Әуе кеңістігінің күзеті нығая түсті
2014 жаңа жылды мерекелеу қарсаңында Жетіген авиациалық базасында Беларусь Республикасының Барановичи қаласынан Қазақстанның Әскери-әуе күштері үшін жеткізілген Су-27 ұшақтарының кезекті партиясын қабылдау рәсімі болды.
Іс-шараға Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов қатысты.
Мемлекеттік мерекелер алдында Қазақстанның Әскери-әуе күштері шапшаңдығы дыбыс жылдамығынан жоғары ұшатын күрделі жөндеуден өткен «Су» тобының 4 жойғыш ұшағын қабылдап алды. Ұшақтар Алматы облысындағы Жетіген әуеайлағына келіп жетті. Су-27 – Қазақстан армиясының сапындағы негізгі көп функциялы ұшақ. Осылайша, әскери-әуе күштеріне күрделі жөндеуден кейін жеткізілген Су-27 ұшақтарының саны Отанымыздың әуе кеңістігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
