, Ұлттық арнада жаңа телехикаяның тұсаукесері!

«Жаужүрек мың бала» фильмінен соң жұртшылыққа кеңінен танылған, талай мақалаға кейіпкер болған, талай қыздың түсіне кірген Асылхан Төлепов жақында көрерменнің талқысына тағы түспекші.

Асылхан бұл жолы да басты рөлді сомдайды.

Төрт түліктің ішінде қазаққа ең қадірлісі жылқы екені анық. «Сұңқар» деп аталатын жаңа телехикая да ер қанаты - ат туралы.

Алдағы дүйсенбіден бастап көрермендерге жол тартатын сериалда атбегілікті серік еткен ауыл адамдарының өмірі суреттелген.

Негізгі кейіпкер - Біржан жетім қалған құлынды асырап, баптап өсіреді. Өзі «Сұңқар» деп атаған осы жетім тай оған бозбала шақта да, өмірдің небір бұралаң тұстарында, кедергілер кездескен, сатқындықтарға тап болған шағында да сенімді серік болады.

Қобыландының қанаты болған «Тайбурылдың», Ақан серінің сән-салтанатын арттырған «Құлагердің» тұяғы талай аламан жарыста шашасына шаң жұқпаған небір дүлдүлге шаң қаптырып, жігітке де, оның отбасына да үлкен абырой әкеледі.

Хикая желісінің қысқаша сипаты осы.

Отандық кино қорына қосылған жаңа картинаның ұзын-ырғасымен алдағы аптадан бастап танысатын боласыздар.

Телехикаяны «Қазақстан» Ұлттық арнасы 4-қарашадан бастап, дүйсенбі-бейсенбі аралығында ұсынады. Басталуы: 21:50-де.

Көзайым болыңыздар!

 

1
2
2504

Осы тақырып бойынша