ҚР Қорғаныс министрлігі: машиналар маршы басталды
Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес автокөліктердің үшкүндік маршы басталды. Бұл жолы автокеруен жасайтын марштың ұзақтығы екі жүз шақырымды құрайды. Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов әскери техниканың жорыққа дайындығы және маршты өткізу барысымен танысты. Жауынгерлік жорыққа 83205 әскери бөлімінің қырыққа жуық автотехникасы тартылып отыр. Шартты ауданға белгіленген уақытта келіп жеткен олар қысқа мерзім ішінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығы мен тұрмысын қамтамасыз ете алатын барлық қажетті элементтерден тұратын далалық лагерь құрды. Сонымен қатар, далалық жағдайда төрт модульді штабтық машина сынақтан өткізілді. Бұл жауынгерлік құрылғы Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде ә…


