Жаңа Өзен қаласында «Жүйріктен жүйрік» атты интеллектуалдық ойыны өтті
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 15.00-де «Жалын» кинотеатрының фойесінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жүйріктен жүйрік» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Шараның мақсаты Жастар арасында әріптестік қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты нығайту, біліктілігін шыңдау, волонтерлік қозғалысты дамыту болып табылады. Ойын негізі 6 кезеңнен тұрды, 1 кезең - сұрақ-жауап сайысы, 2 кезең – пантомима сайысы; 3 кезең – ойланда тап; 4 кезең – жүйріктер сайысы; 5 кезең- тапқырлар сайысы, соңғы кезең айырмашылықтарды бірге табайық, сонымен қатар ойын қазақ тілінде өткізілді. Атап айтқанда, логикалық, тарих саласындағы сұрақтар, салт-дәстүр туралы, бейне сұрақтар және т.б. сұрақтар қойылды. Шараға…