Мазмұнға өту

Жаңа

Әлем Кубогы: Қазақстандық Юлия Галышева — фристайл спорты бойынша 5 орында

Юлия Галышева

Америкадағы Лэйп Плэсидте могулдан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл кезеңде 23.90 көрсеткішімен канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан топ жарды. Американдық Хайди Клозер (23.50) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті АҚШ өкілі могул спорты бойынша әйелдердің көшбасшысы Ханна Кирни (23.13) тұйықтады.

Қазақстандық Юлия Галышеваға 5 орын бұйырды.

Әлем Кубогы есебінде Галышева 180 ұпаймен 6 орынға тұрақтады. Ал 40 ұпайға ие болған оның отандасы Дарья Рыбалова 25 сатыға орналасты.

0
0
328

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті өмірден өтті

Хосе Сулейман

WBC басшысы Хосе Сулейман өмірден өтті, деп хабарлады lenta.ru.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Хосе Сулейман Лос-Анджелестің ауруханасында 83 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Сулейманның ұлы Маурисионың айтуынша, бокс ұйымының жетекшісі ұзаққа созылған сырқатқа шалдыққан. Кардиологиялық ауруға байланысты ол өмірінің соңғы айларын ауруханада өткізген.

WBC ұйымы жетекшілерінің қазасы жайлы ақпаратты растап, Сулейманды «бокстың әкесі» деп атады.

0
0
355

«Барыс» хоккейшілері хорватиялық «Медвешчактан» тағы ұтылды

«Барыс» хоккейшілері хорватиялық «Медвешчактан» тағы ұтылды
Елорданың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының кезекті матчында хорватиялық «Медвешчак» командасына жол берді.

Астанада 1:3 есебімен аяқталған матчта Загреб хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Голдарды қонақтар сапынан Мэтт Эллисон мен Шарль Лингле (дубль) салса, «Барыс» құрамынан Роман Старченко көзге түсті.

Айта кетейік, маусым басында екі команда кездескен болатын. Ол кезде де 1:2 есебімен хорватиялық команда жеңіске жеткен.

Дегенмен, бұл жеңіліс «Барыс» командасы үшін маңызды болған жоқ. Себебі астаналық ұжым Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығып қойған болатын.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
213

Патриотизм – қазіргі заманғы Отан қорғаушының рухани өзегі

Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міне, осы басымдықты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында негізгі деп айқындады. Ол Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының, елімізде әзірленіп жатқан жаңа заңның бастапқы негізі болды. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қоғамды «жарқын болашаққа бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге» шақырды. Бұл ретте мемлекеттің және ұлт өмірінің нормасы патриотизм мен дәстүр рухы, бірлік пен сайыскерлік рухы болуы тиіс. Әрбір адам осы жасампаз рух оның өмірінің бір бөлігі болуы үшін қолынан келгеннің барлығын жасауы тиіс. Күшті кәсіби армиясыз қуатты Қазақстан бола алмайды. 2014 жылғы Қарулы Күштердің жауынгерлік ұра…

0
0
4640

«Қазақстан дауысы» атануға кім лайықты?

Оны анықтау тек Сіздің қолыңызда! «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 19 қаңтар күні сағат 21:35-те тікелей эфирде «Қазақстан дауысы» жобасының ақтық сыны! Төрт үміткердің өнерін бұл жолы тек көрермен бағалайды. <strong><strong><br /></strong></strong> Бірнеше айға созылған ән бәйгесіне еліміздің әр өңірінен небір күміс көмей әнші қатысты. Жобаның төрт тәлімгері осы таланттардың арасынан нағыз дарындыларды өз тобына іріктеп алды. 12 қаңтарда тікелей эфир кезінде әр топтан 8 үміткер өнер көрсетті. Нұрлан Албанның тобынан Шахаризат Сейдахмет тәлімгерінен 60 пайыз дауыс алып, көрермен көп дауыс берген Таңатты басып озды. Ал Алмас Кішкенбаевтың тобынан тәлімгердің 60 пайыз дауысын алған Тимур Омаров ортақ қорытынды бойынша 104,5 пайыз…

3
6
1811

Азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді бастады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Биыл 1997 жылы туған жасөспірімдер әскер қатарына шақырылу жасына дейінгілердің есебіне алынатын болады. Жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтеді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар беріледі. Олар онда әскерге шақырылу жасына дейін денсаулықтарын түзете алады. Сонымен қатар әскерге шақыру пункттеріне тіркеу барысында жастар арасында әскери оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендерге түсіндіру,…

0
0
596

Жамбыл облысының Қаржы полициясы ірі көлемдегі темекі өнімдерін ұстады

Жамбыл облысының Қаржы полициясы департаменті заңсыз кәсiпкерлiк фактісі бойынша аз-т Т-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, 2013 жылғы желтоқсанда Қаржы полициясы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы үйлердің бірінде «Мерседес-Бенц» автокөлігінде «Беломор канал» – 500 дана, «Bond» – 2 300 дана, «Imperial Classic» – 3 000 дана, «West» – 500 дана, «Esse» – 500 дана, «Sobranie» – 1 000 дана, «LD» - 1 000 дана, «Sovereign» – 5 000 дана акцизделетін тауар өнімдерін ұстады. Жамбыл облысы бойынша сот сараптамасы институтының сот - тауарлық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ұсталған акцизделетін тауар өнімдерінің бағасы 2 млн. теңгеден астам ақша-қаражатты құрайды. Аталған азамат табылған акцизделетін тауар өнімдері арқылы,…

0
0
574

2020 жылға дейін Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды құрайды – Н. Қаппаров

Стратегия Казахстан 2050 2020 жылға қарсы Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды, ал 2050 жылы 30 пайызды құрауы керек. Бұл туралы «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энерго өндіру» тақырыбында өткен семинарда Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Астана қаласы16 Қаңтар, 11:01 «Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда энергияның баламалы көздерінің ресурсы, гидро, ветро және күн энергетикасы жылына 1 трлн КВс-тан жоғары болып есептеледі», – деді министр. Стратегия Казахстан 2050 2020 жылға қарсы Қазақстандағы баламалы энергия көзінің үлесі 3 пайызды, ал 2050 жылы 30 пайызды құрауы керек. Бұл туралы «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энерго өндіру» тақырыбында өткен семинарда Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімде…

0
0
836

2015 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10% төмендету жоспарланған

Стратегия Казахстан 2050 Қазақстанда 2015 жылға қарай ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10%, 2025 жылы 25% төмендету жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты семинарда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. Астана қаласы16 Қаңтар, 11:16 «Қазіргі таңда Қазақстан ЖІӨ-нің энергожұмсалуы Ресей мен Беларуське қарағанда бір жарым есеге артық. Ал АҚШ, Жапония секілді дамыған елдерден біздің көрсеткіш 5-7 есеге артық», – деді Н.Қаппаров. Стратегия Казахстан 2050 Қазақстанда 2015 жылға қарай ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10%, 2025 жылы 25% төмендету жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты семинарда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.Астана қаласы16…

0
0
334