Ақмола полицейлері РФ Мәскеу облысында 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.
Ақмолалық полицейлер РФ Мәскеу облысында кісі өлтіргені үшін 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.Бұл туралы Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Айыпталушы Көкшетау қаласында 1999 жылы жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 96-бабы (кісі өлімі) бойынша іздестіруде болған.1999 жылы 6 шілдеде айыпталушы Көкшетау қаласының соңғы аялдамадағы диспетчерлік пунктінде шала таныс Көкшетау қаласының 36 жасар тұрғынымен спирттік ішімдік ішіп, артынан оны соққыға жығады, қару ретінде тұрмыстық затты пайдаланған.Алған жарақаттардың нәтижесінде жәбірленуші сол жерде жан тапсырады, ал күдікті қылмыс орнын суытып үлгереді.1999 жылдың 20 шілдесінде 28 жасар күдіктіге сырттай айып тағылып, «Тұтқындау» шарасы мақұлданады. Қылмыскерге мемлекетаралық іздеу жарияланып, іс қозғалды.Ақмола облысы ІІД КПБ қызметкерлері РФ Мәскеу облысы Солнечногорск қаласына барды, олар Ресей Федерациясындағы әріптестерімен бірлесіп айыпталушыны ұстады, оны Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы Солнечногорск ауданы бойынша бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыскер экстрадацияланып, Көкшетау қаласындағы тергеу изоляторына әкелінді.
