Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Қорғаныс министрлігі: Қарулы Күштерде автоқұмарлар қоғамы құрылды

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде автоқұмарлар қоғамы құрылды. Бұл қоғам ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасын болдырмауға, жол қозғалысы Ережесі туралы білімді жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған. Талдықорған гарнизонындағы Әскери-әуе күштері Оқу орталығында әскери техникада және жеке көлікте жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде конференция өтті. Конференцияда әскери полиция отрядының қызметкерлері әскери қызметшілер арасында автокөлік жүргізудің мәдениетін арттыру, сондай-ақ жеке автокөлікті жол апатына ұрындырмау, қыс мерзімі кезінде пайдаланудың ерекшеліктері жөнінде сабақтар өткізді. Жол-көлік оқиғасының алдын алу шараларын өткізу барысында ҚР ҚК әскери бөлімдері әскери қызметшілеріне апат болған жерден фото-ж…

0
0
502

ҚР Қорғаныс министрлігіндегі жауынгерлік даярлық: әскери қызметшілер Астана маңында далалық командалық пункт өрістетті

Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері әскери техникамен марш жасады. Астана маңында Қорғаныс министрлігінің әскерилері далалық командалық пункт өрістетті. Іс-шара 2014 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарының шеңберінде өткізілді. Үш күндік маршқа ҚР Қорғаныс министрлігі астаналық бригадасының 37 машинасы қатысты. Маршрут ұзақтығы 200 шақырымды құрады. Әскери техника маршының қорытынды кезеңіне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты. - Бүгін біз Қорғаныс министрлігінің далалық командалық пунктін, оның әзірлігі мен мүмкіндіктерін тексеру үшін өрістеттік және жедел топтарымыздың жұмысын байқап көрдік, - деп ҚР ҚК Бас штаб бастығы атап өтті. Бұрын хабарланғандай, автомобильдер маршын орынд…

0
0
582

Алматы Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің мерейтойын кеңінен атап өтпек

ҚазАқпарат, 10.01.2014 Биыл ұлттық мәдениетіміздің көрнекті қайраткері, еліміздің кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің (1904-1973) туғанына 110 жыл толады. Осыған орай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы бірқатар шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды. Атап айтқанда, 17 қаңтар күні 1957 жылдан бастап қылқалам шебері тұрып, жұмыс істеген үйде Ә.Қастеев мұражайы ашылады. Онда Қазақстанның кәсіби қылқалам шеберлерінің бірінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін бейнефильмдер, суреттер, құжаттар, шығармаларының көшірмелері қойылған. Мұражай келушілерге талантты суретшінің көптеген туындылары салынған шеберханасында да болу мүмкіншілігін қарастырып отыр. Айта кетерлігі, мұражай Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұра…

0
0
490

«Барыстың» хоккейшілері ҚХЛ жұлдыздарының кездесуінде көзге түсті

ҚХЛ жұлдыздарының кездесуінде

Братиславада «ҚХЛ-дың барлық жұлдыздарының» матчында «Батыс» командасы 18:16 есебімен «Шығыс» құрамасынан басым түсті.

«Шығыс» командасы сапында елордалық «Барыстың» екі бірдей ойыншысы өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Олар — шабуылшылар Брэндон Боченски мен Талғат Жайлауов. Екеуі де мергендіктерімен көзге түсті. Жайлауов ойынның басында шайба енгізген болса, Боченски екінші және үшінші кезеңдерде қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Бұл командалардың капитандары Илья Ковальчук («Батыс») және Сергей Мозякин («Шығыс») болды.

0
0
277

Жансая Әбдімәлік әйгілі Анатолий Карповтан айласын асырды

Жансая Әбдімәлік Анатолий Карпов

Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аталмыш шараға әлемдегі ең танымал шахматшылардың бірі Анатолий Карпов қатысты.

Ашылу салтанатынан кейін Карпов пен Әбдімәлік өзара төрт партия ойнады. Соның екеуінде атақты спортшының мерейі үстем болса, бір ойын тең аяқталды, тағы бір ойында Жансая азулы қарсыласынан айласын асыра алды.
Атап өтейік, Анатолий Карпов 12-ші әлем чемпионы. 1970 жылдан бері халықаралық гроссмейстер. Ол әлем чемпионаттарында 1975, 1978 және 1981 жылдары үш мәрте, ФИДЕ аясындағы әлем чемпионаттарында үш рет (1993, 1996, 1998 жылдары) жеңіске жеткен.

0
0
418

«Жұлдыздар матчы» Астанада өтуі мүмкін

Талғат Жайлауов

2016-2017 жылы Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздар матчын қабылдауға өтініш жасалды.

Құрлықтық хоккей лигасының «Жұлдыздар матчын» Астанада өткізуге  «Барыс» командасының мұзайдынын салған соң мүмкін болмақ. Оның құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс. 10 мың жанкүйерге арналған спорт сарайының құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Құрылыс аяқталған соң, «Барыс» 2015-2016 жылғы маусымды жаңа аренада өткізеді. «2016-2017 жылы «Жұлдыздар матчын» өткізуге клуб жетекшілері өтінішті жасады», — деп мәлімдеді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Александр Медведев.

0
0
310

Юлия Галышева могулдан Әлем кубогы кезеңінде екінші орынды иеленді

Юлия Галышева

Әйелдер арасындағы могул жарысынан Әлем Кубогының үшінші кезеңі АҚШ-та өтті, деп хабарлайды Sport.kz.

Бірінші орынды американдық Ханна Кирни жеңіп алды, ал екінші орын қазақстандық Юлия Галышеваға бұйырса, үшінші орын иегері Канаданың өкілі Максим Дюфур-Лапуан атанды.

Қазақстанның тағы бір спортшысы Дарья Рыбалова 28-орынға табан тіреді.

0
0
344

«Алтын допты» марапаттау кешіне Роналду отбасымен бірге барады

Криштиану Роналду
Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доп» иегерін марапаттайтын салтанатты кешке отбасымен баратын болды.

Әлем асыға күткен кешке футболшы анасы, ағасы мен екі әпкесін ертіп барады. Футбол тарихындағы бұл кешке отбасымен келген алғашқы футболшы болмақ, деп жазады allsport-news.com.
Еске сала кетейік, «Алтын доптың» иегері бүгін Цюрихте белгілі болады.

0
0
332

Тосумен болдым-ау жолыңды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тосумен болдым-ау жолыңды,

Баса алмай қинаған, сағымды.

Неліктен сынадың, бағымды?

Әттең-ай, өртедің жанымды.

 

Сен едің, мен үшін серігім,

Бар бақыт, тек саған тілегім.

Сүйемін, деп соғады жүрегім,

Әттең-ай, сен едің керегім.

 

Сенбеспін, енді мен басқаға,

Үреймен қараймын, жасқана.

Қалдың-ау сынап, тағыда,

Әттең-ай, басқа жағада.

0
1
379