Мазмұнға өту

Жаңа

2015 жылға қарай Қазақстанда ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10% төмендету жоспарланған

Стратегия Казахстан 2050 Қазақстанда 2015 жылға қарай ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10%, 2025 жылы 25% төмендету жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты семинарда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. Астана қаласы16 Қаңтар, 11:16 «Қазіргі таңда Қазақстан ЖІӨ-нің энергожұмсалуы Ресей мен Беларуське қарағанда бір жарым есеге артық. Ал АҚШ, Жапония секілді дамыған елдерден біздің көрсеткіш 5-7 есеге артық», – деді Н.Қаппаров. Стратегия Казахстан 2050 Қазақстанда 2015 жылға қарай ЖІӨ-де энергияның жұмсалуын 10%, 2025 жылы 25% төмендету жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін «Жасыл» экономика: энерготиімділік пен энергияны жұмсау» атты семинарда ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.Астана қаласы16…

0
0
334

Мәңгілік махаббат жыры

Егемен Қазақстан, 16.01.2014 Орыс композиторы С.Про­кофьев­ті шабыттандырған У.Шек­спирдің «Ромео мен Джу­лет­та» атты шығармасы әлем жұртының рухани қазынасына айналған ғажап дүние. Иә, бұл У.Шекспирдің мұңды махаббат жыры. «Махаббат» атты ғажап сезімнің иесі болған екі жастың өмірі. Бұл шығарма ХХ ғасырда әлем театрларында көп қойылған балеттің бірі. Балет алғаш рет Қазақстан сахнасында Ю.Григоровичтің қойылымында Абай атындағы академиялық опера және балет театрында іске асты. Енді осы балет елордадағы «Астана Опера» театрында қойылып, көрерменді дүр сілкіндірді. Бұл балетті әр кезеңде Джон Крэнко, Кеннет Макмиллан және Рудольф Нуриев қойған еді. Ал осы жолғы спектакльді белгілі балетмейстер Шарль Жюд қойды. Джульеттаны орындаған Гауһар Усина шығармашылығы пісіп, жетілген қандай болсын…

0
0
1104

Зарина Дияс үшінші айналымға шықты!

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңазеландиялық, тегі югославиялық Марина Эраковичпен кездесіп, оны 6:4 және 6:0 есебімен екі партияда ұтты.

Сөйтіп рейтингте 167-інші орында тұрған жиырма жасар Зарина өзінен әлдеқайда тәжірибелі, әлемнің 52-інші ракеткасы болып саналатын М.Эраковичті жеңіп, қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет Австралия біріншілігінің үшінші айналымына шықты. Енді З.Дияс американдық Варвара Лепченко немесе Румыния елінің жас жарық жұлдызы Симона Халептің біреуімен кортқа шығады.
Аталмыш чемпионатта Қазақстанның тағы бір үміті Галина Воскобоева осы сәтте испаниялық Карла Суарес-Наварромен күш сынасуда. Есеп тең — 6:7 және 6:3, қазір үшінші, шешуші партия ойналуда.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
299

Головкиннің 2 нокауты 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді

Геннадий Головкин
WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 2 нокауты TheTrueChamp.Com порталы түзген 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Дүниежүзілік рейтингтің ең басында Головкин мен Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жек тұр. Есте болса, біздің боксшы үшінші раундта қарсыласын бауырынан ұрып, бүк түсірген еді. Ауыр соққыдан есеңгіреген британдық бірнеше минут ес жия алмай қалған болатын.
Головкиннің жапондық Нобухиро Ишидоны сұлатқан келесі нокауты аталған рейтинг үштігін қорытындылап тұр. Қазақстан спортшысы бұл жекпе-жегін де үшінші раунда аятаған болатын.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
194

УЕФА-ның жыл командасына Месси кірмей қалды

УЕФА сайты 2013 жылдың қорытындысын жариялады. Символдық құрама сайт оқырмандарының таңдауы бойынша жасалған. УЕФА-ның жыл командасына «Баварияның» төрт, «Реалдың» үш ойыншысы кірді. Роналду сегізінші рет символдық құрамадан табылды. Бұл рекорд. Өкініштісі, Месси биылғы тізімде жоқ. Мессиден бөлек, УЕФА жыл командасына «Барселона» ойыншыларының бірде бірі енбеген, деп жазады alaman.kz. Дауыс беруге 6.2 миллион адам қатысқан. Қақпашы: Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»); Қорғаушылар: Давид Алаба (Австрия, «Бавария»), Филипп Лам (Германия, «Бавария»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Тиаго Силва (Бразилия, «Пари Сен-Жермен»); Жартылай қорғаушылар: Гарет Бейл (Уэльс, «Реал»), Франк Рибери (Франция, «Бавария»), Марко Ройс (Германия, «Боруссия» Дортмунд), Месут Озил (Германия, «Арсенал»); Шабуы…

