Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы контрафактілік DVD-дискілерді жасау және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Қарағанды облысын Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері арнайы операцияның нәтижесінде 2 жыл бойы жасырын цехте контрафактілік DVD-дискілерді жасау және оларды Қарағанды қаласының бүкіл аумағында сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Жасырын цех күдіктілердің бірінің пәтерінде орналасқан, онда арнайы техниканы пайдаланумен заңсыз өнім жасалған. Сол жерде әрі қарай оларды топтау мен қапатамаларға орай жасалған. Одан соң заңсыз өнім Қарағанды қаласындағы сауда нүктелеріне жіберіліп отырған.
Қазіргі таңда күн сайын контрафактілік тауар жеткізіліп отырған  тұрақты түрде жұмыс істеген 7 сауда нүктесі анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топта әр мүшенің рөлі мен міндеттері нақты бөлінген болатын.
Сонымен, жасырын цех үйінде орналасқан сыбайластардың бірі аталған тауарды техникалық әзірлеуге, екіншісі тауарды сауда нүктелеріне жеткізуге жауапты болған.
2013 жылғы 19 қазанда жасырын цехты қарау нәтижесінде 5 мыңға жуық контрафактілік дискілер, 5 түрлі түсті принтер және 9 DVD жазатын құрал алынды.
Құқық иелеріне келтірілген залал анықталуда.
2013 жылғы 19 қазанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты контрафактілік өнімді әзірлеумен айналысатын жасарын цехты ұйымдастырғандары үшін қылмыстық іс қозғалды (ҚК 184-б 4-б. «б»-т.). 
20 қазанда қылмыстық топтың ұйымдастырушысына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басшылық ету фактісі бойынша (ҚР ҚК 235-б.1-б.) және оның бір сыбайласына қатысты қылмыстық топқа қатысу фактісі бойынша (ҚР ҚК 235-б.2-б.) қылмыстық істер қозғалды.
Айыпталушылардың бірі сот санциясымен қамауға алынды.

 
0
0
277

«Қазақтелеком» 2013 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жасады»

Есептілік мерзім ішінде компанияның телекоммуникация желілерінде телефония қызметіне жаңа абоненттерді қосу бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың 1 қазаны бойынша «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі тіркелген желілер саны 4 058 759 бірлікті құрады, оның ішінде қалалық телекоммуникация желісінде (бұдан әрі - ҚТЖ) – 2 910 851 бірл., ауылдық (бұдан әрі - АТЖ) – 1 147 908 бірл. құрады.

100 тұрғынға телефондар тығыздығы 24,34 нөмірді құрады, ҚТЖ – 31,94 нөмірлер, АТЖ – 15,18 нөмірді құрады.

01.10.2013 ж. жағдай бойынша «Қазақтелеком» АҚ жергілікті телекоммуникация желісі 5 574 коммутациялық пунктпен ұсынылған, оның ішінде ҚТЖ – 2 737, АТЖ – 2 837 құрады.

Құрылған нөмірлік сыйымдылық бойынша цифрландыру деңгейі 97,78 % құрады. ҚТЖ осы көрсеткіш 97,73 % құрды, АТЖ - 97,91 % құрады.

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация желілерінде бос нөмірлік сыйымдылықты пайдалану бойынша жұмыстар жалғасты. 2013 жылғы 9 ай ішінде 175 512 телефон орнатуы жүргізілді, қалалық желіде – 122 770 бірл., ауылдық желіде – 52 742 бірлік.

Есептілік мерзім ішінде 99,8% (7 380) мектеп, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 99,8% (5 768) мектеп телефондандырылды. Оның ішінде Интернет желісіне 96,5% (7 108) мектеп, оның ішінде ауылда 96% (5 534) мектеп қосылды.

Алдын ала деректерге сәйкес, 2013 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша қызметтерді сатудан түскен шоғырланған кірістер 137 801 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 106,1% құрады.

Есептілік мерзім ішінде компаниямен Казнетті белсенді дамыту, жылдамдықты арттыру (төлем деңгейін өзгертусіз) үшін Интернет желісіне қатынау қызметінің сипатын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Осылайша, 01.06.2013ж. бастап «Unlimited» тарифтік жоспары бойынша байланыс операторлары үшін Интернет желісіне ШПД қызметтеріне тарифтер 67% дейін, «Трафикті есепке алғанда» 50% дейін төмендеді. 01.07.2013 ж. бастап «MegalineHit/LightOptima» (1 Мбит/с бастап 2 Мбит/с дейін) тарифтік жоспары бойынша ішкі ресурстарға қатынау жылдамдығы 2 есеге артты. Сондай-ақ, IP және Интернет телефония операторларының жабдықтарын қалааралық деңгейдегі телекоммуникация желісіне қосылуға тариф 26% төмендеді.

