Еліміздегі 2013 жылдың 12 айындағы қылмыстылық ахуалы туралы
1. 2013 жылы қылмыстық қудалау органдары қылмыстар мен оқиғалар туралы 2 230 320 (2 003 733) өтінішті (хабарлама) қарады, ол 2012 жылға қарағанда 11,3%-ға көп.
2. 2013 жылы 359 844(287 681) қылмыс тіркелген, ол былтырғы жылдың осындай кезеңіне қарағанда 25,1%-ға көп.
Қазақстанның барлық өңірлерінде қылмыстық қудалау органдарында тіркелген қылмыстардың өсуі байқалады.