0
0
293

Қазақстан жастар құрамасы Украина командасын жеңді

Бұл күнді Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынынөткізіп жатқан футболдан Қазақстан жастар құрамасы Украинаның»Говерла» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан жастар құрамасы – «Говерла» (Украина) 4:2 (1:2) Голдар: Фильчаков (2), Исламхан, Лунин – Трухин (2) Қазақстан (U-21): Павлов, Шмидт, Рудосельский, Пасичник, Сартаков, Сыдықбек, Узденов, Ли, Исламхан, Жаңғылышбай, Фильчаков. Екінші таймда алаңға мына футболшылар шықты: Грек, Құнов, Аслан, Хайруллин, Аллаяров, Таласбаев, Дәулетханов, Оқасов, Лунин. 14.01.2014, ж. Сиде (Түркия), «Көк су» стадионы Литвалық маман Саулюс Ширмялис баптайтын Қазақстан жастар құрамасықаңтардың 24-і мен ақпанның 2-сі аралығында Ресейдің Санкт-Петербургқаласында өтетін «Достастық кубогы — 2014″ турниріне қатыспақ.…

0
0
374

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ: «Baku fires» командасын 3:2 есебімен жеңеміз»

«Астана арландары» Әзірбайжанда «Баку оттарын» 3:2 есебімен жеңеміз деп отыр. Команданың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков 18 қаңтар күні Губада өтетін кездесуде бес жігіттің үшеуі жеңіске жетуі тиіс дейді. — Әзірбайжанға команда 17 қаңтар күні ұшады. Мықты құрам бара жатыр. Самат Бәшенов пен Руслан Мырсатаев осы жобада әбден ысылған жігіттер. Эхсан Роузбахани де қазір бабына келді. Мейірім Нұрсұлтанов жас та болса, көзі от шашып тұрған жігіт. Қалай жұдырықтасатынын Ресей құрамасымен болған айқаста көрдіңіздер. Ал Ілияс Сүлейменов командаға енді ғана қосылғаныменәуесқой бокста тәжірибесі зор. Осы боксшылар намысты қолдан бермес деп ойлаймын. Дегенмен, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дейді ғой. Әзірбайжандықтар өз жерінде жеңіске жету үшін бәрін жасауы мүмкін. Тіпті, төрешілерді де өздерінеқаратып…

0
0
559

“Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды...

Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша оқу-әдістемелік құралдардың Республикалық сырттай байқауының өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасы орта білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің мұғалімдері және қызметкерлері шақырылады. Жастар жетістіктері” альтернативті білім беру орталығы” Қоғамдық Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, “Шеврон” компаниясының қаржылық қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру және оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша оқу-әдістемел…

0
0
2143

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында діни экстремизм мәселесі талқыланды.Қазақстан Қарулы Күштерінің курсанттары мен офицерлері еліміздегі діни жағдайды және терроризмге қарсы тұру шаралары жөнінде лекция тыңдады.

Сабақты Алматы қаласы Діни істер жөніндегі департаментінің өкілдері ұйымдастырды.

Сабақ барысында  әскери қызметшілер діни экстремизм мәселелерінің түйінін ашатын деректі фидьмдер көрді, сондай-ақ өздерін толғандыратын сұрақтарға  толыққанды жауаптар ала алды.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда діни экстремизм мен радикальді ұйымдар  қазіргі коғамда өзекті  мәселелердің бірі. Экстремистік ұйымдардың қызметі негізінен діни тұрғыда адамдарды жауластыру, қарсы қою болып табылады,-деп атап өтті  шараны ұйымдастырушылар.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
378

Қара домбыраны қасиет тұтқан жан

Айқын, 13.01.2014 Дәстүрлі әнші, термеші, домбыра жасау шебері, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Ә.Қашаубаев атындағы конкурстың дипломанты Әбдікәрім Мәметұлы Зұлынов – қазақ өнерінің дамуына қолынан келген үлесін қосып жүрген зиялы азамат. Өнерге бай Семей өлкесінде туып-өскен Әбдікәрімнің әкесі совхоздың бас шопаны болып еңбек еткен. Өнерлі өлкеде туып, оның үстіне қойшының баласы болған соң, кең далада әрі оңашада жүріп ән салмау, әнге құштар болмау мүмкін емес. Әкесіне көмекші шопан болып жүретін Балтабай, Болат деген азаматтардың домбыра шерткеніне, ән айт­қан­дарына қарап, өзі де бала күнінен ән жат­тап, оңашада неше түрлі күй төгілткен. Қазақ радиосына құлағын төсеп, биік өнерге құлаш сермеген. Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекеев, Ғарифолла Құр­манғали…

0
0
1303