 
1
0
1235

Компания жұмысының қаржылық нәтижелері туралы «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов айтып берді.

Жақында «Қазақтелеком» «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының алдында өзінің осы жылдың бірінші жылдығында атқарған істері жөнінде есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша «Қазақтелекомға» ақпараттық коммуникациядағы көшбасшылық орнын сақтап қалу тапсырылды. Сондай-ақ, тіркелген және мобильді кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметін одан әрі жылжыту жөніндегі жұмыстарды күшейту және олардың сапасын арттыру тапсырылды. Бұл үшін компания менеджменті  оптикалық-талшықты FTTH желісін салу және ел аумағында LTE мобильді желісін енгізу жөніндегі ірі стратегиялық жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.

Транзиттік әлеуетті жүзеге асыру үшін «Қазақтелеком» барлық шекаралас елдердің алдыңғы қатарлы операторларымен тікелей түйісуді ұйымдастырды. Бұрын Түркіменсатн ғана жоқ болатын, енді қазір «Қазақтелеком» мен «Түркіментелеком» желілерінің құрылысы мен түйісуі аяқталды.

«Осылайша, «Қазақтелеком» Орталық Азиялық хаб ретінде құрылып болды.Бүгінде 5 елдің 13 операторымен 16 түйісу коммерцилық пайдаланылуда. Түйісулердің жалпы сыйымдылығы - 430 Гбит/с астам», - деп түсіндірді компанияда.

Бұдан басқа, отырыста 2013-жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақтелекомды» 2011-2015-жылдарға дейінгі дамыту жоспарының орындалуы мен 2013-жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттер талқыланды. Қызмет түрлерін сатудан түскен шоғырландырылған табыс 3% артып, 91,2 млрд теңгеге жеткені атап өтілді.

Компания жұмысының қаржылық нәтижелері туралы «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов айтып берді.

-«Қазақтелеком» АҚ-ның үстіміздегі жылғы 9 айдағы қаржылық көрсеткіштері қандай? 2012-жылдың осы мерзімімен салыстырғанды олардың серпінділігі туралы не айтасыз?

-2013-жылдың 9 айындағы қызмет түрлерін сатудан түскен шоғырдандырылған табыс 137,8 млрд теңге, немес өткен жылға қарағанда 106,1% құрап отыр.

Шоғырландырылған көрсеткіш

EBITDA есепті мерзім ішінде 52,9 млрд теңгені құрады.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы топтарына салынған капитал көлемі 2013-жылдың 9 айы бойынша 27,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 15% жоғары.

- «Қазақтелеком» АҚ-ның «Digital TV» ЖШС-ін сатып алу жөніндегі мәмілесі компанияның қаржылық көрсеткіштеріне қандай ықпал етті?

- «Digital TV» ЖШС-ін сатып алу «Қазақтелеком» АҚ-ның ақылы телевидение нарығына қатысудағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде компанияның жалпы табысының артуына алып келеді.

- Қазір «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ-ы Қазақстанда 4G/LTE жобасын дамытумен белсенді түрде шұғылдануда. Қазіргі кезде жоба қай деңгейде тұр?

- Қазіргі кезде LTE желісі Астана мен Алматы қалаларында салынды. ҚР басқа өңірлерінде құрылыс жалғасуда, 2014-жылдың соңына дейін 4G желісімен республиканың барлық облыс орталықтары қамтылады деп жоспарлануда.

- Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ шығындарды азайту стратегиясын (PWC) жүзеге асыруда. Оның мәні неде? Толығырақ айтып берсеңіз?

- Бүгіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында компания жұмысының тиімділігін арттыру бәрінен жоғары қойылады. Осындай тетіктердің бірі «Қазақтелеком» АҚ PWC бірге жүзеге асырып жатқан шығындарды азайту бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама екі сатыдан тұрады және «Қазақтелеком» АҚ жұмысының барлық жағын қамтуға арналған.

