Тұрар Рысқұловтың ұрпағымен кездесу
Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші I бөлім Бастау II бөлім Айт күні III бөлім Тұрардың ұрпағы Владимир Іс сапарымның соңғы аптасына дейін Тұрардың қызы Майямен оның немересі Владимирмен жолығуды ойлап жүрдім. Күнделікті қауырт жұмыстардан кездесу кейінге қала берді. Дегенмен, жаратушы Алла бәрінің сәтін келтірді. Бірде РГАСПИ-де бір құжатты қарап отырсам, сұраныс қағазында В.Рысқұлов деп жазылып тұр. Мұрағат қызметкері, зерттеу нысанымыз бір болғандықтан ғана жеке парақшасын көрсетті. Сөйтсем, В.Рысқұловпен көрші тұрады екенбіз. Үйге келе сала Жаннаға айттым. «Дұрыс, келесі Декабристер көшесі. Ортада «Байқоңыр». Алты минутта тауып аласың» деді. «Байқоңырың не?» деп сұраймын Жаннадан. Ол ішек сілесі қата күлді. «Метродан шыға сала жан-жағыңа қарамайтының кө…



