Жаңа
Өткен жылы жануарлар әлеміне браконьерлерден 2 млн теңгеден астам шығын шекті
Өткен жылы орман шаруашылығы заңнамасын бұзудың 71 фактісі тіркеліп, жауапты тұлғаларға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Рұқсатсыз ағаш кесудің салдарынан табиғатқа 700 мың теңге көлеміндегі залал келтіріліпті. Былтыр заңсыз аңшылық жасаудың 7 фактісі әшкереленген. Нәтижесінде 9 елік, бір марал мен б қабанның атылғаны анықталды. Бұдан жануарлар әлеміне 2 миллион 250 мың теңгеден астам шығын келіпті.
Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары балар үйінде кездесу өткізді
Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде жетім-балаларға сыйлықтар тапсырылып, қызықты концерттік бағдарламаларын ұсынылды. Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери мамандар даярлайтын оқу ордасының 1-3 курс курсанттары Бағанашылдағы №1 балалр үйінің футбол командасына қажетті спорт киімдері мен бейне және аудио аппаратураларын сыйға тартты. Сонымен бірге институттың көркемөнерпаздар ұжымы балаларға арнап қызықты ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Балалар алдында «Студент көктемі-2013» және «Жас ұлан» фестивалінің жеңімпаз курсанттары, институттың Көңілді тапқырлар клубы құрама командасы, ақын-курсанттар өз өнерлерін көрсетті. Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 186 ж…
М.К. Әбләзовты Ресей Федерациясы мен Украинаға экстрадициялау фактісі бойынша баспасөз ақпараты
Мұхтар Кабулович Әблязовті бірқатар қылмыстар жасады деген айыппен бірнеше мемлекеттің құқық қорғау органдары іздестіруде.
«Сен жалғыз емессің»
«Егемен Қазақстан», 10.01.2014 Қоғамы қайырымды, ортасы мейірімді болса, жетім бала да, бағусыз қарт та жалғызсырамайды. Ауыр тағдыр айналадағы жандардың шуағынан жылынып, көңіл сарайы нұрлана түседі. Маңғыстаулық өнерпаздар ел арасындағы жетімдіктен жоқ-жітіктікке душар болған балаларға қолдау көрсетуді қолға алды. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы «Сен жалғыз емессің» деп аталды. Облыстың жеті аудан, қалаларынан жиналған 7 оқушының бірі әнші болса, бірі биші, бірі спортшы, енді бірі оқу озаты. Жас өмірлеріне өнер мен білімді серік етуді мақсат тұтып, жастайынан ізгілікке ұмтылған бұл балалар ата-ана жылуынан ерте айырылғандар. – Күнделікті қым-қуыт тірлігімізде, жұмыс барысында жетім балаларды жадымыздан шығармауға тиіспіз. Ата…
«Бавария» 2013 жылы әлемнің үздік командасы атанды
Сонымен қатар команданың голкипері Мануэль Нойер 2013 жылдың үздік қақпашысы болып танылды.
Екінші орында лондондық «Челсиді» ысырған мадридтік «Реал» тұғырланды. Сонымен қатар алғашқы ондыққа «Атлетико»,«Барселона»,«Пари Сен-Жермен»,«Базель»,«Атлетико Минейро», «Тоттенхэм» және «Бенфика» командалары еніп отыр.
Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінің әлемдік рейтингісінде үздік үштікке еніп отыр
wrestling.kz порталының хабарлауынша, аталған рейтингтің үздік ондығына Қазақстанның әр салмақ дәрежелерінде тағы 7 спортшысы кірген.
55 килограмм салмақ дәрежесіндегі палуандардың ішінде Нұрсұлтан Қалмұрзаев Бакуде өткен Голден гран-при турнирінің ақтық сынында үздік атанып, нәтижесінде ФИЛА-ның жасаған рейтингісінде 9-орынға көтерілді. 60 кг салмақта Алмат Кебіспаев үздік бестікті түйіндеп тұр. Азия біріншілігінде қола медаль қанжығаға байлаған Ерулан Ысқақов 96 кг салмақ тартатын палуандар арасында үздік ондыққа енген.
Элизабет Тұрсынбаева — халықаралық турнирдің жеңімпазы!
Қаңтардың 2-сі мен 6-сы аралығында Словакияда өткен халықаралық турнирде Қазақстанның және Қызылорданың намысын қорғаған Элизабет Тұрсынбаева жеңіс туын желбіретті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәнерлеп сырғанаудан «Жаңажылдық Словакия кубогы» атты халықаралық турнирден Элизабет Тұрсынбаева сенімді ақтап шықты. 10 мемлекеттен 14 спортшы қатысқан дүбірлі додада ол чемпион атанды. Элизабет — спорт шеберлігінен үміткер, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның үш мәрте чемпионы, бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Осыған дейін жасөспірімдер арасында сынға түсіп келген жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Братиславада алғаш рет жастар арасында додаға түсті. Соған қарамастан Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды…
«Астана арландары» «Баку оттары» командасына қарсы құрамын жариялады
«Астана арландары» командасының Әзірбайжанның «Баку оттары» боксшыларына қарсы жұдырықтасатын құрамы анықталды.
Губа қаласының «Губа Олимпик» кешенінде өтетін жекпе-жек кеші 18 қаңтарға жоспарланған. Жерлестерімізден Ілияс Сүлейменов, Самат Бәшенов, Мейірім Нұрсұлтанов, Эхсан Роузбахани және Руслан Мырсатаев өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары да осал емес, деп жазады alasharena.kz.
Естеріңізге сала кетейік, «Баку оттары» командасына дейін «Астана арландары» 10 қаңтарда Польшада айқасады. Қарсыласымыз — жергілікті «Салт аттылар».
«Барыс» командасы «Торпедодан» ойсырай жеңiлдi
Астаналық «Барыс» Құрлықтық лигасының ашық бiрiншiлiгi аясында өткiзген кезектi матчта нижегородтық «Торпедо» клубынан ұтылып қалды. Нижний Новгород қаласында өткен кездесу 7:2 есебiмен мұз айдыны иелерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Торпедалықтар аталмыш ойынның 7-минутында бiрiншi болып есеп ашты. Гол авторы — Денис Паршин. Дегенмен бiрiншi айналымның соңына дейiн Талғат Жайлауов кеткен есенi қайтарып, есептi теңестiрдi. Екiншi жиырма минуттықта айдын иелерi Виталий Еремеевтiң қақпасына 4 гол салып кеттi. Оған «Барыс» тек бiр шайбамен ғана жауап қайтарды. «Торпедо» сапынан Яркко Иммоне, Сакари Салминен, Владимир Галузин пен Войтек Вольский ерекшелендi. Ал астаналықтардан Найджел Доус гол авторы атанды. Үшiншi айналымның басында Владимир Денисов қонақтарға алтыншы шайбаны салды. Осыдан кейiн «Б…