Бірінші сатыны жүзеге асырудың қорытындылары бойынша (2012-2013-жылдар) шығындарды азайтудан жинақталған тиімділік шамамен 1,5 млрд теңгені құрады.

Қазіргі кезде «Қазақтелеком» 2013-2015-жылдарға арналған 2 сатыны жүзеге асыруға кірісіп кетті.

- Сіздің бағалауыңызша, 2013-жылы компанияның таза пайдасы өсе ме?

- FTTH және LTE сияқты стратегиялық инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру компанияның келешектегі таза пайдасының оң бағытта өсуіне ықпал етеді деп сенемін.

- Биылғы көктемде Сіз Қазақстанның даму банкінің қарызын қайта қаржыландыруды жоспарлап отырмын деп едіңіз. Бұл жоба қазір қандай деңгейде? Оны жасау қолыңыздан келді ме? Оны жүзеге асыру түптің түбінде компанияға не пайда әкелмек?

- Ие, үстіміздегі жылғы қыркүйек айында біз ішкі заем облигацияларының 2/3 көлемін мерзімінен бұрын сатып ала алдық. Нәтижесінде бұл бізге қарыздық жүктемелерімізді оңтайландырып, компания қарызына қызмет көрсету шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

- 2012-жылғы II-IV тоқсандардың қорытындысы бойынша компания 1 акцияға 161,03 теңге көлемінде дивиденд төледі. Сонымен қатар, 2011-жылдың қорытындысы бойынша 1 акцияға берілетін дивидендтің көлемі 1 328,8 теңгені құрады. Осылайша, төленген дивидендтердің жалпы сомасы 15 млрд теңгеден (2011-жылдың қорытындысы) 1,8 млрд теңгеге (2012-жылдың II-IV тоқсандарының қорытындысы бойынша) дейін төмендеді. 2013-жылы да дивидендтердің төмендеуі жоспарлынуда ма? Немесе, керісінше төлемдер көтеріле ме?

- Дивидендтер төлеу компанияның 18.01.2013-жылғы 18-қаңтардағы акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген дивиденттік саясатына сай жүргізіледі, ол бойынша согласно которой норматив начисления дивидендтерді есептеу нормативі компанияның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен жобаларды жүзеге асыруға бөлінген инвестиция көлемін есепке алғандағы таза пайдасының 5%-тен 100% -дейінгі көлемін құрайды. Белгілі бір мерзім ішіндегі дивиденттің көлемі туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайы.

- Компанияның акциялары қазіргі кезде Қазақстанның қор биржасында қаншалықты танымал?

- Компанияның акциялары Қазақстанның қор биржасындағы инвесторлар арасында белгілі бір сұранысқа ие. «Қазақтелеком» АҚ-ның жай акциялары ұзақ уақыт бойы анағұрлым ликвидті құнды қағаздар тізімінде келеді.

Василиса Төлеуова, Капитал.kz (Алматы).

0
0
1402

ҚР Қарулы Күштерінде авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде

Алматы облысындағы «Қазақстан» полигонында авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде.

Биылғы жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерлерінің әскери қызметшілері тартылған.

Жаттығу жиынына қатысушылар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы басқарудың теориялық және практикалық мәселелерін пысықтайтын болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ жерүсті нысаналарына жауынгерлік авиацияны бағыттауды қолданып келеді. Қазіргі заманғы ұрыста авиация бағыттаушыларының рөлі нысанаға дейінгі қашықтықты және авиазиялық зақымдау құралдарын қолдану тәсілдерін түзетуге келіп тіреледі. Жерүсті әскерлерінің құрамындағы авиация бағыттаушылары координаталарды көрсетіп, жергілікті жерлерден бағдар береді. Авиабағыттаушылардың нұсқауы бойынша жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтар авиациялық зақымдау құралдарын қолданады.

ҚР Қарулы Күштерінің авиация бағыттаушылары деректерді алу мен талдауға машықтану деңгейін жетілдіріп, жұмыс картасында координаталарды анықтау, жергілікті жерді бағдарлау және зақымдау құралдарының түрлерін таңдау тәсілдерін зерделейді. Авиабағыттаушылар сонымен қатар әуе және жерүсті операцияларын өткізу кезінде деректерді дәлме-дәл жеткізу шеберлігін шыңдауы тиіс.

