Мазмұнға өту

Жаңа

Виталий Кличко менімен жекпе-жекке шығудан жалтарып бокстан кетті — Тайсон Фьюри

Тайсон Фьюри

Ауыр салмақтағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри Владимир Кличконы шаршы алаңда кім мықтыны анықтауға шақырды. Ол Владимирге үлкен ағасы Виталий сияқты жекпе-жектен жалтарып, қашып кетпегені абзал деп ескерту жасап отыр, деп хабарлады prosport.ru.

Тайсонның сөзіне қарағанда, Кличко оған шаршы алаңда кездесуді ұсынбаған екен.

«Мен кездесуге келісіп, оның жағын айыратын едім, ол мұны біледі. Эмануэль Стюард В. Кличкоға менен нокаутпен жеңілетінін айтқан болатын. Виталий Кличко менімен жекпе-жектен жалтарып бокстан кетті, ал қазір Владимир де солай етуге тырысуда», — деген сенімде британдық боксшы. Сондықтан, ол украиндық боксшымен кез-келген жерде, кез-келген уақытта кездесуге дайын екенін айтып отыр.

0
0
300

Месси 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Лионель Месси ("Барселона")

The Guardian 2013 жылдың ең үздік 100 футболшысын атады.

Prosport-ru сайтының хабарлауынша, Каталониялық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ағылшын басылымының нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Екінші орынды мадридтік «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналду иеленді. Үздік үштікті ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович қорытындылап тұр. «Алтын допқа» тағы бір үміткер Франк Рибери төртінші орынды қанағат тұтқанын атап өтейік.

The Guardian нұсқасы бойынша топ-10:

1 . Лионель Месси («Барселона»)

2 . Криштиану Роналду («Реал»)

3 . Златан Ибрагимович (ПСЖ)

4 . Франк Рибери («Бавария»)

5 . Андрес Иньеста («Барселона»)

6 . Неймар («Барселона»)

7 . Гарет Бэйл («Реал»)

8 . Хави («Барселона»)

9 . Луис Суарес («Ливерпуль»)

10 . Серхио Агуэро («Манчестер Сити»).

0
0
294

Қазақстандық спортшы «Үздік соққы 2013» жүлдесінің иесі деп танылды

Генадий Головкин

Кәсіпқой бокс шаршы алаңында жүрген қазақстандық танымал боксшы Генадий Головкинді Америка елінің алдыңғы қатарлы арнасы НВО «үздік соққы 2013» жүлдесінің иесі деп тапты, деп хабарлады alaman.kz.

Жерлесіміздің әр кездесуін «үздік соққы» атағына лайық көрген. Аңдып жүріп дөп тигізетін ауыр соққысы талай «мықтымын» дегендерді сұлатып салды. НВО арнасының анықтаған кездесулері төмендегідей.

НВО телеарнасының үздік деп тапқан төрт кездесуі:

1.Гжегож Прокаса (Польша) 2012 жылғы 1 қыркүйек (Головкиннің 24 кездесуі).

2.Габриэль Росадо (АҚШ) 2013 жылғы 19 қаңтар (Головкиннің 25 кездесуі).

3.Мэттью Маклин (Ұлыбритания) 2013 жылғы 29 маусым (Головкиннің 27 кездесуі).

4.Кертис Стивенс (АҚШ) 2013 жылғы 2 қараша (Головкиннің 28 кездесуі).

0
0
286

Оралдың «Ақжайығы» екінші ойынында «Динамо-Маякпен» тең ойнады

Оралдың «Ақжайығы
25 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен екінші ойынын өткізді.

Оралдықтар бұл кездесуде де шебер ойын өрнегін көрсетіп, соңғы минуттарға дейін 4:2 есебімен алда тұрды. Алайда 86 және 90-минуттан кейінгі қосымша уақытта жергілікті төрешілер «Ақжайық» қақпасына қос бірдей пенальти белгілеп, ойын 4:4 есебімен тең аяқталды.

Осы матчта үш мәрте мергендік танытқан «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов биылғы маусымда соққан доп санын 17-ге жеткізді.

Екінші топта 27 ұпаймен көш бастаған оралдықтар келесі кездесулерін 27-28 желтоқсанда Екатеринбургте өзімен құйрық тістесіп келе жатқан «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
259

В.Кличконың кезекті кездесуі 2014 жылдың 8 наурызына жоспарлануда

Владимир Кличко

WBA/IBF/WBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко өзінің келесі кездесуін 2014 жылдың 8 наурызында австралиялық Алекс Леапаимен өткізуі мүмкін.

Жақында болған кездесулердің бірінде Леапаи Ресейдің ауыр салмақтағы боксшысы, өз салмағындағы талантты спортшылардың бірі ретінде саналатын Денис Бойцовты жеңген болатын. Егер тараптар кездесудің мән-жайы жайлы нақты келісімге 3 қаңтарға дейін келмесе, онда промоутерлік сауда ұйымдастырылады, деп жазады «Известия» басылымы.

0
0
238

«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» мюзиклі

21 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мюзиклі қойылды.

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мюзиклі "Бәйтерек" тобының 10 жылдығына арналды

Басты рөлдерді Бәйтерек тобының құрамы сомдады: Қарабай - Сайлау Қамиев, Жантық - Нүркен Өтеулов, Қодар - Ерлан Малаев.

Көрермендер алған әсер өте керемет болды. Осындай керемет туындыны мюзиклға айналдыра білген "Бәйтерек" тобын мерейтойымен құттықтаймыз!

0
0
777

Музарт тобының ән кеші

15-16 желтоқсанда Астана қаласы Орталық Концерт Залында Музарт тобының ән кеші болып өтті.

Музарт тобының директоры - Ерлан мырза дайындық барысын тексеру үстінде. Бәрі де сіздер үшін тамаша дәрежеде өту керек :)

Бірнеше сағат үзіліссіз ән айту үшін жақсылап тамақтанып алу керек! Мейрамбек мырза ет жеуге кірісті :)

Музарт халықты әсем әнмен тербеп жатқан сәт

Cәкен Майғазиев пен Парасат тобы сахнада

Тәуелсіздік күнінде Астана халқына тартылған тамаша сыйлық - Музарт тобының ән кеші

0
0
2020

HackDay#26 Almaty. Тоғыз Құмалақ для Андроид и iOS

В мае 2013 года в Алмате был HackDay #26 на, котором участники представляли прототипы своих проектов. Среди них был и наш проект. Мы решили сделать казахскую настольную игру "Тогыз кумалак" (далее ТК). Там мы пообещали выпустить игру этим летом, но летом делать было как то лень. К тому же мы были занянты другой игрой "Walk the Dog". Немного с запазданием, хочу представить на ваш суд релиз кандидат ТК. Вроде бы все запрограммировал. Дизайн решил своровать у аппловского геймцентра (до iOS7). Он мне понравился. В начале мы сделали кроссплатформенный мультиплеер, т.е игра, запущенная на андроиде могла связываться с игрой, запущенной на айпаде и на оборот. Так, есть несколько вариантов реализации кроссплатформенного мультиплеера: арендовать готовые сервисы, предоставляющие передачу сообщений а…