Қытай Халық Республикасы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық тұжырымдамасы
Қытай Еуразияның аса шұрайлы әрі қолайлы жеріне орналасқан мемлекет. Ол ерте заманда шығыс өркениеті мен мәдениетінің ошақтарының бірі болған. Осы аймақта адам баласының арғы ата-тегінің бірі ежелден мекен еткендігі бүгін ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мысалы, “Пекин адамы” деп аталатын ертедегі адамдардың шамамен біздің заманымызға дейінгі 460–230 мың жылдар аралығында осы жерде өмір сүргендігі анықталған. Ал, кейбір деректерге сүйенсек, ертедегі адамдардың одан да бұрын қалыптасып үлгіргендігі айтылады.ғылыми тұрғыда анықталған[5]. Демек бүгінгі Қытай Халық Республикасы “ҚХР” тұрған географиялық аумақ ертеден-ақ өздерін Аспан асты жұрты немесе әлемнің орталығы санаған қисапсыз халық мекендеген, адамзат әрекетінің әсеріне күшті қалыптасқан өңір болып табылады [6]. ҚХР-дың негізгі халқы – қы…