Курстық даярлықтың соңына қарай жаттығу жиынына қатысушыларға «Алдыңғы шептегі авиация бағыттаушысы» мамандығы бойынша толық даярлық курсынан өткендері туралы куәлік табыс етілетін болады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
301

Баспасөз ақпараты (Қарағанды қ., 24 қазан 2013 ж.)

Бүгін Қарағандыда Бас прокуратура мен Халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша Неміс қорының (IRZ) ұйымдастыруымен «Қылмыстық сот процесіндегі ақпараттық технологияларды қолдану» атты дөңгелек болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-karagandy-k-24-kazan-2013-zh

0
0
423

Тұрар Рысқұловтың ұрпағымен кездесу

Мейрамхан Жәпек

журналист, Тұрар Рысқұлов

публицистикасын зерттеуші

I бөлім Бастау

II бөлім Айт күні

III бөлім

Тұрардың ұрпағы Владимир

Іс сапарымның соңғы аптасына дейін Тұрардың қызы Майямен оның  немересі Владимирмен жолығуды ойлап жүрдім. Күнделікті қауырт жұмыстардан кездесу кейінге қала берді. Дегенмен, жаратушы Алла бәрінің сәтін келтірді. Бірде РГАСПИ-де бір құжатты қарап отырсам, сұраныс қағазында В.Рысқұлов деп жазылып тұр.

Мұрағат қызметкері, зерттеу нысанымыз бір болғандықтан ғана жеке парақшасын көрсетті. Сөйтсем, В.Рысқұловпен көрші тұрады екенбіз. Үйге келе сала Жаннаға айттым. «Дұрыс, келесі Декабристер көшесі. Ортада «Байқоңыр». Алты минутта тауып аласың» деді. «Байқоңырың не?» деп сұраймын Жаннадан. Ол ішек сілесі қата күлді. «Метродан шыға сала жан-жағыңа қарамайтының көрініп тұр. Метроның сол жағында «Байқоңыр» кинотеатры, оң жағында біздің үй емес пе?!». Мен дереу телефон тұтқасын алып, оған хабарластым. «Жексенбі күні сағат үшке келіңіз» деді.

Жанна екеуміз діттеген уақытта ол кісінің есігінің қоңырауын соқтық. Ар жақтан аласа бойлы әдемі келіншек шықты. «Келіңіздер, төрлетіңіздер» деп қонақжайлық танытты. Төргі қонақ бөлмесінің  бір қабырғасы толған кітап. Әлем әдебиеті, тарих, жаратылыстану, өнер, энциклопедиялар, толып жатыр. Көз сүрінеді.

Владимир Тұрар Рысқұловтың екінші қызы Майяның ұлы. 1957 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Азия Африка елдері институтының тарих- филология факультетін тәмамдаған, араб, ағылшын, француз тілі бойынша маман. Кезінде атақты «Интуристе» қызмет атқарыпты. Александрина, Анастасия, Анна есімді үш қызы бар. Жұбайы Вера Борисовна үй қызметінде. Александрина мен Анастасия жоғары білімді биотехнологтар, кенжесі Анна-суретші.

Негізінен, Т. Рысқұловтың бұрынғы жұбайы Надежда Константиновнадан екі қыз қалған. Үлкені Софья, кішісі Майя.

Софья Тұрарқызы 1923 жылы дүниеге келген. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен. Тіпті, сол жылдары екінің бірі қолы жете бермейтін «аға оқытушы» деген зор атаққа ие болады. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Софья  апамыз 1998 жылы қайтыс болыпты.

Майя Тұрарқызы 1929 жылы  дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң, Мәскеудің Көркем сурет көрмесі дирекциясында машинистка болып, Центросоюз хатшылығында және Роспотребсоюзда әр түрлі қызметтер атқарған. Қазір жасы 91де. Науқастанып жатуына байланысты, сұхбаттасудың реті келмеді.

«Нағашы әжем Надежда Константиновна бар ғұмырын екі қызына арнады, дұрыс тәрбие беріп, оқытты. Кезінде Қызыл профессура институтында, КСРО ҒА Тарих институтында машинистка болып қызмет етті. Ол кісі 1976 жылы дүниеден қайтты. Нағашы әжем өте мейірімді адам еді. Атам туралы жиі айтатын. Қазір кейбір топтар қазақ зиялыларын бір-біріне қарсы қойып, арасына сына қаққысы келетін сияқты. Олардыкі дұрыс емес. Әжем: «Н.Нұрмақов, С.Қожановтардың жанұясымен жақсы қарым-қатынаста болдық, қонаққа келіп тұратын» дейтін. Алматыдағы нағашы әпкем Сәулемен телефон арқылы хабарласып тұрамыз. Марқұм Рида әпкеммен кезінде «Интуристе» бірге қызмет атқардық»- дейді Владимир Рысқұлов.

