«Астана» ЦСКА-дан ұтылды
«Астана» командасы ВТБ лигасының матчында Мәскеудің ЦСКА-на есе жіберді — 69:88,
деп хабарлады Sports.kz.
12 ұпайдан жинаған «Астана» құрамындағы Джерри Джонс пен Брион Раш үздіктер қатарынан орын алды. Ал Янис Блумс — 10, Оласени Лавле, Дмитрий Климов пен Пэт Калатес 8 ұпайдан, Андрия Жижич — 5, Анатолий Колесников — 4, Бранко-Цветкович 2 ұпайдан жинады.
18 қаңтар күні «Астана» Самарада «Красные Крыльямен» кездеседі.
ВТБ бірыңғай лигасы. Жүйелі чемпионат. 11-ші тур.
«Астана» (Астана, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 69:88 (20:24, 14:18, 18:22).

