Мазмұнға өту

Жаңа

Допты хоккей: «Ақжайық» командасынан жеңіс добын Самат Аманшин соқты

24 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен күш сынасты. Аса тартысты өткен ойында айдын иелерінен Семен Подкин 7-минутта бірінші болып есеп ашты. 41-минутта «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов таразы басын теңестірді. Екінші таймда Евгений Царегородцев «Динамо-Маяк» командасын қайтадан алға шығарды. Дегенмен «Ақжайық» ойыншылары өз шеберліктерін көрсете білді. 67-минутта Александр Шавалдин мергендік танытса, үш минуттан кейін Самат Аманшин жеңіс добын соқты. Бұл ойыннан кейін 26 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бұрынғысынша көш бастап келеді. Екінші, үшінші орындағы Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасы мен Орынбордың «Локомотивінің» 21-ден ұпайлары бар. 25 же…

0
0
405

Павлодарлық футболшыларға облыс басшылығы қолдау көрсетеді

Бүгін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Қ.Бозымбаев «Ертіс» футбол клубының директоры М.Мұстафин мен бас жаттықтырушысы Т.Байсуфиновті қабылдады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен. Кездесу барысында аймақтағы футбол спортының даму перспективалары талқыланып, алдағы футбол маусымына павлодарлық команданың дайындық мәселесі сөз болды. Футбол клубының бас жаттықтырушысы Т.Байсуфиновтің алдағы жұмыс жоспары, жарыстарға дайындық және жаттықтырушылар құрамының клуб ойыншыларымен өзара түсіністік мәселелері туралы баяндамасын тыңдаған аймақ басшысы Қ.Бозымбаев Павлодар облысында футболға тиісті көңіл бөлінетіндігіне сендірді. Жылы жүздесу барысында «Ертіс» ФК басшылығы футбол командасының құрамы мен білікті ойыншыларды клубқа тарту жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ осы кездесуде футбол…

0
0
204

Өзара сенім: Пекинде қазақстандық әскери сарапшылар Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты

Пекинде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы «Шанхай» және «Мәскеу» келісімдерін орындау жөніндегі Бірлескен бақылау тобының кезекті сессиясына қатысты. Осы халықаралық кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай әскери-дипломатиялық өкілдері қатысты. Тараптар «Шанхай» және «Мәскеу» Келісімдері ережелерін орындау барысын, 2013 жылғы инспекциялық қызметтің қорытындысын талдады. Сондай-ақ 2014 жылға арналған инспекциялық қызмет жоспары келісіліп, бекітілді, Келісімдерге қатысушы мемлекеттер арасындағы ақпараттық байланыс желісінің жұмысы мәселелері, Тараптардың инспекциялық топтарына арналған кіру және шығу шекара пункттерінің тізбесі қаралды. С…

0
0
356

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында а.ж. 23 желтоқсанынан бастап, ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде. Іс-шаралар өтетін кезеңде алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында барлық бөліністердің жеке құрамы және ішкі істер органдарының қызметтері, сондай-ақ Ішкі әскерлер де барынша жұмылдырылған. Аталған кезеңде қоғамдық орындар мен көшедегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жанданып, көңіл көтеруге арналған мекемелер маңайында, өзге де азаматтар көп жүретін орындарда патрульдік күзет ұйымдастырылды. Жеке құрам жұмысы негізінен қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сондай…

0
0
956

Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат — Ертең, 25 желтоқсан күні Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Сарыарқа» (Қарағанды) және «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) хоккей клубтары кезекті матчтарын өткізеді. «Сарыарқа» сырт алаңда «Сокол» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» өз алаңында «Челметті» қабылдайды. Айта кеткен жөн, турнирлік кестеде Қарағанды қаласының құрамасы 4-ші орында келеді. Ал Өскеменнің хоккей клубы — 10-шы орында. Астана қаласының «Барыс» командасы болса, 26 желтоқсанда «Адмиралмен» күш сынасып көреді. Бұл матч елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтпек. Айта кетейік, Еуропада өткен спорт додаларына байланысты ҚХЛ мен ЖХЛ матчтары уақытша тоқтатылған болатын. Италияның Трентино қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы студенттер Универсиадасына Қазақстанның барлық дерлік…

0
0
302