«Қазақстанда жарыққа шыққан көптеген оқулықтарда, мақалаларда авторлар мемлекет қайраткерлері туралы қателікке жол береді. Тіпті бір кітапта Жаһанша Досмұхамедовтан басқаларына бөтен есімдер жазылып кетіпті. Ол сурет біздің жанұялық альбомымызда сақтаулы тұр», деп Владимир көне суретті алып шықты.

Шындығында, суреттің екінші жағында Ж.Досмұхамедов өз қолымен былай деп жазыпты: Жаһанша, Заира, менің қарындасым Хадиша, Сұлтанбек. 1923 жыл. Бұл жерде Заира - Ольга Константиновна. Сұлтанбек - мемлекет қайраткері, публицист Сұлтанбек Қожанов. Ж.Досмұхамедовтер жанұясы 1923 жылы Тәшкенде тұрғанда түссе керек бұл суретке. Қазақтың бір емес екі апталдай азаматы ғашық болған, жанұя құрған, апалы сіңлілі екі қыз туралы қызығушылық танытқанымда мынадай мәліметтер анықталды.

Ольга, Татьяна, Надежда Томскінің жанындағы Каинск қаласында теміржолшы Константин Пушкаревтің отбасында дүниеге келіпті. Константин Пушкарев аштық жылдары қайтыс болады. Ольга Константиновна (1896-1986) Жаһанша Досмұхамедовпен Томскіде танысып, тұрмысқа шығады. Қазан төңкерісіне дейін Ж.Досмұхамедов Томск сот аймағы бастығының орынбасары қызметін атқарады. Олардың өздеріне тиесілі жеке күймесі, үйі болған. Жаһанша мен Ольга мұсылманша некесін қидырыпты. Күйеуін соншалықты құрметтеп, шексіз сүйген Ольга ислам дінін қабылдап, есімін Заира деп өзгерткен. (Кейін Ж.Досмұхамедов қызмет бабына қарай Ташкентке көшкенде қайын енесі мен балдыздарын қасына алады.М.Ж.). Зұлмат жылдары Жаһанша тұтқындалып жер аударылғанда Заира онымен бірге кетеді.

Ал, К.Пушкаревтің екінші қызы Татьяна (1900-1932) ұлты латыш Август Поднектің жары. А.Поднек мемлекет қайраткері, КСРО Мемлекеттік Жоспар комитетінің мүшесі болған. 1928 жылдары Орталық Азия мен Қазақстанның Су шаруашылығы Бас басқармасының бастығы қызметін атқарады. Татьяна ақ қан ауруынан 1932 жылы Ялтада қаза болыпты.

Кенже қыз Надежда Константиновна мен Тұрар Рысқұлов Жаһаншаның үйінде танысады, бір-бірін ұнатқан екі жас отау құрады.

P.S.

Ғылыми іссапарымның әрбір күні өзім үшін өте маңызды мәнді, әрбір күн көз ілестірмес жылдамдықпен өтті. Діттеген мақсатыма жеткеніммен зерттеу барысында тағы да қосымша тың дүниелер ашылып жатты. Оларды шолып қана өтіп, Алла нәсіп етсе, келесі іссапарға жүк болсын деп белгілеп қойдым.

«Ақиқат атаулының қолайсыздығы сонда, оны жалғандықпен араластырып жіберсең қате қорытындыға, тіпті бір-біріне қарама-қарсы қорытындыға келуің мүмкін» деп неміс ойшылы Г.Лейбниц айтқандай, менің көз жеткізген, қолмен ұстаған құжаттарымның барлығы да терең талдауды, объективті бағаны қажет етеді.

Ендігі жерде мемлекеттік деңгейде мүмкіндіктерімізді жинақтап Мәскеуге тарихшылар, заңгерлер, экономистер, саясаткерлер, журналистерден тұратын ғылыми экспедицияға жіберсек, олар мақсатты түрде зерттеулер жүргізсе, ел тарихындағы әлі де болса ақтаңдақ тұстар толыққанды түсіндірілер еді. Себебі біз әлі де болса ел тарихына қатысты көп мәселелерге бір жақты қарап, бір ғана бағытта баға беріп келе жатқанымыз жасырын емес.

Қарағанды - Мәскеу - Қарағанды
2010 жыл

Фото: Владимир Рысқұловтың жеке парақшасынан

4
2
6606

iD Phone нөмірін алу — оңай әрі жеңіл!

Тұтынушыларға жеке кабинеттері арқылы - www.idport.kz -  жеке тұлға абоненттері үшін iD Phone қызметін қосудың жаңа сервисін ұсынамыз.

Жаңа сервис тұтынушыларға компанияның сервис желілеріне бармай-ақ, on-line режимде iD Phone қызметін қосу мүмкіндігін ұсынады.  Megaline/iD Net қызметтерін пайдаланып отырсаңыз және www.idport.kz жеке кабинетіңіз болса, Сізге «Ақылды үй» тарифтік жоспары бойынша iD Phone  нөмірін алу  мүмкіндігі беріледі. Жаңа сервистің  негізгі басымдығы сол, QR-код беріліп, Сізді жаңа қызметке дереу қосады және сіз телефон нөмірін  өз бетіңізше таңдау мүмкіндігіне иесіз.

 

Жаңа қызметпен бірге iD Phone нөмірін алу:

Оңай! (Бізге келудің, құжаттар жинаудың қажеті жоқ).

Әрі жеңіл! (5 минуттың ішінде iD Phone нөмірі қалтаңызда).

 

Бірінші кезекте, жаңа сервис  iOS (iPhone, iPad) және Аndroid операциялық жүйелеріндегі смартфондар пайдаланатын мобильді клиенттерге  тартымды! Оның үстіне, бұл санаттағы қолданушылар үшін AppStore, Google Play қосымшалар дүкендеріне орналастырылған мамандандырылған  Soft-phone iD Phone бағдарламасы жасалып отыр.

 

Абоненттің жеке есепшотында  қарызы болмаған жағдайда, ол жаңа сервиске қосыла алады.  Қызметке айына 1 рет қана қосылуға  немесе оны өшіруге  болады. Аталмыш сервиспен қалай жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен http://idphone.kz сайтына кіріп, «Үйге арналған»/ «Баптаулар бойынша нұсқаулық» тарауынан таныса аласыздар

 
0
0
647

Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» Ижевск қаласының құрамасын жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Ижсталь» (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті.

Матчтың алғашқы шайбасын «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері салды. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде «Ижсталь» таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын қосымша уақытқа, яғни овертаймға ұласты. Онда Өскемен қаласының хоккей клубы табандылық танытып, екінші шайбасын соғып кетті. Қорытынды есеп — 2:1.

Айта кетейік, осы ойында «Қазцинк-Торпедо» екі ұпайды олжалады. Бүгінде команданың еншісінде барлығы 35 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде тек «Торосқа» (36 ұпай) ғана жол беріп отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
459

Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді.

Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Онда үздік шыққан «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), «Алматы», «Павлодар» мен «ТНКҚазхром» (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Енді 27-сі күні алматылықтар мен павлодарлықтар, оралдықтар мен хромтаулықтар өзара күш сынасады. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады.

Ширек финалда алматылықтар 3:1 (25:27, 25:21, 25:16, 25:21) есебімен қарсыласын ойсыра ұтса, оралдықтар алаң қожайындарына 2:3 есебімен (25:15, 26:28, 25:21, 19:25, 16:18) жеңіліс тапқан болатын. Ал жалпы есепте оралдықтар 18 ұпаймен бірінші, алматылықтар 16 ұпаймен екінші, павлодарлықтар мен хромтаулықтар 14 ұпаймен 3-4-орынды өзара бөліскен еді.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
341

Букмекерлер Головкиннің Стивенсті жеңетініне шүбә келтірмейді

Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин американдық Кертис Стивенсті айқын басымдықпен ұтады.

Букмекерлердің көбі осындай пікірде, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мәліметтері бойынша кездесудің есебі төмендегідей болады деп болжануда: Голвкиннің жеңісі — 1,13, Стивенстің жеңісі — 7,19.

Еске сала кетейік, кездесу 2 қараша күні Нью-Йорктегі әлемдегі ең танымал ареналардың бірі — «Медисон Сквер Гарденде» өтеді.

 
0
0
331